Discover
Тіл кеспек жоқ

39 Episodes
Reverse
2021 жылдан бастап Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ала алады. Яғни оны шешіп алып керек-жарағына жаратуға болады. Алайда оны барлық адам емес, зейнетақы есепшотындағы сома “жеткілікті шектен” асқандар ала алады. Бүгінгі шығарылымда осы тақырып аясында және “жеткілікті шек” деген не, ол қаражатты қайда жұмсауға болады деген тақырыпта сөз қозғайтын боламыз.
Кеше Тоқаев халыққа кезекті жолдауын жолдады. Алдыңғы жолдауындағы сөздері тағы қайталанды - себебі оның көбі орындалмаған. Сонымен қатар, қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін өсіруді, зейнетақы қорындағы қаражатты алу мүмкіндігі туралы және жаңадан құрылуы керек агенттіктер туралы айтты. Бүгінгі шығарылымда осы тақыптар аясында және оның жолдау барысында айтқан сөздері қаншалықты рас екендігі туралы сөз қозғайтын боламыз.
1 қыркүйек — маңызды күн. Біріншіден, жаңа оқу жылы басталса, екінші маңызды нәрсе — Тоқаевтың кезекті жолдауы. Президенттің не айтары белгісіз, алайда бір жыл бұрын не нәрсеге уәде бергенін еске түсіретін кез келді. Жалпы 50 уәде берген, біз ең маңыздыларын таңдап алдық. Одан баска көп оқушының қажет техникаға қолжетімсізділігі әрі білім саласының дайындығы қынжылтады. Ал шенеуніктер болса “мұқтаж отбасыларды қамтамасыз етеміз” деп құр деректер келтіруде. Дәл қазір ата-ананы балам техникасыз,интернетсіз қалай оқиды деген сұрақ әлі де мазалайды. Ал президент жыл сайынғы жолдауын айтады. Бұл жолы не айтары белгісіз, алайда бұл уақытқа дейін жолдауында айтқан уәделері орындалып-орынлалмағанын шолып өтуді жөн көрдік. Бүгінгі шығарылымда мектептерде оқу қалай өтеді, сондай-ақ уәде етілген техниканың беріліп-берілмегендігі және Тоқаевтың уәделері туралы сөз қозғайтын боламыз.
Депутаттар таң қалдырудан жалықпайды. Nur Otan депутаты Бекболат Тілеуханның “намаз оқығанда қарғайтын адамдар тізімі” бар екен. Ол тізімде қызметтестері емес, өзіне сын айтушы қарапайым адамдар. Мысалы “пандемия кезінде халыққа көмектеспеді, оралманарға қол ұшын созбады” деп пост арнаған журналист Серік Боқанды қара тізіміне қосып, кешірім сұратты. Бүгінгі шығарылымда сол туралы, шағын және орта бизнестің Тоқаевқа үндеуі және вакцина туралы сөз қозғайтын боламыз.
Кеше Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды деп хабарланды. Оған да отбасының барлық мүшесіне секілді үлкен мансап пен жоғары лауазым дайын тұрған болатын. Алайда ол отбасылық жанжалдарға тап болып, өз отбасының тұтқынына айналды. Әсіресе соңғы жылдары ерекше белсенді болып, отбасында көп дау тудырды: есірткіге тәуелді екенін айтқан уақыттан бастап, Назарбаевтың немересі емес, ұлымын деп астарлап айтқанынан өз отбасының жауына айналды. Бүгінгі шығарылымда Назарбаевтар отбасының осы бір түсініксіз тұсы мен Беларусьтегі жағдайдың оған не қатысы бар екені туралы сөз қозғайтын боламыз.










