DiscoverАристократ
Аристократ
Claim Ownership

Аристократ

Author: APF

Subscribed: 0Played: 0
Share

Description

Пікірсайыс әлемі туралы сөз қозғайтын алғашқы подкаст!
12 Episodes
Reverse
АПФ Жыл қорытындысы Барлықтарыңызға қайырлы күн құрметті тыңдармандар. Бүгін АПФ тың құрылып, жұмыс істеп бастағанына 1 жыл 9 ай болды және барлығымызға оңайға түспеген 2020 ның аяқталуы, подкастымызда осы және басқада заттар жайлы сөз козғағымыз келеді. 1) 2020 да АПФ не істеді? 2) Келесі семестрда не болады? Дебат қайта өз қалпына келе ала ма? 3) Пікірсайыстың дамуының жолдары
4 ай өтті соңғы шығарылымнан және дебат әлемінде осы уақыт арасында көптеген жаңалықтар шықты. Барлық болған жаңалықтарды олар: - Подкаст әлі тірі ма? - Дебаттағы болған оффлайн турнирлар - РУМЦДО??? - Тіркеу не болып жатыр? - Келесі президент кім?
AntiDEBATE - пікірсайысшылардың подкаст проекті. Ұйымдастырушы клуб - ENERGO DC. Жүргізуші: Аралбаев Рамазан https://www.instagram.com/romekee Қонақтар: Өтеп Жібек, Жәкен Нұрхан https://www.instagram.com/otepzhibek https://www.instagram.com/zhakennurkhan Біздің ДЕБЮТ! Критикаға дайынбыз)
АПО - Ақтөбе Пікірталас Орталығы Қайырлы күн құрметті тыңдармандар, сіздерге кезекті «Аристократ» подкастын ұсынамыз. Біз подкастарымыздың келесі шығарылымдарын аймақтардағы пікірсайысшыларға арнағымыз келеді. Бүгінгі біздің қонағымыз Ақтөбе Пікірсайыс Орталығының мүшесі Ақнұр ханым. Шығарылымда: -Батыс пікірсайысының жалпы жағадайы қазір қандай? -Ақтөбелік пікірсайысшылар неге Алматы/Астанаға аз келеді? -Кумир, еңбексіңірген және кішігірм диктатор. Азамат мырзаның Ақтөбе пікірсайысына әсері қаншалықты? -Неге аймақ аралық негативтер көп болды? Осы және де басқа тақырып жайлы төменде тыңдай аласыз.
Қайырлы кеш құрметті тыңдармандар, «Аристократ» подкастының 7-шығарылымын қабыл алыңыздар. Бүгінгі біздің қонағымыз СДУ дебат клубының аға буыны, Қазақстан Пікірсайыс Федерациясының негізін қалушы және оның қазіргі президенті Болат Бұхарбай. Естеріңізде болса ҚПФ өткен жылдың күзінде ашылған болатын, сол кезден бастап адамдардың көкейінде көптеген сұрақтар туындады. Сол ойларды біз Болат мырзамен ашық талқыладық. Қысқаша: -ҚПФ-тың ашылуындағы ең басты мақсат қандай? -Болат мырзаның одан алатын пайдасы не? -Құрылғанына 1 жылдай болғанымен неге көзге көрінетін жұмыстары аз? -Жекелеген піріксайыс клубатыран ҚПФ не бере алады? -ҚПФ үкіметтік болып дебат әлеміне цензура алып келмей ма?
Подкастты бастағаннан бері бізді алаңдатып жүрген бір басты проблема ол фидбек мәселесі болды. Осы проблеманы шешу үшін біз жаңа телеграм канал ашқан болатынбыз. Қалай телеграмдағы канал аудиторияның белсенділігін арттыра алады? Осы және де басқа подкастпен, АПФ-тың қазіргі жұмысымен байланысты жаңалықтарды осы шығарылымда біле аласыздар! Шығарылымда: - Подкаст командасы, олар кімдер? - Командада болуы үшін арнайы кастингтен өткуі керек па? Керек емес болса, қалай адам командаға кіре алады. - АПФ пен АПА бірігіп ашқан жаңа Телеграм канал, не үшін оны аштық, мақсаты қандай және одан біз нені күтеміз. - Төрешілік Манифест туралы видео не үшін шықпай қалды
Қайырлы кеш, құрметті тыңдармандар! Сіздерге «Аристократ» подкастының кезекті 5-шығарылымын ұсынамыз. Бүгін бізде қонақта өз ойларымен бөліскен ТЭО ның аға буыны Нұрсұлтан Нұрсипат және "Зиялы қазақ" пікірсайыс клубының аға буыны Керімбек Нұрбосын мырзалар. Барлығымыз байқағандай 4-курс және одан үлкен аға буындарымызға белгілі бір агрессия бар, бірақ пікірсайыстың ары қарайғы даму сатысы сол кісілердің телевиденияға шығуы және көпке танылуы. Осы және басқада факторларды ескере отырып АПФ қолдауымен бөлек "Түлектер Ассоциациясын" ашу ойымызда бар. Подкастымызда бұл идеяны біраз талқыладық. Шығарылымда: -Пікірсайыстан кету қиын ба? Не үшін бұл ортада көп қалуға болмайды? -Неге пікірсайыс КТА сияқты танымал емес? Оны сондай деңгейге көтеру үшін не істеу керек? -Пікірсайысшылардың деңгейін көтері үшін бұрынғыдай клуб аралық қақтығыстар болуы міндетті ма? -Түлектер лигасы ашылса аға буындарымыз келе ме? Олардың келуі үшін не мотивация болуы мүмкін?
Жаңа төрешілік ережелері қалай пайда болды? Ол қаншалықты дәрежеде толық қанды? Неге осындай қысқа-нұсқа видео ретінде ереже шығару қажет болды? Осы және басқада сұрақтарды кезекті подкастымызда Энерго дебат клубының аға буыны Айгерім Бершімбекова және Президент дебат клубының аға буыны Алихан Бектлеуов пен талқыладық. Шығарылымда: -Неге төрешілік соншалықты маңызды -Турнирларда отвод қабылдай бастасақ не болады -Төрешілік проблемасын шешу жолдары -Төреші болу жекелей сізге не пайда береді
АПФ қандай мақсатта құрылды? Өткен бір жыл уақытта федерацияның жасаған жұмыстары және болашақта қандай мақсаттарға қол жетпек және Ең маңыздысы Төрешілік Ортақ ережелерімен не болып жатыр? Осы сұрақтарға жауап беруге келген АПФ Президенті Бек Мейр. Подкастты жүргізген: Узбекалиев Кенбай, Мантай Асхат. Монтаж үшін алғыс білдіреміз: Узбекалиев Кенбай Шығарылымда: - АПФ-тың басты мақсаттары, қалай құрылды және оның болуы әлі актуалды ма? - Төрешілік, оның ортақ ережесін ойлап табу мүмкін бе? Мүмкін болса не үшін бұғанға дейін ол әлі жоқ. - Дебат ойнау, төрешілік, турнир сапасы неге түсіп жатыр? - Қарарлардың проблемасы. - АПФ-тың жиналыстары қалай өтеді, структурасы жайлы
Координатор деген кім? Оның мақсаты қандай болу керек? Шығатын қиыншылықтарды қандай тәсілмен шешуге болады? Және координатор болу керек па? Осы сұрақтарға жауап табу үшін Узбекалиев Кенбай подкастқа қонақ ретінде келесі адамдарды шақырды: СДУ Дебат, Алтын Сапа және Сириус дебат клубтарының ЭКС-Координаторлары Кеңесов Ғалымжан, Өмірзақ Нұрдәулет, Ерғали Инкаров. Шығарылымда: - Координатор болу адамға деген қандай пайда алып келеді - Жыл басында қандай қиыншылықтарды шешу керек - Клубтағы, буын арасында Компромисстерге келу - Аға буындарды немесе өз идеяларыңды жүзеге асыру, қайсысы дұрыс? - Клубтағы барлық адамдарға ұнайтын шешім қабылдау мүмкін бе? Осы және т.б.
Қарсы алыңыздар! Бірінші шығарылымда қатысқан: Узбекалиев Кенбай, Нұртас Күздеубаев, Асылхан Андашов! Шығарылымда: - Соңғы болған жаңалық - Неге Дебат ТВ-да, Ғаламторда жоқ, болса бірінші қадам қандай болмақ? - Микстейптің уақыты келді немесе оны әлі тірілтуге болады ма? - Астана мен Алматының ойнау стилі
Пилоттық шығарылымда қатысқан қонақтар: Узбекалиев Кенбай, Мырзатай Жансерік, Амина Калембай және де жүргізушіміз: Мантай Асхат! Шығарылымда: - Соңғы болған жаңалықтар - Онлайн турнирлардың проблемасы - Пікірсайыстағы бар өзекті мәселелердің себебі және оны қалай шешу керек жолдары - АПФ Премьер-министрінің жаңа оқу жылдағы жоспары - Қазақ лигасының Төрешілік жүйесі және т.б.
Comments 
Download from Google Play
Download from App Store