Болашакер

Бұл подкаст шекара асып, шетелде білім алуды көздеген барша жандарға арналады. Бұл жерден ағылшын тілін үйренудің тиімді жолдары, шетелдік стипендияны қалай іздеу керек, университетті қалай таңдау керек, жалпы өзге елде білім алуға қалай дайындалған жөн секілді сұрақтармен қатар түрлі халықаралық грант иегерлері өздерінің білім сапарын баяндайтын болады. Подкастты "Болашақ" түлегі жүргізеді.

2. Ағылшын тілін қалай және неге үйренген жөн?

Алғашқы эпизодтан сіздер болашакерлердің тіл үйрену тәсілін, қандай қателікке бой алдырғанын, одан қандай сабақ алғанын, нәтижеге жету үшін қандай амал қолданғанын естіп білесіздер. Сондай-ақ жылына жүздеген жасқа тіл үйретіп жүрген полиглоттың сіздерге айтар арнайы кеңесі бар. Instagram  https://www.instagram.com/p/CFKg796lmGG/?igshid=7j1cn9lykdie 

09-23
19:25

1. "Болашакердің" алғашқы қадамы

"Көз-қорқақ, қол батыр". Бұл даналық подкаст бастағалы отырған мен үшін де, шетелде оқимын деп бел буған сіз үшін де өте маңызды. Ендеше осы жолды бірге жүріп өтуге қалай қарайсыз?

09-12
01:32

Recommend Channels