
Author:
Subscribed: 0Played: 0Subscribe
Share
Description
Episodes
Reverse
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 10-эпизодында психолог Сая Бақимова тыңдарманнан келген сауалдарға жауап берді. Бұл эпизодта оларды мазалаған "Балаларымды көп ұрамын, не істесем болады", "Ата-анамның екеуі де арақ ішеді, қалай қойдыра аламын", "Бастаған ісім өнбейді, TikTok-та көп отырамын, қалай қоямын", "Жаңа ортаға барсам, сөйлей алмай қаламын, не істеймін?" деген сауалдарды кеңірек талқыладық. Эпизодты Азаттық сайтынан, YouTube-тегі арнамыздан я Apple Podcasts, Google Podcasts платформаларынан тыңдай аласыздар.
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 9-эпизодында психолог, гештальт-терапевт Гүлзат Асановамен жақынынан айырылғандағы ауыр қазаны еңсеру тақырыбын талқыладық. Басқа түскен қайғыны қалай еңсереміз? Қайғыдан ішқұса болып кетпеу үшін не істей аламыз? Жақынынан айырылған соң туыстар бір-біріне қалай қолдау көрсетуі керек? Баласынан айырылған ата-ана қайғыдан қалай оңала алады? Эпизодты Азаттық сайтынан, YouTube-тегі арнамыздан я Apple Podcasts, Google Podcasts платформаларынан тыңдай аласыз.
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 8-эпизодында психология магистрі Гауһар Қапашевамен бірге шамадан тыс қорқыныш пен үрей тақырыбын талқыладық. Адам өз бойын билеген қорқыныш пен үрейді қалай жеңе алады? Үрей мен қорқыныш көп болса, өмірімізге қалай әсер етеді? Бала есейгенде қорқыныш пен үрейі басым болмау үшін не істеуі керек? Адам баласы өлім мен дерттен не үшін қорқады? Жалғыз қалудан қорқудың астарында не жатыр? Міне, осы сауалдарға психологтен жауап алдық. Эпизодты Азаттық сайтынан, YouTube-тегі арнамыздан я Apple Podcasts, Google Podcasts платформаларынан тыңдай аласыз.
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 7-эпизодында кәсіби психолог Гүлнұр Сапаровамен адамның жеке шекарасы жайлы әңгіме өрбіттік. Адам жеке шекарасын қалай қорғайды? Адам жеке шекарасы бұзылғанда қалай әрекет етуі керек? Адамның жеке шекарасын кім бұза алады? Баланың жеке шекарасын қалай қалыптастыра аламыз? Міне, осы сауалдарға жауап іздедік. Эпизодты Азаттық сайтынан, Youtube арнамыздан я Apple podcast, Google podcast платформасынан тыңдай аласыз.
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 6-эпизодында практик психолог Дина Байділдаевамен "адамның өз-өзін бағалауы" (самооценка) жайлы әңгіме өрбіттік. Бұл эпизодта "адамның өзін-өзі бағалауы деген не?", "адамның өзін-өзі бағалауы қалай қалыптасады?", "адам өзін бағалауы төмен болса өмірге қалай әсер етеді?", "адам өз бағасын қалай көтере алады?" деген сауалдарға жауап іздедік. Эпизодты Youtube арнамыздан я Apple podcast, Google podcast платформасынан да тыңдай аласыз.
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 5-эпизодында практик психолог Жанат Қалиевпен "психологиялық тұрғыдан есейген адам деген кім?", "адам балалықтан ересек өмірге қалай өтеді?", "адам дене сезімі мен ішкі сезімін қалай сезінуі керек?", "эмоцияны тану қаншалықты маңызды?" деген сауалдарға жауап іздедік. Эпизодта айтылған негізгі ойларды қысқаша ұсынамыз. Ал эпизодттың толық нұсқасын Азаттық сайтынан, Youtube арнамыздан я Apple podcast платформасынан тыңдай аласыз.
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 4-эпизодында практик психолог Назигүл Темірғалиевамен бірге бала тәрбиесі туралы сөз қозғадық. Психологиялық тұрғыдан мықты адам болу үшін баланы қалай тәрбиелеу керек? Баланы ұрудың зияндары қандай? Баланы ата-әжесінің тәрбиесіне беруге бола ма? Балаңыз ұялы телефонда көп отырса не істеу керек? Бала тәрбиесінің алтын ережелері қандай? Міне осы сауалдарға жауап іздедік. Эпизодта айтылған негізгі ойларды қысқаша ұсынамыз. Ал эпизодттың толық нұсқасын Азаттық сайтынан, Youtube арнамыздан я Apple podcast платформасынан тыңдай аласыз.
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының үшінші эпизодында өкпе-реніштің адам өміріне әсерін талқыладық. Өкпе-реніш адам өміріне қалай әсер етеді? Өкпе-реніштен қалай арыламыз? Өкпе-реніштен арылсақ өміріміз жеңілдей ме? Ата-анаға деген өкпе ренішті қалай кешіреміз? Бұл сауалдарға 21 жылдық тәжірибесі бар гештальт терапевт, практик психолог Ләззат Нұрпейісова жауап береді. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек. Подкасты Apple Podcast, Spotify платформаларынан да тыңдай аласыз.
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының екінші эпизодында психологиядағы ең маңызды әрі кейінгі кезде көп айтылып жүрген "бала кезде алған жан жарасы" мәселесін қозғадық. Балалық шақта алған жан жарасы деген не? Ол есейгенде адам өміріне қалай әсер етеді? Бұл психожарақатты қалай емдейміз? Бұл сауалдарды осы мәселемен жұмыс істеп жүрген психолог Ақзипа Сердалиевамен талқыладық. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек.
Подкасты Apple Podcast, Spotify платформаларынан да тыңдай аласыз.
Азаттықта жаңа жоба. Сіздің назарыңызға "Жаншипа" психологиялық подкастын ұсынамыз. Азаттық психологиялық подкасты не үшін бастап отыр? Қазақстан суицид бойынша әлемде ондыққа енетіні, елде ажырасу да көбейіп кеткені жайлы жиі айтылады. Психолог мамандар адамның ішкі жан дүниесін реттейтін, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектесетін бірден-бір құрал психология дейді. Демек подкастымызда бала тәрбиесі бастап отбасындағы қарым-қатынас, жүрек тыныштығы, жан-дүниедегі гармония, суицидті алдын алу, депрессия, стресс, уайым сияқты тақырыптардың бәрін қозғаймыз. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек.
"Жаншипа" подкастының алғашқы эпизодында жалпы психология тақырыбы қозғадық. Психологқа бару ұят па? Психологқа қай кезде бару керек? Психология адамға қалай көмектеседі? Осы сауалдарға психоаналитик, психоаналитик, Халықаралық психоанализ қауымдастығының мүшесі Жұлдыз Төлеу жауап берді.