Discover
OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС
OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС
Author: Ainel Amirkhan
Subscribed: 168Played: 5,477Subscribe
Share
© 861072
Description
OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын.
Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел Әмірхан
Телеграм - https://t.me/oydetox
Инстаграм - @ainelkai
Қандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған [email protected] электрондық поштасына хабарласа аласыздар.
Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел Әмірхан
Телеграм - https://t.me/oydetox
Инстаграм - @ainelkai
Қандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған [email protected] электрондық поштасына хабарласа аласыздар.
Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
110 Episodes
Reverse
2023 жылдың алғашқы эпизодын өте маңызды тақырыптардың бірі - білім беру саласына арнап отырмыз. Мен Teach For Qazaqstan қорының басшысы Гүлнара Салменмен білімдегі теңсіздік, балалар кедейлігі ұғымы және Teach For All, Teach For Qazaqstan бастамаларының пайдасы туралы сөйлестім.
Сондай-ақ, Гүлнар ұстаздарға, педагогика факультетінің соңғы курс студенттері мен магистрантарына, басқа салада істейтін, бірақ ұстаз болуды армандап жүрген барлық жанға арналған байқау туралы айтып берді.
Егер:
- қазір сіз мұғалім болып жұмыс істеп, бірақ жаңа мүмкіндіктерді қарастырып жүрсеңіз,
- педагогика мамандығы бойынша оқып жүрген 4 курс студенті болсаңыз,
- басқа салада істеп, бірақ осы уақытқа дейін мұғалім болуды армандап жүрген жан болсаңыз,
онда 15 ақпанға дейін жалғасатын байқауға сұранымды толтырып жіберіңіз! Толық ақпаратты эпизодтан және Teach For Qazaqstan парақшасынан таба аласыздар! Ал сұранымды мына жерден жүктей аласыздар.
Teach For Kazakhstan - Teach For All жаһандық қозғалысының бөлігі. Бүгінде жоба 60 елде жұмыс істейді. Teach For Qazaqstan мақсаты - еліміздің түкпір-түкпіріндегі балаларға сапалы білім алуға көмектесу, білімдегі теңсіздікті жою.
Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта тамашалай аласыздар. Подкастқа сілтеме - https://youtu.be/E4oyWs9My5k
OY-DETOX-ты қолдау:
Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Қонақтарым Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда отбасылық жұп, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Абай жолы», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалдарының бірі режиссері, бірі продюсері. Мұрат пен Айсәулені әңгімеге тартып, тарихи сериалдарды түсіру барысы, ұлт зиялыларының өнегесі, мемлекеттік тапсырыс, ішкі цензура және бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері туралы сөйлестім.
Эпизодты YouTube арнамнан тамашалап, подкаст қосымшаларынан тыңдай аласыздар! Ал, көріп, таңдағаннан гөрі оқығанды қаласаңыз, әңгімеміздің бір парасын Forbes.kz сайтынан таба аласыздар!
Таймкод
00:00 - кіріспе
01:04 - эпизод қонақтары режиссері Мұрат Есжан мен продюсер Айсәуле Әбілдамен таныстыру
04:05 - мемлекеттік тапсырыс, «Хабар», Qazaqstan арналарымен жұмыс істеу барысы, ішкі цензура мен ұлттық идеология
09:00 - «Міржақып. Оян, Қазақ» сериалының туу барысы, актриса Зарина Кармен мен аудио-визуал ұрпақ
11:06 - Ғайнижамал образы неге ашылмады?
15:02 - Гүлнар Міржақыпқызы, Ахмет Байтұрсыновтың жары Бәдрисафа апай мен патриархал құндылықтардың сарқыншағы
19:55 - тәуелсіздік үшін күрес, автономия, Алаш зиялылары мен тарихи шындық
29:57 - Алаш зиялыларының ұрпағы болу қандай? Самырат Кәкішев, Айман Байсалова, Гүлнар Міржақыпқызы
35:37 - бүгінде кіммен сұхбаттасып қалған дұрыс деп ойлайсыздар?
39:30 - Бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері, Таңшолпан бағдарламасы, продюсер айлығы
40:30 - отбасылық Dream Project пен болашақ жоспарлары
48:09 - Мұрат пен Айсәуле үйде не үшін ұрысады?
01:08:08 - кино нарығы, комедия түсіру ойлары мен өзіңді-өзің мақтауға қысылу синдромы
"Міржақып. Оян, қазақ" сериалын көру - https://www.youtube.com/watch?v=Itv4FFNKG_c
Әйнел Әмірханның инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/
OY-DETOX-ты қолдау:
Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Бұл эпизод Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды.
OY-DETOX командасы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
OY-DETOX қонағы - дінтанушы Асылтай Тасболат. Біз дінтану ғылымы, ислам құқығы, орамал дауы мен исламдағы әйел орны туралы сөйлестік.
- Дінтанушы деген кім?
- Қазіргі ислам ақыл-ойы дегеніміз не?
- Исламда әйелдің орны қандай?
- Ислам модернизмі дегеніміз не?
- Бүгінгі орамал дауының себебі қандай? Осы және өзге да сұрақтарға жауапты эпизодтан таба аласыздар.
Асылтай Тасболаттың Инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/assyltay_tasbolat/
TEDxAstana-дағы сөзі - https://www.youtube.com/watch?v=ZcZ1H4lMofs
Бұл эпизод Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды.
OY-DETOX командасы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Түрлі салада бой көрсетіп, маңызды қызметке араласып жатқан әйелдерді табуға болады. Десек те, билікте, шешім қабылдау құрылымдарында әйелдердің үлес салмағы аз. Оның себебі не? Саясатта әйелдердің аз болуына біздің менталитет, тәрбие, салт-дәстүрдің әсері бар ма? Әлде тасада қалу әйелдердің өз шешімі ме?
Осы туралы "Тасадағы әйелдер" жобасы аясында дайындалған "Әйел және саясат" шығарылымында ой тарқатып, мәселенің мән-жайын түсінуге тырысып көрейік.
Тасадағы әйелдер - OY-DETOX арнасында айына бір рет Internews Kazakhstan қорының қолдауымен шығып тұратын арнайы жоба. Жобаға Әйнел Әмірханның бірнеше жыл бұрын оқыған британдық журналист Кэролайн Криадо Перестің «Invisible Women: Exposing Data Bias in a World Designed for Men» ( Көзге көрінбейтін әйелдер. Неге біз еркектерге ғана ыңғайлы әлемде өмір сүреміз) атты гендерлік мәліметтерге негізделген кітабы арқау болды.
#ӘйнелӘмірхан #OYDETOX #АлияАхметова #женскийбизнес
Второй эпизод OY-DETOX на русском языке с Алией Ахметовой, основательницей отечественного бренда Hey, Baby.
Мы поговорили
- о великих казахстанских женщинах и о том, почему мы так мало о них знаем;
- о том, что значит быть мамой сегодня;
- о женском и мужском бизнесе;
- о важности женской поддержки и о многом другом.
Инстаграм Алии - https://www.instagram.com/_aliya_akhmetova/
Инстаграм бренда Hey, Baby - https://www.instagram.com/heybaby.kz/
смотрите эпизод на моем YouTube-канале и слушайте на всех подкаст платформах.
Данный эпизод стал возможным благодаря помощи американского народа, оказанной через Агентство США по международному развитию (USAID) и было подготовлено OY-DETOX в рамках Центральноазиатской программы MediaCAMP, реализуемой Internews при финансовой поддержке USAID. Команда OY-DETOX несет ответственность за его содержание, которое не обязательно отражает позицию USAID, или Правительства США, или Internews.






