DiscoverЖаңалықтар
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Author: Qazaq Radiolary

Subscribed: 3Played: 95
Share

Description

Ел ішіндегі және халықаралық аренадағы күннің маңызды ақпараттары. Қазақстан жаңалықтары. Валюта бағамы. Ауа райы. «Қазақ радиолары» ЖШС Жаңалықтар қызметі.
98 Episodes
Reverse
  Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Астық туралы» заң жобасын мақұлдады. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, пандемияға байланысты көптеген мемлекеттер шектеу режимдерін енгізіп, сауда-экономикалық байланыстар азайды. Осыған сәйкес, Нұрлан Нығматулин астық мәселесі-бірінші кезектегі әлеуметтік сұрақ екеніне назар аударып, заң жобасында қаралған астық қорларын сақтауды мемлекеттік қамтамасыз ету, осы саладағы оператордың мәртебесін анықтау туралы […]
  Елдімекендерді газдандыруды белсенді түрде жалғастыру керек. Мұндай тапсырманы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин берді. «Биылғы жылдың қорытындысы бойынша ел тұрғындарын газдандыру көрсеткіші 53 пайыз деңгейінде болады деп жоспарланған, 10 млнға жуық адам табиғи газға қолжеткізбек», – деді Үкімет басшысы. Оның айтуынша, 2025 жылы газдандыру деңгейі 60 пайызға жетіп, 2120 елді мекен немесе 11,7 […]
  Пандемияға қарамастан, Қарағанды облысында экспорттық әлеуеті мол инвестициялық жобалар, жаңа өндіріс орындары жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды. «Қарағанды облысына жұмыс сапарым барысында «Сарыарқа» АЭА мен «YDD CORPORATION» ЖШС ферроқорытпа зауыты секілді бірқатар нысанды аралап көрдім. Пандемияға қарамастан өңірде экспорттық әлеуеті мол инвестициялық жобалар, жаңа өндіріс орындары жүзеге асырылып жатыр», […]
  Елімізде коронавирус жұқтырған 214 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 29 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – деп хабарлайды ДСМ. 22 қарашадағы мәлімет бойынша 11 191 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 614 бала бар. Стационарларда 3 165 науқас жатыр. 8 026 адам амбулаториялық жағдайда […]
  Сыртқы факторлардың ықпалына және пандемияның таралуын шектеу шараларына қарамастан, Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталып отыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты. «Жыл басынан бері облыс экономикасын дамытуға 547 млрд теңге инвестиция салынды. 24 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан аспайды», – Даниал Ахметов. *** […]
Ақ жол партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Мемлекеттік бағдарламаны дұрыс орындамаған әкім қатаң сөгіс алды. Жұқа мұз үстінде балық аулаған балықшы бір өлімнен аман қалды.   «Ақ жол» демократиялық партиясының XVI сайлауалды құрылтайында партияның сайлауалды бағдарлама жобасы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Партия төрағасы Азат Перуашев бағдарламадағы ең негізгі басымдық – Тәуелсіздік және Алаш ұлттық идеясы екенін […]
426 млн детей в мире проживали в прошлом году в зонах вооруженных конфликтов. ВОЗ назвала популярный антиковидный препарат неэффективным. Обладателем Букеровской премии по литературе стал дебютный роман.   791 казахстанец заболел коронавирусом за сутки. Больше всего инфицированных в Восточно-Казахстанской области – 242, Алматы – 91 и по 85 пациентов в Северо-Казахстанской и Павлодарской областях. Число […]
  Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми орталықтың негізгі бағыттары мен оны дамытудың басымдықтары жайында баяндалды. Ахметқал Медеу Президентке институттың су қауіпсіздігін, табиғи қатерлерді, экология мен картография бағыттарындағы зерттеу жұмыстары туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы Арал теңізі, […]
  Елдегі саяси және қоғамдық күштер халық бірлігін нығайту жөнінде меморандум қабылдағаны дұрыс. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Ол меморандумды дайындауымыз керек. Ассамблея осы бастаманы қолға алса, дұрыс болар еді. Бірлік, келісім, теңдік – біздің негізгі принциптеріміз. Оларды қорғауға барлығымыз күш салуымыз […]
  Алматыда театрлардың жұмысына рұқсат берілді. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған. «Мәдени нысандарда әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек. Сондай-ақ, санитарлық-дезинфекциялық режим, желдету және ауаны баптау жүйелері үздіксіз жұмыс істеп тұруы тиіс. Сондай-ақ, бүгіннен бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, діни объектілердің қызметіне рұқсат берілді. *** 2021 жылдан бастап Қазақстандағы жоғары оқу […]
  Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Техникалық реттеу» туралы заң жобасын мақұлдады. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, жаңа заң жобасы қазақстандық нарықты сапасыз тауарлардан қорғауға бағытталған. Атап айтқанда, мемлекеттік бақылау өнімді өткізу сатысында ғана емес, оны еліміздің аумағына кіргенге дейін жүргізетін болады. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, бұл тұтынушыларды қауіпті тауарлардан қорғауды күшейтеді. *** Пандемия […]
  Елімізде коронавирус жұқтырған 196 адамның жағдайы нашар. Қазіргі уақытта індетке шалдыққан 7 606 адам ем қабылдауда. Олардың арасында 393 бала бар. Стационарларда 2 926 науқас жатыр. 4 680 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 196 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 28 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына […]
  «Зейнетке шығу жасы төмендетілмейді». Премьер-Министр Асқар Мамин Мәжіліс депутаттарының зейнетке шығу жасын төмендету туралы ресми сауалына осылай жауап берді. Айтуынша зейнетке шығу уақытын белгілеуде халықаралық тәжірибе негізге алынған. Оның үстіне қазіргі экономикалық ахуал мен демографиялық факторлар бұған жол бермейді, – дейді Премьер. Әрі жұмыспен қамтылған халық ішінде зейнеткерлер санының артып келе жатқанын ескерген жөн […]
  Коронавирус пандемиясы әлемдік қоғамдастық үшін қатаң сынақ болып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысында осылай деді. Қазақстан ортақ күш-жігердің «Бәрі де адам үшін» деген ізгі мақсатқа қол жеткізуге бағытталғанын аса маңызды санайды. Осы ретте «ұжымдық иммунитетіміздің» күшеюін пандемия мен басқа да жаһандық сын-қатерлерге қарсы қоюдың кепілі, […]
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады. Мұнай және газ жер қойнауы учаскелері онлайн-аукцион арқылы сатылады. Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды. Ауаны ластап жатқан зауыттарға салынатын айыппұл көлемі өседі. Елордада жаңа көпір салынады. Алматы облысында карантин күшейтіледі. Алаяқтар «Еңбек» бағдарламасына жалған құжат тапсырып, мемлекетке шығын келтірген. Данияр Елеусінов UFC чемпиондарымен дайындық өткізді. […]
  Ресей тарапының бастамасы бойынша Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Әңгімелесу барысында ағымдағы жылы өтетін екіжақты және көпжақты іс-шаралардың күн тәртібі қаралды. М. Тілеуберді әріптесін БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық бірлестіктер қызметінің өзекті бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымы туралы хабардар етті. […]
  ШҚО-да ПТР анықтамасы жоқ мыңға жуық жолаушы жолынан қалған. Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуасақ Байғабыловтың мәліметінше, бір аптаның ішінде шығыс өңірден ПТР тест анықтамасы жоқ 891 адам пойыз бен ұшаққа жіберілмеген. Тарқата айтқанда, Қазақстанның басқа аймақтарына ПТР-тест анықтамасы болмағандықтан Шығыс Қазақстаннан 104 адам әуежайдан қайтарылды. Ал тиісті қағазы бар 2960 жолаушы ұшаққа отырғызылды. […]
  Бүгіннен бастап Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңа карантиндік шектеу шаралары енгізілді. Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында карантин шаралары күшейтілді. Петропавл қаласының периметрі бойынша 5 блокбекет қойылды. Сонымен қатар, Қостанай облысында да карантин шаралары қайта күшейді. Бүгін өңірде 12 санитарлық бекет орнатылды. Ол аумақтарға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы барды. Оның айтуынша, соңғы күндері облыста […]
  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденді жеңісімен құттықтады. «Джо Байден мырзаны АҚШ президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтаймын. Біздің елдеріміз арасындағы өзара қызығушылық тудыратын салалардағы жемісті ынтымақтастыққа үміт артамыз», – деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында. *** Премьер-Министр Асқар Мамин, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен […]
Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2021 жылы жаңа Су кодексін және «Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы» Заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларды шешу перспективалары» тақырыбындағы Сенаттағы үкіметтік сағатта хабарлады. «2021 жылға жаңа Су кодексінің және «Гидротехникалық құрылыстардың […]
loading
Comments 
Download from Google Play
Download from App Store