Discover
Narikbi LIVE
Narikbi LIVE
Author: Narikbi Maksut
Subscribed: 7,509Played: 66,105Subscribe
Share
© Copyright 2020 All rights reserved.
Description
Қазақстан жастарының рухани, интеллектуалды дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкаст. Жетістікке жеткен адамдардың лайфхактарын тыңдап, бірге өс!
”Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен қайратың екі жақтап”!
”Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен қайратың екі жақтап”!
144 Episodes
Reverse
Бұл подкаст қонағы CORNELI және Crinzo киім брендінің негізін қалаушысы Жандос Қонақбаев. Кәсіпкерлік жолын Алматыда студент болып чехол сатып бастаған Жандос, кезінде Астанаға келіп, такси жүргізуге дейін барған. Алайда кейін өзінің премиалды киім брендін ашты. Қаңтар оқиғасы кезінде дүкені тоналды. Бірақ қайта тұрды.
Әңгіме барысында оның жолы туралы — нөлден бастап, қалай бренд құрғаны, қандай қателер жібергені, неге Қазақстаннан әлемдік бренд әлі шықпай тұрғаны туралы ашық айтты.
Стиль деген не? Киім адамға қалай энергия береді? Кәсіпкер болу үшін қандай қасиет керек? Осы сұрақтардың бәріне жауап табасыз.
Маған өзіме қатты ұнаған бөлігі — компаниядағы адамдардың өсуі туралы айтқан жері. Сирек естисің мұндайды.
Түсірілімге көмек берген Sham мектебіне алғысымызды білдіреміз: https://www.instagram.com/sham.mektep/
Zhandos: https://www.instagram.com/zhandos_konakbaev/
Corneli: https://www.instagram.com/corneli_official/
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi/
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
⏱ Тайм-кодтар:
00:00 Тизер
01:30 Кәсіптік жолы қалай басталды?
08:39 Астанаға көшіп, такси жүргізушісі болдым
18:14 Киім адамға қалай энергия береді?
32:10 Түркияда болған оқиғалар
39:10 Қаңтар оқиғасы кезіндегі тонау
47:00 Неге Қазақстаннан әлемдік бренд шықпайды?
52:00 Нағыз кәсіпкер қандай болу керек?
01:00:00 Түріктер неге жұмыс істеуден бас тартты?
01:11:10 Компаниядағы адамдардың өсуінің маңыздылығы
01:22:20 CORNELI брендінің мақсаты
01:29:30 БЛИЦ!
01:37:00 Ең алғашқы қадам қандай болу керек?
Бүгінгі қонағым — психофизиолог Абдрашит Түлкібай.
Біраздан бері осы тақырыпта әңгіме жазғым келіп жүр еді — гормондар, ми, мінез. Себебі бұл нәрселер бәрімізге қатысты, бірақ көбіміз бұған терең үңіле бермейміз.
Серотонин, дофамин, кортизол деген сөздерді жиі естиміз. Бірақ олар шын мәнінде не?
Мида қалай жұмыс істейді? Көңіл-күйімізді, шешімдерімізді, тіпті мінезімізді қалай басқарады? Үрей қайдан туады? Скроллинг неге миды шаршатады? Осындай сұрақтардың бәріне Абдраши аса қарапайым, түсінікті тілмен жауап берді.
Маған әсіресе ұнағаны — әңгіме теориядан тым алыс кеткен жоқ. Күнделікті өмірге, өзімізге қатысты тұстары көп. Тыңдап отырып, өзім туралы көп нәрсенің көзі ашылғандай болды.
Abdrashit: https://www.instagram.com/abdrashitt
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Тайм-кодтар ⬇️
00:00 Тизер
01:00 Подкасттан кейін жұмысымды қазақ тіліне ауыстырдым
06:00 Гормон дегеніміз не және оның түрлері
09:00 Серотонин гормонының жұмыс істеу жүйесі
11:00 Дофаминнің мидағы қызметі
16:35 Мидың құрылымы
20:00 Адам бойындағы үрей
27:30 Өзімізді қалай қинаймыз?
30:20 Тамақты ләззатпен ішу керек пе?
33:00 Скроллинг неге және қалай зиян?
39:00 Ми мен гормондар туралы жиі қойылатын сұрақтар
50:00 Мидың энергиясын қалай сақтау керек?
01:00:00 Адам мінезіне шолу
01:06:00 Нәтижеге жету үшін миға себеп керек пе?
01:12:45 Тестті қалай дұрыс тапсырамыз?
01:17:00 Нарикбидің ми құрылымы
01:24:00 Адамның 8 түрлі формасы
01:25:20 Абдрашит бүгін неден қорқады?
inVision U-ға түсу: https://www.invisionu.education/kz/apply?utm_source=narikbi_maksut&utm_medium=affiliate&utm_campaign=open_call_announcement_partnership_290426
Иран — биылғы жылы тек Таяу Шығыс емес, бүкіл әлем назарын өзіне аударған ел. Бірақ біз бұл ел туралы не білеміз? Парсы өркениеті, шиизм, аятолла билігі, имамдар ілімі, қазақ тіліндегі парсы сөздері, әзербайжандар тағдыры, шекарадағы оқиғалар... — осының бәрі айналамызда айтылса да, көбіне мифтер мен үстірт пікірлер арқылы жетеді.
Сол себепті бұл шығарылымға белгілі теолог, ғалым Асқар Сабдинді қонаққа шақырдық. Ағамызбен бірге Иранның тарихы мен бүгінін, парсы халқының ұлттық кодын, шиизмнің ішкі қыр-сырын және ислам әлеміндегі бүгінгі ұстанымын талқылаймыз.
Егер сіз:
— Иран мен парсы өркениеті туралы тереңірек білгіңіз келсе,
— шиизм мен сүннизмнің айырмашылығын түсінгіңіз келсе,
— қазақ пен парсы арасындағы тарихи-мәдени байланысты ұғынғыңыз келсе —
бұл подкаст сізге арналған.
00:00 Тизер
01:34 Иран елін жаңа қырынан тану
05:00 Батырлар жыры және тарихи мұра
06:22 Қазақ сөздерінің парсы тілінен шығуы
10:00 Парсы халқының ұлттық коды
20:40 Парсы мәдениеті
28:32 Шиизмнің тарихы және таралуы
39:30 Шиизмде пайғамбарлар қателеспей ме?
42:10 Алғашқы 12 имам
48:30 Мемлекетті кім басқарады?
54:00 Қиямет күнінің белгілері
59:17 Намаз оқудағы ерекшеліктер
01:04:00 Ирандағы әзербайжандықтар
01:06:44 «Біз кімге дұға етеміз?»
01:08:10 Шекарада болған оқиға
01:12:40 Ислам әлемінде қай ел алға шықты?
01:19:00 Қазақ жастарына кеңес
Бүгін Narikbi LIVE подкастында — белгілі стендап-комик Талғат Тынымбай. Оның әзілдеріндегі стиль бөлек, ал «Талғатпен сұхбат» жобасы қазақ ютубындағы ең ерекше контенттің бірі екені сөзсіз.
Бұл шығарылымда Талғаттың сахнаға қалай келгенін, интроверттердің ішкі әлемін және неге көп жұлдыздардың жабық болатынын талқыладық. Қосыңыз, өте қызық әрі шынайы әңгіме болды!
Talgat: https://instagram.com/talgat_tynymbai
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
Тайм-код:
00:00 Тизердің берекесі кетті
01:40 Қонақта — Талғат Тынымбай
09:00 Интроверттік қасиет қалай байқалды?
13:00 Stand-up сахнасына қалай келді?
20:00 Әзіл арқылы кез келген мәселені жеткізуге бола ма?
26:00 Әзілқойлардың отбасылық проблемаларды әзілге айналдыруы
31:00 Сахнада айтылмайтын тақырыптар
38:00 Материал қалай жазылады?
41:00 Неге жұлдыздар жабық болады?
46:00 Ағылшын тілін үйрену қаншалықты қиын?
51:00 Gallup тестін тапсырсам, өзімді шектеп қоямын ба?
58:00 «Талғатпен сұхбат» жобасы
01:01:00 ТОП-5 қонақ
01:04:00 Ең үлкен хейт кімге келеді?
01:08:00 Абсурд әзіл бізде қалай дамып жатыр?
01:11:00 10 жылдан кейінгі Талғат Тынымбай
01:13:00 Қазақ комиктерінің әзілдері
01:22:00 БЛИЦ!
Бүгінгі қонағымыз ICF коуч - Ильяс Кунпеисов. Бұл шығарылым - біз бәріміздің басымызда бар «тұйық шеңберден» қалай шығу туралы еркін әңгіме. Егер сен де өміріңде бір қателікті қайталай беретініңді байқасаң, қала немесе жұмыс ауыстырсаң да паттерндерің (әдеттерің) өзгермей жатса, онда бұл подкаст дәл сен үшін.
- Жалқаулық — бұл жаман қасиет емес пе? Неге үнемі «энергиям таусылды» деп жүреміз?
- Отбасы — бұл «бизнес-жоба». Иә, естілуі суық шығар, бірақ неге біз бизнеске келісімшарт жазамыз да, өмірлік жарымызбен ашық сөйлесуден, рөлдерді бөлуден қашамыз? Фильмдердегі «мінсіз махаббат» туралы ертегілер бізді қалай алдап келгенін айттық.
- Өзіңнің талантыңды тап. Неге бір адамдарға көп сөйлеу оңай, ал екіншілеріне жалғыз отырып ойланған майдай жағады? Өзіңді қинауды қойып, табиғи талантыңды қалай пайдалану керек екенін түсіндік
- Қысқасы, өмірдің «бояулары» солғын тартып бара жатса, өзіңді қайта танып, бағытыңды түзеткің келсе, соңына дейін тыңда. Бұл жерде жауап іздеген адамға нақты құралдар бар
Ilyas: https://instagram.com/ilyas_kunpeisov
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
00:00 Тизер
01:10 Сахабалардың ерекше таланттары
03:00 Қонақта — Ильяс Кунпеисов
09:50 Неге Gallup тестін тапсыру маңызды?
14:45 Gallup тесті адамды қалай өзгертеді?
22:22 Адамдардың жасырын таланттары
34:00 Неге істерді кейінге қалдырамыз?
41:30 Мәтін арқылы адамдарды қалай көндіреміз?
45:00 Интроверт адамды қалай ашуға болады?
51:20 Үлкен компаниялардың негізгі проблемалары
01:00:21 Жас мамандардың жұмыс істеу формуласы
01:10:10 Google компаниясының өсу құпиясы
01:13:20 Клиенттердің жиі қоятын сұрақтары
01:29:30 Ерлі-зайыптылар — серіктес бола ала ма?
01:36:00 Коучтардың білім беру схемалары
01:40:20 Бизнес серіктесті қалай дұрыс таңдаймыз?
01:44:00 Ерлі-зайыптылар арасындағы «химия»
01:47:00 Адамдардың құндылықтарын қалай ажыратамыз?
01:56:00 Отбасы құратын адамдарға лайфхактар
02:00:00 БЛИЦ!
02:04:00 Ильястың қорқынышы








