DiscoverOZGERU KEREK
OZGERU KEREK
Claim Ownership

OZGERU KEREK

Author: Aina Dosmakhambet

Subscribed: 1,572Played: 7,759
Share

Description

"Өзгеру керек" - бұл күрделі философиялық немесе арнайы мамандандырылған тақырыптарға арналған подкаст емес. Бұл жерде әрқайсысымыздың өмірімізде кездесетін, күнделікті тұрмысымызға әсер ететін қарапайым тақырыптар талқыланады: қарым-қатынас, қаржылық сауаттылық, тұлғалық даму, бала тәрбиесі және т.б.
19 Episodes
Reverse
Невроздың тағы бір жағымсыз белгілерінің бірі - жабысқақ ойлар. Оларды ойламау да мүмкін емес. Олардан құтылу да мүмкін емес. Онда не істеу керек? Жауабы осы эпизодта.
Невроздың түрлі симтомдары бар. Алайда, ең қорқыныштысы - үрейлік шабуыл (паническая атака). Алайда, оны жеңудің бірнеше оңай тәсілдері бар. Тәсілдер оңай болғанымен, оларды орындау үшін едәуір батылдық керек. Ол қандай тәсілдер? Және үрейлік шабуылдан емделудің бірден бір шарты қандай? Оны осы эпизодтан білетін боласыздар.
Короновирус пандемиясынан кейін адамдарда уайымдышдық, паникалық шабуылдар, жабысқақ ойлар көбейіп, мазасыздық үдеп кетті. Дәрігерлер де соңғы уақытта невроз белгілері бар адамдардың көбейіп кетінін растайды. Невроз деген не? Оның қандай белігілері бар? Емделе ме? Бұл сұрақтарға осы эпизодта жауап табасыз.
Осыдан бірнеше жыл бұрын психологқа бару ұят сияқты көрінетін. Қазір қалыпты жағдайда айналғандай. Бірақ, психологтар көп. Онымен қатар психотерапевт, психиатр, психоаналитик деген мамандар да бар. Олар кім? Бір бірінен несімен ерекшеленеді? Кім қандай проблемамен айналысады? Психолог маманды таңдағанда не нәрсене мән беру керек, ал не нәрсені мүлдем маңызды емес? Бұл және басқа да сұрақтарға осы эпизодта жауап табасызЭпизодта "жақсы психологты қайдан табуға болады?" деген сұраққа жауап жоқ. Алайда, өзім білетін ресурстарды осы жерде жаза кетейін:1) таныстарыңыз арқылы2) "Таным" әлеуметтік жобасы. Инста парақшаларына сілтеме: https://www.instagram.com/tanymsocial/3) "Сезім" ресурсынан. Инста парақшаларына сілтеме: https://sez.im4) All psy сайтынан. Сайтқа сілтеме: https://www.all-psy.com
Реніш - басқа біреуді жазалау үшін өзің ішітін у сияқты: саған ғана зияңы тиіп, басқаның өміріне еш өзгеріс әкелмейді. Бұл паттернді бұзу үшін не істеу керек? Неге реніш - пассивті агрессия болып саналады? Біз біреуді ренжітіп қойсақ, қалай кешірім сұрған дұрыс? Осы эпизодта біз бұл сұрақтардың жауабын тауып көреміз.Эпизода әлеуметтік психолог, Колумбия университетінің профессоры Светлана Комиссарук кеңестері келтірілген.
loading
Comments