Qarlygash экоподкасты

Бұл подкаст - тұрмыстағы экологияны насихаттайтын жоба. Біздің аудитория - қыз-келіншектерге арналған. Өйткені әйел - отбасының тірегі. Егер үй шаруасындағы келіншек экосауатты болса, ол күйеуіне кейін балаларына экологияны сақтауды үйретеді. Қыздарға қалай экосәнді болуға, экокосметиканы қалай таңдауға болатынын біздің подкасттан біле аласыздар.

#11 Аида Алимбекова: Аспаздық блогтан экоблогқа көштім

Кезекті эпизодтың қонағы, әлеуметтік желілерде танымал экоблогер, онлайн ЭкоМектептің негізін құраушылардың бірі, экобелсенді - Аида Алимбекова. Подкаст эпизодында Аида аспаздық блогтан экоға қалай көшкенін, экоөмір сүруге не түрткі болғанын және қалай экосәнді болуға болатынын айтып берді.

02-17
06:41

#10 эпизод. Салтанат Асхатқызы: Өнім сатып алсам, өңделетін маркировкаға қараймын

Кезекті эпизодтың қонағы, instagram әлеуметтік желісіндегі eco _orta блогының авторы, экобелсенді және екі баланың анасы - Салтанат Асхатқызы. Подкаст эпизодында Салтанат қоқысты қалай сұрыптау қажет екенін түсіндіріп береді. Маркировканы қалай ажырататынын біздің подкасттан тыңдай аласыздар.

02-17
17:47

#9 эпизод. Оразай Қыдырбаев: Экология менің түсінігімде адам құқығы

Кезекті эпизодтың қонағы, Сулейман Демириель университеті, журналистика мектебінің ассистент-оқытушысы, экобелсенді - Оразай Қыдырбаев. Подкаст эпизодында Оразай экологияны адам құқығымен байланыстырып, қазақша контенттегі экология тақырыбында әңгімелестік. Сонымен қатар, Оразай эколайфхактармен бөлісіп айтып берді.

02-12
22:49

#8 эпизод. Пакизат Нұрсұлтанқызы: "Recycle бірге" жобасымен сенбілікке шығу - медитация

Кезекті эпизодтың қонағы, "Recycle бірге" жобасының негізін қалаушыларының бірі, экобелсенді Пакизат Нұрсұлтанқызы. Бұл жобаның жұмыс істеп жатқанына 1 жылдың жүзі болды. Экосенбіліктерді ұйымдастыру команда үшін медитация екен. Сонымен қатар, алдағы уақытта экосауатты арттыратын мобайл қосымша іске қосылады. Ал Пакизаттың экоөміріндегі лайфхактарды біздің подкасттан тыңдай аласыздар.

02-12
20:43

#7 эпизод. Нұрым Өмірзақов: Ауылдағы экологиялық мәселелер өзекті

Кезекті подкасттың қонағы, "Жасыл аудан" ЖСШ басшысы - Нұрым Өмірзақов. Ауылдардағы экологиялық мәселенің өзекті екені баршамызға мәлім. Нұрым Өмірзақов экологиялық мәселелердің шешімін табуды өз ауылынан бастаған. Экологиялық бағыттағы жеке кәсібін қалай бастағанын Нұрым подкастымызда айтып берді.

02-11
22:49

#6 эпизод. Ғалия Алтай: Дүкенім арқылы табиғи өнімдерді ұсынамын

Кезекті подкасттың қонағы, биотехнолог, Narine биоөнімінің амбасадоры, "Одуванчик" дүкенінің иесі, екі баланың анасы - Ғалия Алтай. Экологияның негізі - адам денсаулығын сақтау. Екі баланың анасы Ғалияның дұрыс тамақтануға қалай көшкенін, табиғи өнімдерді пайдалану туралы пайдалы ақпаратты подкастымыздан тыңдай аласыздар.

02-10
22:06

#5 эпизод. Назерке Құлжабай: Батарея жинауды әдетке айналдырдым.

Кезекті подкасттың қонағы, "Сана" орталығының негізін қалаушы, экобелсенді - Назерке Құлжабай. Қоқыстың ішіндегі ең зияны - батареяны жинауды әдетке айналдырған Назерке тұрмыстағы эколайфхактармен бөлісті. Таныстары, достары, тіпті балалары көшеде батарея тауып алса, Назеркеге береді екен. Қазір 19 литр құтыда батарея жиналып тұрғанын кейіпкеріміз подкастымызда айтып берді.

01-25
20:37

#4 эпизод. Гүлжазира Берікқызы: Ертегілерімнің мақсаты - қоршаған ортаны қорғау

Кезекті подкасттың қонағы, журналист - Гүлжазира Берікқызы. "Гүлжазираның ертегілері" атты балаларға арналған шығармалары бар. Қоршаған ортаны қорғауға, жан-жануарлар әлемін құрметтеуді үйрететін ертегілердің тілі жеңіл, айтар ойы өзекті. Подкастымызда Гүлжазира ертегілерді жазуға не түрткі болғанын айтып берді.

01-21
24:12

#3 эпизод. Әсем Қалиева: Магистрлік диссертациямды тұрмыстық қалдық мәселесіне арнадым

Кезекті подкасттың қонағы, Назарбаев университетінің магистранты, экобелсенді - Әсем Қалиева. Магистрлік диссертациясында Әсем Нұр-Сұлтандағы тұрмыстық қалдық мәселесін зерттеген. Не себепті магистрлік диссертацияға тұрмыстық қалдықты тақырыбын таңдағанын Әсем подкастымызда айтып берді.

01-21
24:57

#2 эпизод. Алмагүл Омарова: Комерциялық бағытта экоблогер болу - мақсатым емес

Кезекті подкасттың қонағы экобелсенді - Алмагүл Омарова. Instagram әлеуметтік желіде Алмагүлдің eco_astana парақшасы бар. Бір жарым жылдай парақшаны жүргізіп жүрген экобелсенді қалай блогер болғанын тыңдармандарға айтып, тұрмыстағы эколайфхактармен бөлісті,

01-21
18:17

#1 эпизод. Қош келдіңіз!

Подкастымыз таныстырудан басталады. Не себепті Qarlygash аталатынын түсіндіреді. Лилана мен Назым күнделікті өмірде қолданатын лайфхактермен бөліседі

01-18
20:37

Bella Orynbetova

Ауылда қоқыстың утилизациясы туралы ойлайтын экобелсенді бар деп ойламаппын. Өте қызық эпизод болды.

06-11 Reply

Bella Orynbetova

Тақырыбы өзекті подкаст. Хайуанаттар бағына енді бармаспын. Жүргізушілерге көп рақмет, көп пайдалы мағлұмат бердіңіз. Лилиана, дауысыңыз сенім тудыратын салмақты, салиқалы екен)

01-19 Reply

Recommend Channels