DiscoverБірінші байлық
Бірінші байлық

Бірінші байлық

Author: Qazaq Radiolary

Subscribed: 0Played: 6
Share

Description

Бұл хабар денсаулық саласына қатысты барлық түйткілді мәселелерді қозғайды. «Бірінші байлық» бағдарламасы аясында еліміздің әрбір тұрғыны, әсіресе алыс елді мекендерде тұратын тыңдаушыларымыз өз денсаулығын күтумен қатар, бүгінгі медицинаның мүмкіндіктері және дамуы хақында өткір де маңызды мәселе жайлы кең көлемде ақпарат алып отыр. Хабар 1997 жылдан эфирге шығып келеді.

Жүргізуші: Гүлбану Алпамысқызы.

Радиоарна: Қазақ радиосы.

Эфирге шығу уақыты әр дүйсенбі, сағат 10:15.
5 Episodes
Reverse
Туберкулезден халық неге қорқады? Емі қандай және неше уақытқа созылады? Халық есі көмектесе ала ма? Бұл сұрақтарға Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының өкпе хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Өмірғалиұлы мен 1 өкпе төзімді туберкулезі бөлімінің меңгерушісі Бәтес Төлеуханқызы тікелей эфирде жауап берді.
Еліміздегі нейрохирургия саласының даму қарқыны қандай? Қандай жетістігімізбен мақтана аламыз? Тікелей эфирде қолы алтын нейрохирург, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, ҚР Президенті іс басқармасының орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев осы және басқа да сауалдарға жауап берді.
Бағдарлама барысында кеуде қуысында кездесетін дерттің қалай алдын алуға болатындығы туралы Алматы қалалық 1 клиникалық ауруханасының жоғары санатты торакалды хирург, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрхат Әмірбекұлы әңгімеледі.
Бүгінде көз жанар нашарлаған жандар жаңа технология мен жабдықталған, білікті мамандармен толыққан аурухананың көмегіне жүгіне алады. Әрбір адам көзінің аға мен шарасын Аяланың, жастайымнан күніне білмедім, аурудың да ауылы алыс жүретіні аян. Бағдарлама аясында дәрігерлер тыңдаушылардың түрлі сұрақтарына жауап берді.
Бүгінде өз қалауымен қан тапсыратындар бар ма? Кімдер донор бола алады және кімдерге донор болуға рұқсат берілмейді? Бағдарлама барысында осы және басқа да сұрақтарға Алматы қалалық қан орталы бас дәрігері Жандос Нәдіров жауап берді.
Comments 
loading
Download from Google Play
Download from App Store