DiscoverӘжемнің әңгімесі
Әжемнің әңгімесі

Әжемнің әңгімесі

Author: Qazaq Radiolary

Subscribed: 4Played: 38
Share

Description

Ұлттық тәрбиенің өзегі әжелер мектебінің құндылығы дәріптеледі. Әже ұлағатымен өскен ұрпақтың пайымды парасаты тыңдаушыға жеткізіледі.

Жүргізуші: Альмира Елімсары.

Радиоарна: Қазақ радиосы.

Эфирге шығу уақыты: әр сенбі, сағат 14:20.
18 Episodes
Reverse
Хабарымыздың бүгінгі қонағы – қазақтың ақыны Ғабиден Қуанышбайұлы. Хабар әжелер институтын насихаттайды. Кейінгі ұрпаққа отбасының, ағайын – туыстың бірлігін сақтайтын тәрбиеші, әрі ақылгөйі, тілеуқоры – әжелер әңгімелері арқылы парасатты ой түйінделеді.
Хабар әжелер институтын насихаттайды. Кейінгі ұрпаққа отбасының, ағайын – туыстың бірлігін сақтайтын тәрбиеші, әрі ақылгөйі, тілеуқоры – әжелер әңгімелері арқылы парасатты ой түйінделеді. Бүгінгі хабар қонағы – Еңбек ардагері Тілеухан Мырзағалиұлы.
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант – Абай Тасболатов әже әлдиіндегі әлемімен бөліседі. Хабар әжелер институтын насихаттайды. Кейінгі ұрпаққа отбасының, ағайын – туыстың бірлігін сақтайтын тәрбиеші, әрі ақылгөйі, тілеуқоры – әжелер әңгімелері арқылы парасатты ой түйінделеді.
Қазақтың ұлттық дәстүрін бренд дәрежесіне көтеру жолында қажыр-қайратын жұмсап жүрген дизайнер, сәңгер, қолөнер шебері – Жадыра Сахиева әже әлдиіндегі әлемімен бөліседі. Хабар әжелер институтын насихаттайды. Кейінгі ұрпаққа отбасының, ағайын – туыстың бірлігін сақтайтын тәрбиеші, әрі ақылгөйі, тілеуқоры – әжелер әңгімелері арқылы парасатты ой түйінделеді.
Қазақ радиосының «Әжемнің әңгімесі» хабарында ақын әрі тарихшы Төлеген Жаманов әжесі Бәден Жүпенқызының немере бойына сіңірген тәлім-тәрбиесі жайлы айтты. «Кеңсірігімде әжем марқұмның әлі күнге дейін иісі бар. Келіншегімнің төркінінен келген төсек дүниесі бола тұра, екеуміз Қирабайдың Жаманы жамылған үлкен көрпесін әлі күнге дейін ырым ғып жамыламыз» ,- дейді әже әлдиіндегі әлемін еске алған Төлеген Жаманов. […]
Ақеділ Тойшанұлы: Атажұртпен жалғастырған тірі көпір менің әжем. Әжемнің үйден берген білімі көп дүниегеге қозғау салды, алтын көмбе болды. Осыдан 27 жыл бұрын Моңғолия қазақтары ең алғаш Қазақстанға қарай көш керуенін бастап берді. «Еңбек шарты» атты құжатқа сәйкес 1991-1992 жылдары 45 мыңнан астам қазақ атажұртқа оралды. Ақеділ Тойшанұлы «Атажұртқа» жеткен көштің басында тұрды. «Атажұртпен жалғастырған […]
Баянғали Әлімжанов: Әженің «Айналайын» деген бір ауыз сөзін естіп өскен бала мейірімді болады. Елдің, жердің, ұрпағының амандығын тілеп отыратын әзіз әжелердің көзін көріп өскен Баянғали ақын тарих пен тағылымды үлкендердің аузынан естіп өсті. «Егер, адам өз ұлтының тамырымен терең байланысып жатса, рухани қазынасы, байлығымен сусындаса жан-жақтан соққан желге қарсы тұра алады»,- дейді драматург, жазушы, жыршы-жырау […]
Әже әлдиіндегі әлем – тұнып тұрған салт дәстүр, әдет ғұрып. Әже әлдиі, қазақтың қара өлеңі әлемдегі ең әдемі ән. Ал, әже ертегісі бастан аяғына дейін халқымыздың ауыз әдебиеті. Әженің тәрбиесі –  қазақ қоғамының жазылмаған оқулығы. Жадымызға қашалған қасиетті ілім. «Әжемнің әңгімесі» хабарында Жасыл экономиканы қолдау мен G-GlobaL-ды дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов әжесінен алған […]
Қазақ поэзиясында әже бейнесін қайталанбастай сомдай білген ақындар жетіп артылады. Отбасының ғана емес, ұлттың ұйтқысы әжелер жайындағы жыр шумақтарды оқи отырып, сол ақынның әжесi сенiң де, менiң де, оның да әжесi секiлдi әсер қалдырады. «Әжемнің әңгімесі» хабарына әжесіне деген махабаты мен мархаббатын жыр арқылы жеткізіп, әнге қосқан ақын сазгер Жанайхан Мұхтар қатысты. Халық даналығында «аспанда […]
Қазақ радиосының «Әжемнің әңгімесі» хабарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Абай Тасболатов әже әлдиіндегі әлемімен бөлісті. Адам анасының бойына біткеннен пешенесіне тағдыры жазылады дейді. Бала Абайдың пешенесіне жазылғаны өзгеге ұқсамайтын ерекшелеу болды. 4 айлық сәбиді ата мен әже бауырына басады. Емшектегі баланы ала биенің сүтімен асыраймыз дейді. Бірақ… іші өтіп мазасыздана бастайды. Шырылдап жатқан немересін […]
Жазушы Тұрсын Жұртбай.
Қазақ отбасында қалыптасқан жақсы бір дәстүр, жаз шықса балаларын әже мен ата шаңырағына жібереді. Кейде тіпті ала жаздай сол жақта асыр салып ойнап, аунап қунап жақсы дем алып қайтады. Оған қоса үлкендерге қолғабыс жасап, қолдарын ұзартып, еңбекпен тәрбиеленеді. Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі Сәуле Есенбекқызы да осындай ойын баласы болған.
Ұлттық тәрбиенің өзегі әжелер мектебінің құндылығы дәріптеледі. Әже ұлағатымен өскен ұрпақтың пайымды парасаты тыңдаушыға жеткізіледі.
Әже мейірімі. Мықты мемлекет іргетасы негізін өнегелі отбасы қалыптастырады. Оның түп төркінінде әжелер академиясы жатқанын қалай ұмытайық. Түркі дүниесінің ойшылы Жүсіп Баласағұн “Кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген екен. Бүгінгі хабарымызда ата мен әже мейіріміне қанып өскен, биология ғылымдарының докторы, репродуктолог-эмбриолог Салтанат Байқошқарованың әже әлиіндегі әлеміне […]
Comments 
Download from Google Play
Download from App Store