DiscoverҚазақ радиоларының подкасттары
Қазақ радиоларының подкасттары
Claim Ownership

Қазақ радиоларының подкасттары

Author: Qazaq Radiolary

Subscribed: 3Played: 9
Share

Description

Қазақ радиоларының подкасттарын iOS, Android және Windows Phone телефондарына арналған тегін қосымшалар арқылы тыңдай аласыз.
431 Episodes
Reverse
Сәбит Мұқанов хат-қағазға мұқият болған жазушылардың бірі. Оған өз заманында ақын-жазушылар былай тұрсын, хат таныған талай қазақ хабарласып тұрған. Соның бәрін Сәбең сақтап қоятын болыпты. Бір дерекке сүйенсек.  Шәкәрімнің соңғы хаты да Сәбит Мұқановтың мұрағатынан табылған. 1931-ші жылдың  3-ші ақпанында жазылған бұл құнды хатты кейін Сәбең халық кәдесіне жаратқан екен. Кешегі қуғын-сүргін уақытта ұлт зиялыларының жазған хаттары да Сәбең арқылы бүгінгі ұрпақтың қолына тиді. Ұлттық руханияттың, қазақ өнері мен мәдениетінің қара шаңырағы - ол Қазақ радиосы. Осы ұлт үнжариясына өз заманындаең көп сұхбат берген жазушылардың бірі – Сәбит Мұханов. Сәбең бір сұхбатында салиқалы ойдың өрелі оралымдары да,  әуезді әуеннің жан тебірентер сезімтал пернесі де осында деген екен. Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Сәбит Мұқановтың дауысы «Алтын қордан» алынды.
Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін 1949-шы жылы Сталин, он жылдан соң Ленин сыйлығын алды. Қазақ сахарасында дүниеге келген талантты жазушының осындай табысқа жетуінің сыры неде? Өйткені, ол туған халқының өмірін, рухани жан-дүниесін, адал махаббатқа талпынған қасиеттерін ұлттық бояуымен, ғажайып сырлы сөзімен жеткізе білуінде.  Әуезов эпопеясынан 21-ші ғасырдағы қазақ халқының ғана емес,  бостандықты, азаттықты аңсаған әлем халқының асқақ даусын естиміз. Ұлы жазушы «Абай жолын» бірден жаза салған жоқ. Ол үнемі ізденіс үстінде болды. Тіпті алты жасында ауыл қаияларынан естіген әңгімелері де Ұлы Абайдың бейнесін сомдауға септігін тигізсе керек. Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Мұхтар Әуезовтің дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
Ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлері арасында ғасырлар бойы орныққан ортақ мүдде бар.  Оны кешегі атеистік қоғам – Кеңестер Одағы да жоя алған жоқ. Жаһандану үдерісі белең алған бүгінгі дәуірде өкінішке орай соған  сына қағып, шабуыл жасау фактілері кездесіп отыр. Мың жыл бойы халықтың өзімен бір жасасып келген, тұрмысына, санасына, болмысына сіңіп, рухымен тұтасып кеткен дінді қол жетпес күрделі дүниеге ұқсатып, қилы-қилы тәсілмен  түсіндіріп, халықтан қасақана алыстату үдерісі орын алуда. Соның, жолын бөгеу керек,-деген екен Еркеғали Рахмадиев. Халық компазиторы Еркеғали Рахмадиевтің дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
Қазақстан ғылымының дамуына зор еңбек сіңірген қайраткер тұлғалардың шоғырында Рымғали Нұрғалиевтің орны бөлек. Көрнекті әдебиет зерттеушісі, сыншы, жазушы, ғалым ағамыздың алаш қайраткерлері жүріп өткен жолға түсуі де тегіннен тегін емес. Рымғали Нұрғалиев алғаш қайраткерлерінің әрқайсына жеке-жеке тоқтап, олардың еңбегіне тереңірек үңіле білді. Олардың ұстанымын ұлықтай отырып, тың зерттеулерді жүргізді. Көрнекті әдебиет зерттеушісі, сыншы, жазушы, академик Рымғали Нұрғалиевтің дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
70 жыл қызыл империяның жетегінде жүріп, ноқталы өмір кешкен Қазақстан да өз таңдауын жасады.  Қашаннан қанымызға тән кеңпейілділік кемел істерге жетеледі білем, «Ынтымақ түбі-игілікті» жоғары қойдық. Тағдырынан тоқпақ көріп, Қазақстанға қоныс тепкен ұлт пен ұлысты да кемсіткен жоқпыз. Керісінше еліміз зайырлы мемлекет құра отырып халықтар достығының дәнекері болды. Болашақ даму жолын, қоғамдық саяси бағдарын нақтылап, этностық топтардың тең құқықты өмір сүруіне жағдай жасалуда. Ал, өзгені бауырына басу бұл қазаққа қана тән қасиет, - депті Өзбекәлі аға Жәнібеков. Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің дауысы қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
Сәкен Жүнісов прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері ретінде туған әдебиетінің өте маңызды кезеңдерін бейнелеген сүбелі шығармалар берген, халық өмірінің көркем шежіресі іспетті. Ел-жұртына кеңінен танылған, халықтың сері азаматы, қадірмен ұлы, шын мәніндегі халық жазушысы. Оның қаламынан шыққан әрбір еңбегі үнемі халықтың жүрегіне жол тауып, рухани асыл қазынасына айналып отыр. Ол әдебиет өнер шеберлерінің ішіндегі аса дарындыларының бірі екені сөзсіз. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтің дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
Ата-бабамыз аңсаған заман тәуелсіздікпен байланысты. Қазақ халқы ғасырлар бойы жоқ іздеген халық. Біздің жоғалтқанымыз, ең асылымыз тәуелсіздік еді. Оған  қол жеткіздік. Бүгінде түскен жолымыз даңғыл. Ол – тәуелсіздік даңғылы. Жалпы тәуелсіздік сапары тәуекелді керек етеді. Ал біз сол тәуекелден тартынбауымыз керек, - депті Қазақстан ұлттық ғылым Академиясының академигі Манаш Қозыбаев. Қазақстан ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ғалым Манаш Қозыбавевтың дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
Ғабең деп, өзі бір әлем дер ел құрметтеген, құдіреті күшті қаламгер, қазақ әдебиетіндегі дара тұлға Ғабит Мүсіреповтің туғанына биыл 115 жыл толды. Бүгінгі ұрпаққа өлмейтұғын сөз қалдырған алып тұлға алыстаған сайын асқақтап, арманның биік шыңына айналғандай. Ғабит Мүсірепов өзін де, өзгені де қайталамаған жазушы. Әрбір шығармасы әдебиетіміздің асу-асу белдерін, шоқтықты кезеңдерін айқындап беретін. Ғабеңнің азаматтық  тұлғасы да сан ұрпаққа үлгі.,-деп жазады қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков. Расында да, Ғабең шын тұлға еді. Ол өз болмысын өзінің парасат-пайымен жасаған адам. Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Ғабит Мүсіреповтің дауысы «Алтын қордан» алынды.
Еге білсең егін тасқа да бітеді. Ал, диқанның қазынасы-жер,-десек,  бір жылы миллиард пут астық алған Қазақстанның дала еңбеккерлері елдің ерекше қошеметіне бөленді. Қамбалар астыққа толып, бір жылға маңдай-тердің ақталғаны рас еді. Өзі де дала төсінде туып, алқаптардағы қиын жұмыстарды көзімен көріп өскен Ғафу Қайырбеков диқандар еңбегін қашанда ерлікке балайтынды. Ал, мұндай мол астық жинағанда ол өзінің шексіз қуанышын жасыра алмапты. Миллиард сөзі бүкіл бір дәуірдің, Қазақстан дамуының сипатына айналған сөз,-дегенді және қосыпты ақын аға. Расында да, ұлы далада қайнаған еңбектің арқасында қаншама кеңшарлар құрылды. Жаңа қырмандар бой көтеріп, ауылшаруашылығы мамандарын даярлайтын жаңа оқу орындары ашылды. Ауылдық жерлерде зәулім ғимараттардың ірге тасы қаланып, халықтың жер-анаға деген құрметі күшейді,-депті Ғафу Қайырбеков. Ақын Ғафу Қайырбековтің дауысы қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол – ел болу жолындағы ұлттық тәрбие. Әрине, бұл тәрбие жалаң болмауы тиіс. Өйткені, ондай тәрбие қашанда қауқарсыз. Қазіргі аумалы-төкпелі заманда қазақ жастарын тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы шарт. Сонда ғана тәрбие шынайы. Ұрпақ санасына елдік ұғымды ұялатып, ұлттық рухты сіңірсек бізді сең соқпайды. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Ендеше әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Міне, сахына саңылағы Кәукен аға Кенжетаевтың айтпақ ойы. Халық әртісі Кәукен Кенжетаевтың дауысы қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
Бүгінде төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабаларымыздың «Мәңгілік ел» мұратын жаңғырттық. Жібек жіптей жалғасқан ұрпақтар сабақтастығын қайта жалғадық. Дегенмен мұнымен малдануға болмайды. Азат­тық шын мәнінде қазақтың ұлт­тық рухы мен ерік-жігерінде жатқанын әрқайсысымз толық түсінуіміз керек,-депті Манаш Қозыбаев ағамыз. Қазақстан ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ғалым Манаш Қозыбавевтың дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
Өмір құбылыстарын қаз қалпында шынайы суреттеу жазушының табиғи талантына байланысты ғой. Бердібек Соқпақбаев – туған топырағынан жалған жазуға жоқ, өзі бастан кешкен оқиғаларды оқырмандарына жеткізе білген жазушы. «Менің атым-Қожа» повесі – Бердібек Соқпақбаевтың артына өшпес із қалдырған шығарма. Оны оқыған сайын оқи бергің келеді. Сондағы Қожаның кебір қызықты бастан кешкендері Бердібек ағаның қиыланына туған емес, шынайы жазылған. Қазіргі ұрпақ кітап оқымайтын ұрпақ. Кезінде Бердібек Соқпақбаев кітап оқымаған баланың зердесі байып, көңіл көкжиегі өспейді деген екен. Осы бір сұхбатында ол балаларды кітап оқуға шақырыпты. Соны тыңдай отырайық. Жазушының бұл ақыл-кеңесі аз да болса септігін тигізер деген ойдамыз. Жазушы Бердібек Соқпабаетың дауысы қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
Мен даланың қызы едім, Жазығында жатпайтын көз ілер қара, Жазира менің жанымның өзі де дара. Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді, Өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана,- деген Фариза ақынның өлең шумақтары өзінің өскен ортасын айқындап тұрғандай. Ол біреуге еліктеуді білмейтін, өйткені, өзінің арманы биік, ал ұстанымыз берік болды. Келешегі кемел ел ғана жастар ісіне мән береді. Сондықтан да, қазіргі уақытта жалған ұрандауды қойып, бүгінгі ұрпақты рухани өрлікке жетелеу керек,- деген екен бір сөзінде ақын Фариза Оңғарсынова.
Қазір, қазақтың арман-қиялынан туындаған аңыз-әпсаналармен ауызданатын ұрпақ жоқ,-деп қынжылыпты бір әңгімесінде халық компазиторы  Еркеғали Рахмадиев. Кітапханаларды жағалап,  көркем шығармалардың кәусарынан қанып ішпенген олардың дүниетанымы да таяз. Өмірдің бастапқы бағдарын ата-әжесінің тәрбиесінен алмаған соң, бүгінгі ұрпақ ұлт руханиятынан ажырап қалды,-дейді Еркеғали аға. Аманаттың салмағы-парыздың қасиетін, борыштың сұрауын ұрпақ бойына  дарыту. Кешегі бабалардан жалғасқан салт-дәстүрді бұзбай жеткізу-аға буын ұрпағының парызы. Ұлттық руханиятты жаңғыртуға бұқаралық ақпарат құралдары да ат салысуы керек. Шетелден оқып келген жастар алдымен ұлттық болмыстың тұғырынан таймау қажет,-депті бір сұхбатында Еркеғали Рахмадиев. Халық компазиторы Еркеғали Рахмадиевтің дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
Ғабиден Мұстафиннің жазушылық шеберлігі, ұлттық сөз өнеріндегі өзіндік орыны ешкімге талас тудырмас. Ол – барша қазақ мойындаған тіл шебері. Аз сөзге көп мағана ұйыта білген қаламгер. Ғабең еңбектері өз дәуірінің көркем шежіресі есебінде жасай бермек. Өйткені, жазушы өзіне мақсат қоя білген жан, және ұстанымы да айқын болатын. Жазушы деген сөз қалаушысы, сөз кестешісі, сөз зергері, зергер болғанда жай зергер емес, сөз арқылы адамның жан-дүниесін, сана-сезімін тәрбиелейтін зергер,-деген екен Сәкен Сейфулин. Міне дәл осы теңеу Ғабиден Мұстафиге бағытталғандай.  Ғабең бір сөзінде жазушы болу үшін  көп ізденіс керек, егер іздене білмесең  адам жанына рухани азық сыйлар жазушы сенен шықпайды депті. Жазушы Ғабиден Мұстафиннің дауысы қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
«Қазақ тілі – өзінің даласында кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Халықтың қасиеті күшті, жатық та түсінікті қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның сазындай»,-деген жоқ па жазушы Қабдош Жұмаділов. Ал, Әбділдә ағамыз болса шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім,  іштей үйлескен ырғақты аңғару қиын емес. Тыңдаушысын бірден баурап алатын осы үндестік пен әсем ырғақ қазақ тілінің сұлу сыйқырын танытып тұр,-деген екен. Жиырмасыншы жылдары тіл мәртебесін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар ана тілді – ардың өлшемі деген жоқ па.  Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша  биік шығарсың, ал өз тіліңді білу міндетің ғой. Ана тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Әбділдә Тәжібаев қос ішекті домбыра мен қобыз да  туған тілдің тілеушісі депті. Филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын-дараматург Әбділдә Тәжібаевтың дауысы қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
Тегінде қазақ әнші қыздарын бұлбұл үнге, сандуғаш сазға, бозторғай дірілге теңеген. Сыңғырлап шыққан сырлы әуеннің  әрленіп, көңілдің кіршіксіз көкжиегінде жұлдыздай жарқырайтыны ғажап. Әрине, ол үшін құлақтан кіріп, бойды алатын әнді жүрекпен ұғыну қажет. Орындаушысының оралымына қарай ажарлана түсетін ән де түрленеді, түлейді. Көңілге көлдей сезім сыйлап, сұлу дүниеге ынтық ететіні, сондықтан.  Ол әрине, әннің де, әншінің де нарқына байланысты.  Осы құбылыс Роза апамыздың әншілік әлемімен өзектес. Өзіне сөзі салмақты, ойы орамды ән таңдағын әнші қашанда бақытты. Бек сүйікті. Халық әндерін жүрекпен айту керек, әитесе тыңдаушыңның жүрегіне жетпейді,-депті Роза Бағланова. Расында да Роза апамыздың орындауындағы қандай ән болмасын ажарланып шыға келуші еді. Қазақстанның Халық Қаһарманы, әнші Роза Бағыланованың дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
Тарихтан алар тәлім мол.-депті Манаш аға.  Біз өткенімізге құрметпен қарап, болашағымызға сеніммен көз тіккен халықпыз. Әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлшегі ретінде тәуелсіз ел атану тек биік мәртебе ғана емес, сонымен қатар орасан зор жауапкершілік жүгін артатындығын да  жақсы түсінеміз. Тәуелсіздіктің арқасында қоғамдық-саяси өмірде, экономикада түбегейлі реформалар жасалды. Бүгінде Қазақстанның келешегі зор, ал, алар  асулары алыс емес.  Өйткені, біздің халықтың ниеті түзу. Жүрек  түбінде тыпыршыған тілегі - ел тыныштығы. Дегенмен, рухымыз биік болмай, еңселі ел баймыз,-депті Манаш аға. Қазақстан ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ғалым Манаш Қозыбавевтың дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
Тәуелсіздік алған жылдары көпшілік қауым Қазақстанның келешегіне күмәнмен қарағаны өтірік емес. Осы екі ұшты пікірде жүрген жандарға қаратып айтты ма екен, Өзбекәлі ағамыз: Қазақ талай қиындықты басынан кешірген халық, ол өзі былай тұрсын елімізде мекендеген өзге ұлттарға да бақыт сыйлай алады,  - депті. Кешегі кеңестік дәуірді айсайтын кебір лауызым иелері 90-шы жылдардың басында Қазақстан қос азаматты, қос тілді мемлекет болсын деген ойларын да айтып қалушы еді. Ал, осыған Өзбекәлі Жәнібеков қарсы болған тұлғалардың бірі. Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің дауысы қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
Әр ұлттың ұлы тұлғалары бо­ла­ды. Олар қаншама ғасырлар өтсе де сол ұлттың  мөрі секілді санаға соғылып, адамзаттың ортақ құн­ды­лығына айналады. Ал, Мұхтар Әуезов қазақ үшін ұлы тұлға. Ол,  небір «тар жол, тайғақ кешулерде» көрінген көлеңкеден қорықпады. Басына қатер төнсе де, туған халқының келешегі үшін тер төкті. Осыдан 64  жыл бұрын айтқан Мұхаңның бұл ой-талауы қазірде қадеге аз емес. Тек соны санаға құйып, «Мәңгілік ел» мұратына жаратып жатсақ артық емес. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. Қазақстанның келешек жастарына Мұхтар Әуезов те сенді.  Табиғатында тамаша қасиеттерден сусындаған халқымыздың керемет мол қазыналық байлығынан  нәр алып өскен ұрпақ қана жарқын болашақты жасай алады депті бір сөзінде ұлы жазушы. Мұхтар Әуезовтің бұл дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.
loading
Comments 
Download from Google Play
Download from App Store