DiscoverХаттар сөйлейді
Хаттар сөйлейді

Хаттар сөйлейді

Author: Камшат Әбдірайым

Subscribed: 14Played: 44
Share

Description

"Хаттар сөйлейді" - эпистолярлық жанрдағы қазақша подкаст. Әрбір эпизодта бір хат оқылып, оның жазылу тарихы баяндалады.
"Хаттар сөйлейді" әрбір хаттың артында тұрған өмір мен тарихи оқиғалар туралы ойландырады, шабыттандырады.

Сұрақтарыңыз не ұсыныстарыңыз болса, маған hattarsoileidi@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыз.
13 Episodes
Reverse
Подкасттың бұл эпизодында майдандағы пошта қызметі туралы әңгімелемекпін. Өйткені соғыс кезінде негізгі байланыс құралы пошта болды. Ай сайын майдан шебіне 70 млн-дай сәлемдеме жолданған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында пошташылар кейбір деректерде 6 миллиардтан астам хат, 22,9 миллион сәлемдеме, 63,9 миллиард баспа өнімін тасымалдапты. Таза қағаз тапшы болғандықтан, жауынгерлер хаттарын плакаттарға, консервінің қаптамасы мен құжаттың қиындыларына жазды. Мамандардың айтуынша, соғыс хаттарының барлығы амандық-саулық сұрасуға арналған. Жау тарабы хатты қолға түсіріп, маңызды ақпаратты біліп қалмауы үшін цензураланды. Эпизодта Нүркен Әшіровтің орындауындағы Тұраш Абуовтың "Комсомол" күйі қолданылды. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi https://t.me/hattarsoileidi https://podfollow.com/hattarsoileidi
Мамандардың айтуынша, батыр Бауыржан Момышұлының жазған хаттары мен оған сәлем жолдаған хаттардың өзі он мыңнан асып жығылады екен. Мұхтар Әуезов пен Бауыржан Момышұлының арасында 1942 жылдан бастап он шақты хат жазылған екен. Екі ұлы тұлғаның арасындағы байланыс хаттан басталады. Хаттарда қазақ әдебиеті, қазақ жазушыларының жайы, аударма мәселесі, "Намыс гвардиясы" пьесасы, "Абай" романы туралы пікір алмасып отырған. Эпизодта Қуат Аманжолдың орындауында Құрманғазының "Кішкентайы" қолданылды. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi https://t.me/hattarsoileidi https://podfollow.com/hattarsoileidi Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
1945 жылы 30 сәуірінде сағат 14:25 –те лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов Рейхстагқа ту тікті. Қуанышты жаңалық келесі күні-ақ барлық газетте жазылды. 1945 жылдың 3 мамыры күні «Войны Родины» газеті: «Рейхстагқа алғашқы болып ту тіккен – Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов», – деп жазады. Бірақ бір жылдан кейін баспасөзде Рейхстагты алған жаңа сарбаздардың аты аталды. Әділетсіздік күйінген Рақымжан генерал Лицицынға «Сіз өз естеліктеріңізде шындықты бұрмалап жазғансыз» десе, «Они брали Рейхстаг» кітабының авторы Сбойчаковқа «Сіз бен басқа генералдар шындықты қанша бұрмаласа да қазақ халқының баласы орыс жігіті Булатовпен бірге 30 сәуір күні Рейхстагтың төбесіне алғашқы болып ту тіккені – тарихи шындық», - деп жазады. Эпизодта қос күй қолданылды: Қуат Аманжолдың орындауында Құрманғазының "Кішкентайы"; Ахат Байбосыновтың орындауындағы Әбікен Хасеновтің "Қоңыр" күйі. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi https://t.me/hattarsoileidi https://podfollow.com/hattarsoileidi Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық мұражайында оның әпкесі Сапураға жазған жеті хаты сақталған. Мұражай қызметкерлерінің айтуларынша, Әлия өзінің ағайы Әбубәкір мен тағы бір немере ағайы Бейсенғали Хабиевке да хат жазып тұрған. Алайда бұл хаттар сақталмаған. Эпизодта Ахат Байбосыновтың орындауындағы Әбікен Хасеновтің "Қоңыр" күйі пайдаланылды. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi https://t.me/hattarsoileidi https://podfollow.com/hattarsoileidi Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Бұл - майдангер Қайыржан Тікшекеевтің хаты. Әскерден жолдаған 12 хатын оның немересі Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивіне әкеліп тапсырған. Жауынгер 1943 жылы қаза тауып, ұзақ уақыт бойы сүйегінің қай жерде қалғаны белгісіз болып келді. Туыстары сарбаз туралы деректі 80 жылға жуық іздеген. Тек 2020 жылы ғана майдангердің сүйегі табылып, Украинадан Қазақстанға жеткізіліп, туған ауылына жерленді. Эпизодта Нұрлан Түменбаевтың орындауындағы Әбдімомын Желдібаевтың "Боз жігіт" күйі пайдаланылды. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi https://t.me/hattarsoileidi https://podfollow.com/hattarsoileidi Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Қазақ өмірінде өлеңмен хат жазысу ертеден бар. Кейін бұл үлгі поэзияға келді. Соғыс жылдарында да елге деген сағынышын баяндайтын, туған-туысқа  деген махабатынан сыр шертетін өлең хаттар толастамаған. Бұл эпизодта майдангерлердің ұрыс кезінде жазған бір топ өлең хаттары оқылады. Эпизодта Қаршыға Ахмедияровтың "Аққайың" күйі қолданылды.  Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi https://t.me/hattarsoileidi https://podfollow.com/hattarsoileidi Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Хат 1975 жылы жарық көрген «Сәлем саған майданнан, Қазақстан!» жинағында жарияланған. Әзілхан Нұршайықов Cәбит Мұқановпен хат алысып қана қоймай, ол туралы естелік жазады. Оның «Екі естелік» атты естеліктер жинағында жазушылар Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқановтың бейнелерін сомдалған. Эпизодта Нүркен Әшіровтің орындауындағы Тұраш Абуовтың "Комсомол" күйі қолданылды. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi https://t.me/hattarsoileidi https://podfollow.com/hattarsoileidi Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова бұл хатты екінші дүниежүзілік соғысы кезінде анасы Әминаға жазған. Хат орыс тілінде жазылған, подкаст тыңдармандары үшін қазақ тіліне тәржімаланып, дыбысталды. Оның әкесі, қазақтың зиялы азаматы Ахмет Мәметов "халық жауы" деген желеумен ұсталып кеткен. Зерттеушілердің пайымдауынша, Мәншүк әкесін ақтап алу үшін майданға өзі сұранып барған. Жалпы, батыр қыздың өз қолымен жазған 6 хаты қазір Орал қаласындағы М.Мәметова музейінде сақтаулы.  Эпизодта Секен Тұрысбектің "Ақжауын" күйі қолданылды. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi https://t.me/hattarsoileidi https://podfollow.com/hattarsoileidi/view Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Ақын, жазушы Баубек Бұлқышев бұл хатты екінші дүниежүзілік соғысы кезінде жазған. Оның басқа да хат түріндегі очерктерімен бірге 1942-1943 жылдары «Комсомольская правда» газетіне орыс тілінде басылып шыққан. Кейін оларды жазушы Ғабит Мүсірепов қазақшаға аударып, республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде жариялады. Эпизодта Төлеген Момбековтың «Інілеріме» (орындаған Жалғас Садуақасов), Қаршыға Ахмедияровтың Қосбасар күйі қолданылды. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi https://t.me/hattarsoileidi https://podfollow.com/hattarsoileidi Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Жазушы, түрколог-ғалым Немат Келімбетовтың "Ұлыма хат" эссе повесінен үзінді. Мұнда жазушының кіші ұлы Қайрат шет елде оқып жүргенде жазған хаттары топтастырылған. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi/ https://t.me/hattarsoileidi
Бұл хатты Абай Семейде отырып қырдағы Мағауияға жолдаған. Хатты ақын өз қолымен қадымша қарпімен жазған. Онда Мағауия, Ақылбай, Шәкәрім және атқосшысы Баймағамбет Мырзаханұлының аттары аталған. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi/ https://t.me/hattarsoileidi
Ыбырайдың жас күнінде әкесі Алтынсары көз жұмып, ол атасы Балғожаның қолында тәрбиеленеді. Балғожа Жаңбыршыұлы би, дәулетті кісі болған. Ол Ыбырайды Орынбордағы орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. Атасы осы өлең-хатты Ыбырай мектепте оқып жүргенде жазған делінеді. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi/ https://t.me/hattarsoileidi
Армысыздар достар! Бұл - “Хаттар сөйлейді” подкастының алғашқы эпизоды.
Comments (1)

Bella Orynbetova

Подкаст идеясы тамаша. Әдемі жобаны тастамауыңызды өтінемін

Nov 25th
Reply
Download from Google Play
Download from App Store