Discover
Қазақша подкаст/Qazaqsha podcast

22 Episodes
Reverse
Бұл эпизод біздің өмірде көрген, қанша уақыт өтсе де жылуы әлі кете қоймаған жақсылық туралы. Өздерінің мейірімге, жылуға толы естеліктерімен бөліскен достарым Қаламқас Толымбекқызы, Болатбек Мұхтаров, Айсұлтан Жақыпоы, Аян Қалмұрат, Мейірман Ілес, Назерке Низамудинқызына және есімін атамауды жөн көрген досыма көп алғыс.
Qazaqsha podcast жаңа айдары "Maqala tyñda" деп аталады. Мұнда қазақ медиасында жарияланған өзекті де сапалы материалдар туралы айтамын. Алғашқы эпизодта журналист Нұртай Лаханұлының Азаттық радиосы сайтында жарияланған «Шыңжаңнан келгендердің кейінгі легі "лагерь" тақырыбын қозғауға құлықсыз» материалы. – Қытайда қалған туыстарымның амандығын білейін деп келдім. Ол жақта бауырларым, ағайын-жұрағатым бар. Естуімізше, онда қиындық көп болып жатыр. 2017 жылы басталған Қытай саясатының салдарынан түрмеге қамалған достарым бар. Сотталып кеткен ерлі-зайыпты таныстарым да бар. Балалары жетімдер үйінде қалды. Сондағы олардың бар қылмысы – намазға жығылғаны, – дейді Ералы.Осыдан кейін ғана Оралтай: "Қазақстанға барғанда әртүрлі әңгіме айтпайсың деп, қолымызды қайырып, талай қағазға қол қойғызды ғой" деді...
"Бір күн" подкасты түрлі мамандық иелерінің әдеттегі жұмыс күнін баяндайды. Онымен қоса осы кәсіптің қиындығы мен артықшылығы, оған қатысты қоғамда қалыптасқан жаңсақ пікірлер туралы да айтылады. Алғашқы эпизодта аудармашы Гаухар Раянова өзінің әдеттегі күнін сипаттап берді. Аудармашылардың табысы, жақсы аудармашы болу үшін не қажет екенін, "Еркектер қорқақтардың" туындауына қатысты болжамдар және басқа да қызықты дүниелерді біле аласыз.
Подкаст жазуға келісімін берген Гаухарға көп рақмет)
Бұл эпизод адамгершілік және әкем туралы
Бұл эпизод қазақтың боғауыз, бейпіл сөздері жөнінде. Ұят, мораль шектеуімен қазақтың ауыз әдебиетінің осы саласы ұмыт болып барады. Бейпіл сөздерді жаңғырту көпшілік орындарда бейәдеп сөйлеуді білдірмейді. Бұл әңгіменің де өз орны, аудиториясы бар. Сондықтан да эпизодқа қатысты 18+ жас шектеуін тағы да еске саламын. Эпизод басындағы дисклеймер Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты қазақ тіліңдегі сөзді синтездеу жобаcымен жасалды. Эпизодта Аршат Қайролланың, "Адаптация" тобының музыкасы қолданылды.
Балалығымыз ауылда өтіп, қалада есейсек те, біз не ауылдық не қалалық болмадық. Кешегі мен бүгінгі, өзім және өзге, ауыл мен қала туралы эпизод Айсұлтан Жақыповпен)
Саясатпен, азаматтық белсенділікпен айналысатын қыз-келіншектер бір жағынан заңсыздықпен күрессе, екінші қоғамда қалыптасып қалған стереотиптермен де күресуге мәжбүр. Бұл подкаст мақсаты - әйелді киелендіріп, ерлерді тұқырту емес, әсте. Тек ой салу. Подкаст қонақтары: Инга Иманбай, Әсем Жәпішева.
Бұл эпизод арнайы подкаст ретінде жазылған жоқ. Былтыр, қазан айында Қызылорда қаласына жол түскен болатын. Сондағы бір кездесуіміздің бір ғана бөлігінің аудиожазбасы. Айтпақшы, қонақжай қызылордалық достарым Zhamilya Kassymkhan мен Oskar Gasta көп рақмет.
Ғалымжан Оразымбет екеуміз қыркүйек, қазан айларында Қазақстанның он қаласын: Орал, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы аралап, сапарға шығып едік. Осы сапардың дәмін, әсерін ораға салған эпизод.
Саясаттанушы Шалқар Нұрсейітов азаматтық қоғамдағы "саясатпен" айналысатын адам туралы, оған биліктің көзқарасы, оның құндылықтары туралы пікірін айтады. Біздің азаматтық қоғамға жетпейтіні не, оны біріктіретін, күш беретін не? Радикал оппозиция қайдан шығады? Өзгерістер қашан басталады? осы және басқа да сұрақтарға саясаттанушы жауабын осы эпизодтан табасыз.
"Үрей. Күйзеліс. Паранойя. Психикалық дерті бар адамдардың басынан кешіретін жағдайы осы. Карантин кезінде біз уақытша олардың не сезінетінін білетін болдық. Бұдан былай оларға түсіністікпен қарайтын шығармыз деп ойлаймын"... Бұл эпизодта біз: Сая Бақимова, Ернар Бекенов және мен үрей, қорқыныш сезімдері туралы айтамыз. Үрей қайдан шығады? Оның пайдасы бар ма? Оны қалай жеңуге болады? Сонымен қоса бұл эпизодта Нұрлыбек Зинабдин, Гаухар Раянова, Абылай Амантай, Ғалымжан Оразымбет және Бекзатбектің естеліктері қолданылды.
Сауат деген не? Қатесіз жазу ма, білгеніңді іске жарату ма? Біз өзімізді сауаттымыз деп айта аламыз ба? Ал тұтас халықты ше? Бұл эпизодта медиатренер, медиа зерттеуші Асхат Еркімбай, аудармашы, блогер Асқар Базарбай (Oskar Gasta) және блогер, азаматтық белсенді Ғалымжан Оразымбет біздің заманымыздағы адамның сауат деңгейі туралы ой бөліседі.
Бұл пандемия адамға, қоғамға, сезімге, экономикаға, сенімге сынақ іспеттес. Біз оны қалай қабылдаймыз? Үміт беретін не? Неден қорқамыз? Осы төңірегінде Ғалымжан Оразымбет және Бэлла Орынбетова ой бөліседі. Подкаст барысында айтылған ресурстарға сілтемелер: https://www.coronavirus2020.kz/ Қазақстан бойынша ресми мәліметтер Әлемдік жағдайды қадағалайтын сайт: https://www.worldometers.info/coronavirus/#countries
Бұл эпизодта Айсұлтан Жақыпов, Meihua Zheng және мен - Бэлла Орынбетова ксенофобия туралы әңгіме айттық. Подкастта мораль жоқ, тек жеке басымыздан өткен оқиғалар, қорытқан ойлар және аздаған әзіл-қалжың ғана) Негізі күлетін тақырып емес, әрине.
Бұл подкастты қалай атарымды білмедім шындап келгенде. Жаңа жылдық көңіл күй бар. алайда мерекеден гөрі, жылдан жылға жасымызға жас қосылған сайын өмірге, таңғажайыпқа, досқа, сырға деген көзқарас айтылады.
Кітап сүйерлердің клубы The Re отырысында жазылған подкаст. Мұнда Дж. Оруэллдың "Мал фермасы" повестінен басталған әңгіме қазірге қазақ қоғамы, білім жүйесі, жемқорлық сияқты тақырыптарды да қамтиды. Подкаст сапасы ұнамай қалса (дыбыс өзіме де ұнаңқырамай тұр), әңгімеге қосылғыңыз келсе, оқыған шығармаңызды талқылайтын адам іздесеңіз Астана, Алматы қалаларында өтетін кітап клубының отырыстарына келіңіз)
Өміріңді онсыз елесте алмайтын адамдар болады. Алайда ажал ол адамның қаншалық қымбат екеніне, сенің оған деген мұқтаждығыңа қарамайды. Тіпті дайындалуға уақыт бермейді. Мұндай қайғыны еңсере алмайтын сияқты боласың. Бірақ уақыт өте келе... Жоқ орны толмайды. Бір кезеңдер болады. Бұл эпизод осы туралы. Сонымен қоса қазақтың қазаға байланысты салт-дәстүрлердің ұмнамсыз тұстары, өмірдің мәні туралы айтылады.
Айтпақшы, ешқашан телефон арқылы көңіл айтпаңыздар. Ешқашан!
Бұл подкастта дизайнер, жас блогер, болашақ жиһанкез Symbatbyek Darigyerkhanuly АҚШ сапары, Моңғолия мен Қазақстан арасындағы айырма мен ұқсастық, өмірін өзгерткен әдеттер, жақсы адамдар туралы пікірлерімен бөліседі ;)
2019 жылдың 20-21 мамыр күндері Париж Конференциясы өткен еді. Бұл жиынға елдегі азаматтық қоғам өкілдері мен оппозициялық партия мүшелері қатысып, елдегі саяси, қоғамдық мәселелерді талқылады. Осы жиынға қатысқан саясаткер Әкежан Қажыгелдинмен сұхабттасудың сәті түскен еді.
Біздің ойымыздағы қарттар образы қандай? Біз қартайғанда қандай болғымыз келеді? Қарттарға қажеті қамқорлық па түсіністік пе? Келбеті жас, ойы қарт Ғалымжан Оразымбетпен әңгіме ;) Қымбатты тыңдарман, ойларыңызды, ұсыныс-пікірлеріңізді, сұрақтарыңызды әр подкаст астына коммент ретінде жазуыңызға болады. Ешбір коммент елеусіз қалмайды
өте аз болды әңгіме! жосски недогон. қыздар ❤️❤️❤️
Менде Тоқтар Әубәкіровты көргенде жүрегім дүрсілдеп, ерекше қуандым. Бірнеше жыл бұрын еді, содан сүгіретке түспей, жерді сонау қашықтан көрген адамның қолың ұстап қана амандастым😊
Шалқар аға жөн айтты. Әрбірімізде азаматтық ұстаным болу керек. Әйтеуір құдайға шүкір, көзқарасвм өзгеріп, жаңа ойлар қалыптасып келеді. Соған себепші болудасыз Бэлла ханым, аман болыңыз♥
Сіздерге рақмет! Әрине, динамика, өзгеріс жоқ жерде даму да жоқ. Менің жасым 22-де. Дін туралы айтатын болсам, 1-сыныптан жақындық болды, діни ортада тәрбие алдым. Осы жасқа дейін жайнамазды қолыма алып намаз оқып кететіндей бірнеше жағдай болды. Бірақ іштей бірнәрсе ұстап қалатын. Қазір сол нәрсеге қуанамын. Қазір Исламға сенемін. Бірақ жасөспірім кездегі түсінік пен қазіргі түсінікті салыстыруға келмейді. Егер сол кезде намаз оқып кетсем, санасы шектелген, біраз мүмкіндіктен бас тартқан, дінді тар ұғымда қарастыратын, рухани көкжиегі өспей қалған адам болушы ем. Ал қазір дінге ешқандай жылы сөз бен тәтті уағыздың әсерінсіз саналы түрде жақсылығын, қажеттілігін түсініп келе аламын. Жаңа жыл - кеңес кезінде "ас та төк", міндетті, жалпылық сипаттағы мереке болған сияқты. Шулатып тойлау маған негізгі "мәнді" жойып жіберетіндей көрінеді. Мен үшін жаңа жыл - бір жылды отбасыңмен мол, әдемі жайылған дастарқан басында қорытындылау, келесі жылды бірге отырып қарсы алу 😊🤗. Бұл күнде мен ғажа
*Mongolia
Рақмет, керемет болыпты
жақсы айтқан екенсіздер, көп рақмет
Өлшеу қиын түсініктер екен: мінез, адалдық, адалдық. Адамгершілікті басында анықтап алғаныңызға рахмет Белла апай. Жауапкершілік құқықпен, аонтрактпен реттеледі деп ойлаймын. Яғни, кәсібилік маңыздырақ дер едім :) рахмет, қазақ қоғамында қандай кәсіби құндылықтар бар екенін түсінуге жақсы подкаст екен. Меніңше, енді кәсіби мәдениет тақырыбын қозғаған жөн, яғни жұмысқа тұрарда контрактқа отыру, еңбек шарты, еңбек құқығы деген тақырыптарды:)
Мынау керемет қой!
коментті тыңдап отырып жазып отырп менің 5 тиындық коментімді ұнатпай калама деп отсам соңында комент Қалдыңсаңыздар болады деген соң фобия кетті)) ерік жігер тілеймін просмотр аз болса реакция оданда аз болғанына қарамай шығарып отырғандарыңызға рақмет. көбірек шығарсаңыздар қуанамыз
қордайдағы оқиға байланысты. жалпы сама суд болған жерде бәрібір үлкен мәселе туындау ықтиалдығы бар сияқты. қазақтар барып 300 әскермен шауып кетсе басқа әңгіме болар еді. бұл жерде дұнғандар сама судпен шешпекші болды ғой. келсең кел күш сынасамыз деген сияқты. мұндай жағдайда әрине ақылдан көре эмоцияға ерік береді ғой. таяқ жеп қалмаудың барлық амалын қарастырып күш жеткілікті болсада сырттан күш сұрайды ғой))
Айсұлтанға қосылам Орыстармен және өзбектер ондай ауқымды қақтығыс болмайтын сияқты. өйткені осы екі ұлтпен интеграциямыз мықты сияқты. мүмкін біз жақта орыстар аз болғандықтан шығар орыстар қазақтарды басынбайыды. мектеп кезіненде болып тұрады ғой орыстар тіпті разна раз шықпайды кикілжіңге түспейді. қорқыныш бары рас қазақтар көппіз жабылып кетуіміз мүмкін. бірақ орыстар білімді заңға жақын жүретін сияқты өйткені заява жазып жіберед деп тиіспейтін еді ерігіп. өзбектерде де сондай хотя олар саны жағынан басым болуы мүмкін но бұл қазақстан екенін ескеріп хоть ол прав болсада кикілжіңге түспейді. жаман ұлт жоқ жаман адамдар бар деген сөз барлық жерде 100% жүрмейтін сияқты. біздің ауданда өте көп ұлт тұрады сондықтан бәрі бір салыстырмалы түрде байқайсың мысалы курдтер ұрысқақ келеді болмайтын нәрседен проблема шығарып, сол түрік әзербайжан, тәжік ұлт өкілдерінің де білмейм мәдени жағы төмендеу келема өздеріріне көп алып қояды но жаңағы өзбек және орыстар сияқты субординация сақтамайды
өзбек ауылдарында ауылдарды бөлгенде көшірілген жоқ. жәй ғана ауылдық округртерге жататын елді мекендерді және тұтас ауылды әр түрлі аудандарға беріп тастады яғни басқа әкімшілікке қарайды. ол Сайрам ауданында болған жағдай. ауданда өзбек ұлтының пайызы көп болғандықтан. автономия сұрапты деген бейресми өсек бар. сондықтан пайызды төмендету үшін тұтас бір ауылды шымкент қаласына береді сол сияқты басқа бір ауылды жанындағы көрші ауданға беріп. аудандағы өзбек ұлтының пайызын төмендетті. бірақ ешқандай қақтығыс болған жоқ
өзімде әйел мен еркек арасындағы ксенофоб бар ма деп ойлай берем
айтпақшы, сосын телефон арқылы көңіл айтпаңыздар. Бір әріптесім қоймай-қоймай звондаған сол күндері. Көңіл айтпақ болыпты. Жек көріп кеттім сол кезде((
жарайсың 👍👍👍