DiscoverЖаңалықтарАлматы облысы мен ШҚО-ның шекарасында санитарлық бекет қойылды
Алматы облысы мен ШҚО-ның шекарасында санитарлық бекет қойылды

Алматы облысы мен ШҚО-ның шекарасында санитарлық бекет қойылды

Update: 2020-11-09
Share

Description

 


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденді жеңісімен құттықтады. «Джо Байден мырзаны АҚШ президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтаймын. Біздің елдеріміз арасындағы өзара қызығушылық тудыратын салалардағы жемісті ынтымақтастыққа үміт артамыз», – деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.


***


Премьер-Министр Асқар Мамин, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Сапар барысында жергілікті атқарушы органдар мен денсаулық сақтау мекемелерінің коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмыстарымен танысты, денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен және облыс дәрігерлерімен кездесті. Бұдан әрі министр дәрігерлерге санитарлық көліктердің кілтін тапсырды, олардың қолжетімділігі қазір облыста 100%-ға жетіп отыр. Ал жылжымалы ПТР зертханасымен қамтамасыз ету жоғары деңгейде делінген хабарламада.


***


Алматы облысы мен ШҚО-ның шекарасында санитарлық бекет қойылды. Тәртіп сақшылары мен санитарлар облысқа кірген, шыққан азаматтардың дене қызуын өлшеп, жеке мәліметін жазып алады. Облыстық бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес 2000 шаршы метрден асатын сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтады. Қоғамдық тамақтану орыны, мейрамхана мен дәмханалар да жабылды. 65 жастан асқандарға көшеге шығуға тыйым салынып, қоғамдық орындарда бетперде тағып жүру міндеттелді.


***


Карантин талаптарын бұзғаны үшін 1 329 қазақстандыққа әкімшілік айыппұл салынды. «Карантин талаптарын бұзғаны үшін жазалар туралы күнделікті жарияланып жатқанына қарамастан, қазақстандықтар өз денсаулығына қауіп төндіруде. Эпидемияға қарсы шаралардың ең көп бұзылуы Түркістан облысында – 237, Шығыс Қазақстан облысында-217, Алматы облысында – 106 және Ақмола облысында – 101 фактісі анықталды.


Естеріңізге сала кетейік, Карантин талаптарын бұзған жағдайда жеке тұлғалар 83 340 теңге, лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілері 230-дан 1600 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді


***


Қысқы универсиада ойындары 2021 жылдың қаңтарынан желтоқсан айына ауыстырылды. Бұл жөнінде Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) мәлім етті. Естеріңізге сала кетелік, аталған шараны Швейцарияның Люцерн қаласында алдағы жылдың 21-31қаңтарында өткізу жоспарланған. Әлемде жайлаған пандемияға байланысты ол кейінге шегерілген еді . Универсиада 2021 жылдың желтоқсанның 11 мен 21 күндері аралығында өтеді.


Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.







Apple PodcastsRSSCastBoxGoogle PodcastsSpotifyWe.fo


Comments 
loading
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Алматы облысы мен ШҚО-ның шекарасында санитарлық бекет қойылды

Алматы облысы мен ШҚО-ның шекарасында санитарлық бекет қойылды

Qazaq Radiolary