DiscoverТіл кеспек жоқАштық қорқынышты ма, әлде коронавирус па? Не істеуіміз керек?
Аштық қорқынышты ма, әлде коронавирус па? Не істеуіміз керек?

Аштық қорқынышты ма, әлде коронавирус па? Не істеуіміз керек?

Update: 2020-06-15
Share

Description

Осыдан бірнеше күн бұрын анам қоңырау шалды. Даусы дірілдеп, біртүрлі, аянышты естілді. Біздің бір алыс нағашыларымыз коронавирустан көз жұмғанын айтты. Бұл менің жанұямдағы осы індеттен екінші өлім. Пандемия басталғалы бері, анам коронавирусқа онша сенбейтін, менің қақсап айтқанымды онша тыңдамайтын, ал енді сенгендей болды.

Сіздің көзіңізге бұл ауру онша көрінбеуі мүмкін, сіз де оған онша сенбей, коронавирус туралы жаңалықтардан жалыққан боларсыз. Бірақ ойланып көріңізші, егер әлемдегі барлық үкіметтер, барлық елдер карантинге жабылып, экономикаларын сонша ауыр жағдайға қойып жатса, онда оның шынында да себебі бар шығар? Коронавирус біткен жоқ және бітпейді де. Біздің елде соңғы күндері аурулардың саны күн санап қорқынышты қарқынмен өсуде. Денсаулық министрі Біртанов коронавирус жұқтырып, премьер-министр Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев карантинде. Тек өткен тәуліктің өзінде ғана 800 астам ауру анықталып, бір апта ішінде 21 Қазақстан азаматы көз жұмды - бұл рекорд.

Ал ең қиыны, өткен аптада Біртанов айтқандай біз бай ел емеспіз, Еуропа елдері сияқты карантинді ұзақ ұстай алмаймыз. Біздің қанша уақытымыз бар? Және Қазақстанның жағдайы туралы сарапшылар не деп жатыр? Осы туралы әңгімелесетін боламыз.

Comments 
In Channel
loading
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Аштық қорқынышты ма, әлде коронавирус па? Не істеуіміз керек?

Аштық қорқынышты ма, әлде коронавирус па? Не істеуіміз керек?