DiscoverЖаңалықтарАқтөбеде бірнеше жол ақылы болады
Ақтөбеде бірнеше жол ақылы болады

Ақтөбеде бірнеше жол ақылы болады

Update: 2020-11-24
Share

Description

 


Пандемияға қарамастан, Қарағанды облысында экспорттық әлеуеті мол инвестициялық жобалар, жаңа өндіріс орындары жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды. «Қарағанды облысына жұмыс сапарым барысында «Сарыарқа» АЭА мен «YDD CORPORATION» ЖШС ферроқорытпа зауыты секілді бірқатар нысанды аралап көрдім. Пандемияға қарамастан өңірде экспорттық әлеуеті мол инвестициялық жобалар, жаңа өндіріс орындары жүзеге асырылып жатыр», – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Қ.Тоқаев Қарағандыдағы үлкен тенниспен және үстел теннисімен айналысатын жаңа орталықтардың жұмысымен танысты. Еске салайық, ҚР Президенті жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды.


***


Коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуі еліміздің барлық өңірлерінде тіркелді. Инфекциялық төсек-орындар – 22%, реанимациялық төсек-орындар– 17% толды. Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында белгілі болды. «Қызыл аймақта» 5 өңір қалып отыр: Ол Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары. «Сары аймақта» 2 өңір бар: Батыс Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы. Жиында 5Үкімет басшысы денсаулық сақтау, индустрия министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, медициналық жабдықтарды жеткізуді аяқтауды және инфекциялық стационарлардың реанимациялық бөлімшелерін толық жабдықтауды қамтамасыз етуді тапсырды.


***


Ақтөбеде бірнеше жол ақылы болады. Қазір өңірде қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Самара-Шымкент тасжолының Ақтөбе-Қобда-Батыс Қазақстан аумағы, Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық дәлізінің Ақтөбе-Мәртөк-Орынбор бағыты ақылы болады. Алдағы уақытта заманауи бағдарламалық-аппараттық кешен іске қосылады. Кешен арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігі бақыланады. Жол жүру төлемі алдын ала төлеу тәсілімен немесе қолма-қол ақшасыз болады», – деді «Қазавтожол» АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары Айбол Данағұл.


***


Шығыс Қазақстан облысына 10 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді. Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-баспасөз мәслихатында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Думан Берікұлы мәлім етті. Тұрғындардың күту уақыты мен жедел жәрдем көлігінің жүктемесін азайту мақсатында 216 дана көлік жеткізілмек. Қазірде 77 жедел жәрдем көлігі алынды, қалғандары жыл соңына дейін әкелінеді. Оның сөзінше Өңір бойынша бүгінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 15 263 жағдайы тіркелген. Инфекциялық және карантиндік стационарларда төсек-орындардың 17,1% толды. Облыста барлығы 3374 инфекциялық және 490 карантиндік төсек-орын бар.


***


Қазгидромет елдің 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бүгін Батыс Қазақстан, Маңғыстау , Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.


Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.







Apple PodcastsRSSCastBoxGoogle PodcastsSpotifyWe.fo


Comments 
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Ақтөбеде бірнеше жол ақылы болады

Ақтөбеде бірнеше жол ақылы болады

Qazaq Radiolary