DiscoverЖаңалықтарБалық аулаған браконьер ұсталды
Балық аулаған браконьер ұсталды

Балық аулаған браконьер ұсталды

Update: 2020-11-23
Share

Description

 


Елімізде коронавирус жұқтырған 214 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 29 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – деп хабарлайды ДСМ. 22 қарашадағы мәлімет бойынша 11 191 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 614 бала бар. Стационарларда 3 165 науқас жатыр. 8 026 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.


***

Елордадағы жарылыстан зардап шеккендердің 23-і ауруханаға жатқызылған. Аздаған жарақаты бар 11 адам үйіне қайтарылған. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Еске салайық, қарашаның 21-і күні түскі 12:30 шамасында Шұбар ауданындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды. Салдарынан бір адам қайтыс болды. Қазір оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.


***


Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцинаны қабылдаған адамдар үшін ковид-төлқұжаттар енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Sunday Times хабарлады. Басылымның мәліметінше, бұл құжатты алған азаматтар ел ішінде емін-еркін қатынай алады. Сонымен қатар жұмыс бабымен іс-сапарларға мүмкіндік береді екен. Тиісті шешімді дүйсенбі күні ел премьер-министрі Борис Джонсон жария етеді деп күтіліп отыр. Бүгінде Ұлыбританияда коронавирус жұқтырудың бір миллион төрт жүз мыңнан астам дерегі тіркелген.


***


Елордада 23 қараша күні сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Алаш тас жолы (Бөгенбай батыр көпірі) көпірінің оң жақ шеткі жолағының Уәлиханов көшесінен орталық базарға дейінгі бөлігін жабу жоспарлануда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. «Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет», – делінген Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының таратқан хабарламасында.


***


Алматы облысында Балқаш көлінен 650 кг балық аулаған браконьер ұсталды. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚК 335-бабының 3-бөлігі 5-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде балықты заңсыз аулау дерегі бойынша Жамбыл ауданы Үлкен кентінің 36 жастағы тұрғынынан құқық қорғау органдары моторы бар пластик қайықты, 1000 метр мононитті Қытай желілерін тәркілеген. Аталған қылмыстық іс сотқа жолданған.


***


«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктер таратқан мәліметтерге қарағанда, 23 қараша күні Ақмола, Түркістан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады және жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Осындай жағдай Нұр-Сұлтанда да қалыптасады деп болжануда.


Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.







Apple PodcastsRSSCastBoxGoogle PodcastsSpotifyWe.fo


Comments 
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Балық аулаған браконьер ұсталды

Балық аулаған браконьер ұсталды

Qazaq Radiolary