Бауырым. 3-бөлім — Саяжан
Description
Ендігі күрескеріміздің аты — Саяжан. Ол Қытай Республикасында туып-өскен. Бірақ бір себептерге байланысты ол жақтан 2009 жылы кетіп, басқа елдің азаматы болды.
Қазақ әйелі кейінгі төрт жыл бойы інісінің баласы Жалғас үшін шыр-пыр болып жүр. Оның сөзінше, Қытай сақшылары оны намаз оқиды деп түрмеге әкеткен. Кейіпкеріміз бауыры жазықсыз екеніне шүбә келтірмейді.
Саяжанның кінәсіз інісі туралы әңгімесі — Қытай қазақтарынан келіп жатқан жанайқайға толыхикаялардың бірі ғана. Қытай билігі Шыңжаңдағы мұсылман жұртты қудалап, лагерьге қамап жатқаны туралы хабарлар келіп жатқанына міне төрт жылдан асты.
Қытай билігі неліктен намаз оқитындардан сескенеді? Лагерьге қазақтар да қамалған болса, біздің билік неге үнсіз отыр? Masa.media Шыңжаң лагерьлерінде нақты не болып жатқанын, қазақтар сонда қалған туыстарын босату үшін қалай күресіп жүргенін айтатын «Бауырым» подкасын дайындады.
Кейіпкерлердің қауіпсіздігі үшін олардың аты-жөні мен кейбір деректі өзгерттік.