DiscoverЖаңалықтарЕкі тонна кокаин тәркіленді
Екі тонна кокаин тәркіленді

Екі тонна кокаин тәркіленді

Update: 2020-10-21
Share

Description

Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінің 9 жұмысшысы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық денсаулық басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам анықталды. «Қауіпті індетке шалдыққандардың біреуі Атырау қаласынан. Ал 9 науқас – Теңіз кенішінің жұмысшылары.


***


Маңғыстауда жедел жәрдем автопаркі жаңа 20 көлікпен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін облыс әкімі Серікбай Тұрымов жедел жәрдем қызметіне «Hundai 350» маркалы машинаның кілтін табыстады. «Жаңа қызметтік көліктің 13 – і Ақтау қаласына, 5-і Мұнайлы ауданына және екеуі сан-авиация қызметіне табысталды. Қазан айының соңына дейін тағы «Jac Sunray» маркалы 32 жедел жәрдем көлігі келеді. Бұл көліктердің барлығы лизинг арқылы сатып алынып жатыр. Қараша айында Маңғыстауға тағы екі «УАЗ Patriot» маркалы реанимобиль автокөлігі келеді.


***


Жеке тұлғалар үшін COVID-19 ПТР тестінің құны 8 025 теңгеге дейін төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық сараптама орталығы» хабарлады. Бұл –қазіргі таңда Қазақстан аумағындағы ең төмен баға. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін зерттеу құны 11 500 теңге болатын. Тестілеу Ұлттық сараптама орталығының 10 облыстық филиалында жүзеге асырылады. Тестілеуден өту үшін «Ұлттық сараптама орталығының» сайтында тіркелу қажет.


***


Жетісу жеріндегі Қоғамшыл ауылының тұрғыны 19 бие мен үш құлыны жоғалғаны туралы жергілікті полицияға арызданған. Бірден іске кіріскен тәртіп сақшылары барлық облысқа жедел сұрау салады. Арада бірнеше күн өткенде керекулік әріптестері жоғалған жылқыны Ақтоғай ауданындағы барымташылардан тапқанын хабарлайды. Күдіктілер қылмысын бірден мойындаған. Қазір барымташыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.


***


Қарағанды облысындағы Алматы-Екатеринбург тас жолында жүк көлігі жанып кетті. Оқыс оқиға сол маңдағы өрт сөндіру бөлімшесінен 23 шақырым жерде болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жедел жетіп, өртті сөндіріп үлгерді. Жүк көлігі электр сымдарының тұйықталуынан өртенгені белгілі болды.


***


Парагвайда екі тонна есірткі тәркіленді. Бұл ел тарихында болмаған жағдай, деп хабарлайды «Хабар 24». Тәртіп сақшыларының анықтауынша, есірткінің құны шамамен 500 миллион доллар болады. Полиция қызметкерлері кокаинді Израильге жол тартқан 6 жүк контейнерінен тапқан. Анықталғандай, контейнерлердің бәрі Кристиан Турринидің атына рәсімделген. Айта кетейік, бұл азамат бұрын Парагвай телеарналарының бірінде басшылық қызмет атқарған.


Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.









Comments 
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Екі тонна кокаин тәркіленді

Екі тонна кокаин тәркіленді

Под Кастер