DiscoverЖаңалықтарЖоғары кеңестің алғашқы отырысы 21 қазанда өтеді
Жоғары кеңестің алғашқы отырысы 21 қазанда өтеді

Жоғары кеңестің алғашқы отырысы 21 қазанда өтеді

Update: 2020-10-19
Share

Description

21 қазанда Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады. «Кеңесшім, Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен кездесу кезінде 21 қазанда өтетін кеңестің алғашқы отырыcының күн тәртібін талқыладық. Негізгі реформалар айқындалды, оларды пысықтау жуық арада басталуы керек», – деп жазды Президенті Twitter парақшасында.


***


Орманшы мәртебесін көтеру мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі айтты. «Орманшылар – баға жетпес ұлттық байлығымызды қорғап, келер ұрпаққа жеткізушілер. Олардың зор еңбегін ескере отырып, біздің министрлік орманшылар статусын көтеру мәселесін қарастырып жатыр. Жасыл табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз. Сондықтан барлық ел азаматтарын орман қорына ұқыпты қарап, оны қорғаушыларға қолдау көрсетуге, жұмыстарын бағалауға шақырамын»,- дееп жазды ол Твитердегі парақшасында. Еске салайық, орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.


***


Бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағының төрағасы Зейін Әліпбек Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесті. Кездесу барысында журналистердің әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік жағынан аз қамтылған журналистердің баспанамен қамтылуына септесу жолдары қаралды. Әкімдік пен кәсіподақ осы бағытта бірлесіп жұмыс істейтін болып келісті. Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы Зейін Әліпбек елордада Журналистер үйін ашу жайын көтерді. Бұл ұсынысты қолдаған қала әкімі қаладан орынжай қарастыратынын айтты


***


Бүгіннен бастап Өзбекстанда қоғамдық көлікте маска ғана емес, медициналық қолғап кию міндеттелді. «Көлік министрлігі Ташкент қаласында қоғамдық көлікте медициналық маска және қолғап киіп жүру режимі енгізілетінін хабарлайды. Жолаушылар санитарлық ережелерді және карантин талаптарын қатаң сақтауы үшін инспекторлардан, құқық қорғау органдары және жол қозғалысы қауіпсіздігі департаментінің қызметкерлерінен құралған арнайы жұмыс тобы қоғамдық көлікте қатаң тексеру жүргізеді. Көлік инфрақұрылымы нысандарында және қоғамдық көлікте бақылау күшейтіледі» делінген министрлік хабарламасында.


***


Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде үздік үштіктен көрінді. Бұл жайында Қазақстан кәсіпқой бокс қауымдастығының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Қазақстандық спортшы Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) 72,6 келіге дейінгі орта салмақтағы ең мықты үш боксшысының бірі атанды.


Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.









Comments 
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Жоғары кеңестің алғашқы отырысы 21 қазанда өтеді

Жоғары кеңестің алғашқы отырысы 21 қазанда өтеді

Qazaq Radiolary