DiscoverЖаңалықтарКеңселерді жалдау құны арзандады
Кеңселерді жалдау құны арзандады

Кеңселерді жалдау құны арзандады

Update: 2020-10-20
Share

Description

Келесі аптадан бастап шетелге ұшатын әуе рейстердің саны қысқарады. Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында COVID-пен күресудің қосымша шаралары қабылданды. Сонымен шешімге сай ел аумағына келгендердің барлығы ПТР-тестілеуден өтуге міндеттеледі. Әрі тестіден өткені туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 күн деп белгіленді. Сондай-ақ, бизнес субъектілерінің қызметін жандандыруға қатысты да бірқатар шешім бекіді. Осы сенбіден бастап «жасыл» яғни тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерде сауда үйлері, жабық базарлар, ойын-сауық орталықтары сағат беске дейін жұмыс істейді. Ал, келесі дүйсенбіден кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын көрермендерімен жұмысын қайта бастамақ.


***


Елімізде кеңселерді жалдау құны арзандаған. Мәселен жыл басынан бері ресторан мен қоғамдық тамақтану орындарын жалдау ақысы 7,2 процентке төмендеген. Ал әкімшілік кеңселер 3,9; сауда нүктелері 3,3 пайызға арзандаған. Осылайша өткен жылмен салыстырғанда коммерциялық нысандарды жалдау 3,2 процентке төмендеп отыр. Бұған коронавирус індетінің өршуі себеп. Десе де карантин талаптарына қарамастан кейбір бизнеске сұраныс жоғары. Әсіресе фитнес-клуб, жаттығу залдарын жалдау 6,7; ал азық-түлік дүкендерін жалдау 2,8 пайызға өсіп отыр.


***


Қызылордада Қорқыт ата университетінің ғалымдары қауыннан чипсы өндіруді қолға алған. Ерекше жобаға мемлекеттік бағдарламадан қаржы қаралып отыр. Табиғи өнім алдымен оқу орнының зертханасында дайындалып, тың тәжірибе оң нәтиже берген. Алдағы уақытта қытырлақ қауын өндірісін ұлғайту үшін заманауи кептіру қондырғыларын алу көзделуде. Жалпы, Сыр өңірінде қауын шаруашылығы жақсы дамыған, сондықтан шикізат мәселесі туындамайды. Жоба толық жүзеге асса, ғалымдар тәулігіне 300-500 келі қауын чипсыйын өндіруді жоспарлауда.


***


Археологтар бір кездері Алтын Орда, Ноғай Ордасы, содан кейін Қазақ хандығының астанасы болған Сарайшық қалашығынан бірегей қабір тапты. Тарихи деректерге сүйенген ғалымдар бұл қабірде қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері Қасым ханның жерленген жері болуы мүмкін деп болжап отыр. Тарихшылардың айтуынша, Жәңгір хан Бөкейханұлы онда 1840 жылдары барып, сол кезде «хан бейіті» деген жерге белгі қойған. Бірақ, кейіннен бұл белгі жоғалып кеткен. Ал өткен жылы атыраулық ғалымдар Ресей мұрағаттарынан Сарайшықтың ескі сызбаларын тапқан. Сол сызбада хан қабірі айқын көрінеді. Орыс зерттеушісі Алексей Алексеев 1861 жылы өзінің ғылыми еңбегінде хан қабірінің орналасқан жерін нақты көрсетіп, оны «қасиетті крипт» деп атаған. Археологтардың пікірінше, бұл мәліметтер қазір табылған қабірдің құрылымымен сәйкес келеді. Тарихшы Әбілсейіт Мұхтар тарихи аумақты тазарту жөніндегі негізгі жұмыстар келесі жылы басталатынын хабарлады. Қасым хан – қазақ тарихындағы ұлы билеушілердің бірі. Ол Қазақ хандығын экономикалық, әскери-саяси тұрғыдағы ең мықты мемлекеттердің біріне айналдырды. Бейбітшілік пен келісімде өмір сүрген халық саны бірнеше есе өсті. Мемлекеттің шекарасы кеңейтілді.


Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.









Comments 
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
1.0x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Кеңселерді жалдау құны арзандады

Кеңселерді жалдау құны арзандады

Qazaq Radiolary