DiscoverЖаңалықтарМедицина қызметкерлеріне өтемақы беру тоқтатылды
Медицина қызметкерлеріне өтемақы беру тоқтатылды

Медицина қызметкерлеріне өтемақы беру тоқтатылды

Update: 2020-10-22
Share

Description

Қазақстан дамуының 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының алғашқы нұсқасы әзірленді. Ақордада өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.


Аталған құжатта дамудың жаңа күн тәртібі жасалады. Мемлекет басшысы Жоспарды Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікпен бірлесіп, соңына дейін жеткізу керектігін айтты. Сонымен қатар, Жоғары кеңес мүшелерімен талқылап, соңғы нұсқасын келесі жиында Премьер-Министрге ұсыну қажеттігін атап өтті.


***


Елімізде медицина қызметкерлеріне өтемақы беру тоқтатылды. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың мәліметінше, жұмыс барысында ауырып қалған жағдайда алдағы уақытта қолдау шаралары медициналық, кәсіподақ ұйымдарының не жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен көрсетілетін болады. Бұл медицина ұйымдарының басшыларын өз қызметкерлерін жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етуге, санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуына жіті бақылау жасауға ынталандырамақ. Бірінші вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта төлем алуға құқылы медицина қызметкерлерінің 421-іне ғана ақша аударылған жоқ. Оларға қатысты мәселе өңірлік комиссия деңгейінде рәсімделіп жатыр. Төлем 23 қазанға дейін беріледі.


***


ДСМ жұмысын бастайтын кинотеатрларға қойылатын талаптар алгоритмін жариялады. Вице-министр Ажар Ғинаяттың айтуынша, 26 қазаннан бастап кинотеатрлардың жұмысына «жасыл аймаққа» кіретін өңірлерде, эпидемиологиялық жағдайы тұрақты аймақтарда ғана рұқсат беріледі. Алгоритм бойынша билетті мүмкіндігінше онлайн режимде сату, залдардың толуын 30 пайыздан асырмау, сонымен бірге отырғызу кезінде әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс. Залдарды дезинфекциялау үшін сессиялар арасында кемінде 30 минуттық үзіліс болуы міндетті. Кіреберістегі қызметкерлер келушілердің маска режимін сақтауын, дене қызуын өлшеуді қамтамасыз етеді. Ал кинотеатрдағы желдету және ауа баптау жүйелері үздіксіз жұмыс істеуі тиіс», – деді Ажар Ғинаят.


***


Алматы қаласының мониторингілік топтары бір күн ішінде 56 тексеру өткізді. Олардың барысында 21 нысанда карантин талаптары бұзылғаны анықталды. Бетперде режимін бұзу бойынша жеке тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама толтырылды. Қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен қызметіне тыйым салынған нысандар жұмыс істеп келген. Сондай-ақ кей объектілер жұмыс режимін бұзғаны белгілі болды. Ал, бірнеше нысанда маска режимі сақталмаған. Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын барлық сақтық шараларын сақтауды, дезинфекциялық құралдарды пайдалануды және мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға бармауды ескертеді.


Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.









Comments 
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Медицина қызметкерлеріне өтемақы беру тоқтатылды

Медицина қызметкерлеріне өтемақы беру тоқтатылды

Под Кастер