DiscoverЖаңалықтарМәжілісте «Астық туралы» заң жобасы мақұлданды
Мәжілісте «Астық туралы» заң жобасы мақұлданды

Мәжілісте «Астық туралы» заң жобасы мақұлданды

Update: 2020-11-24
Share

Description

 


Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Астық туралы» заң жобасын мақұлдады.


Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, пандемияға байланысты көптеген мемлекеттер шектеу режимдерін енгізіп, сауда-экономикалық байланыстар азайды.


Осыған сәйкес, Нұрлан Нығматулин астық мәселесі-бірінші кезектегі әлеуметтік сұрақ екеніне назар аударып, заң жобасында қаралған астық қорларын сақтауды мемлекеттік қамтамасыз ету, осы саладағы оператордың мәртебесін анықтау туралы нормалар өте маңызды екенін айтты.


Жалпы, заң жобасы астықтың тұрақты жұмыс істейтін резервтік қорын қалыптастыру арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған.


***


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысына жасаған сапары аясында COVID-19-ға қарсы отандық вакцина шығаратын зауытты салу барысымен танысты. Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынуда. Құрылыс-монтаждау жұмысы биыл аяқталады, қазіргі уақытта барлық инженерлік коммуникация жүргізілген. Зауыт келесі жылдың бірінші тоқсанында жұмыс істей бастайды. Мұнда әлемдік стандарттарға сәйкес иммунобиологиялық препараттар, оның ішінде коронавирус инфекциясына, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге басқа да инфекциялық ауруларға қарсы вакцина шығарылады. Жыл сайын биопрепараттардың 30-60 млн дозасын өндіру жоспарланып отыр.


***


Ақмола облысында карантиндік шаралар күшейтіледі.


Аймақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның хабарлауынша, өткен аптамен салыстырғанда вируске шалдығу көрсеткіші 1,5 есе өскен. Екінші күн қатарынан өңір коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша «қызыл аймақта» тұр. Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің карантинді қатайту жөніндегі жаңа қаулысы алдағы уақытта жарияланады.


***


Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы тіркелген бірқатар елді мекендерде карантин алынып тасталды. Бұл туралы ветеринария басқармасының қызметкерлері хабарлап отыр. Шектеу шаралары өңірдің 8 ауылында күшін жойды. Мамандардың айтуынша, әлі 7 ауыл жабық. Өңірде бұл аурудан 1 жарым миллионнан астам құс қырылған еді. Шығынға батқан шаруаларға өтемақы төленіп жатыр,-деп хабарлайды хабар 24.


***


Еліміздің су айдындарында балықшылардың көз жұму жағдайлары жиіледі. Аң және балық аулау маусымы басталғалы өзен-көлдерде 12 адам, оның ішінде бір бала қайтыс болған. Оқыс оқиға Ақмола, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының су айдындарында тіркелді. Сондықтан қазір министрліктің аумақтық бөлімшелері рейдтік іс-шаралар өткізуде. Оның барысында балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.


Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.







Apple PodcastsRSSCastBoxGoogle PodcastsSpotifyWe.fo


Comments 
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Мәжілісте «Астық туралы» заң жобасы мақұлданды

Мәжілісте «Астық туралы» заң жобасы мақұлданды

Qazaq Radiolary