DiscoverЖаңалықтарПандемия кезінде аудитория телеарналарға оралды
Пандемия кезінде аудитория телеарналарға оралды

Пандемия кезінде аудитория телеарналарға оралды

Update: 2020-11-11
Share

Description

 


Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Техникалық реттеу» туралы заң жобасын мақұлдады. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, жаңа заң жобасы қазақстандық нарықты сапасыз тауарлардан қорғауға бағытталған. Атап айтқанда, мемлекеттік бақылау өнімді өткізу сатысында ғана емес, оны еліміздің аумағына кіргенге дейін жүргізетін болады. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, бұл тұтынушыларды қауіпті тауарлардан қорғауды күшейтеді.


***


Пандемия кезінде сенімді ақпарат көзін іздеген аудитория телеарналарға оралды. Бұл туралы «Astana Media Week 2020» барысында «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай айтты. «карантин кезінде дәлелді, шынайы, шұғыл ақпаратқа деген сұраныс күшейді. Сондықтан да елде карантин болған кезде телевизия міндеті мен ондағы мамандардың қызметі еселеп артты. Мысалы «Qazaqstan» арнасы бір ғана ковид тақырыбында 200 ролик жасап эфирге берді. Сол кезде қолға алынған күнсайынғы тікелей эфирдегі «Теледәрігер» жобасына бір хабардың ішінде екі мыңға дейін сұрақ келіп түсіп отырған күндер болды. Дәл карантин күндері жаңалықтар шығарылымдары бұрын-соңды болмаған қаралымдарды көрсетті», – деді ол.


***


СҚО-да карантиндік бекеттер цифрландырылады. Қазір Петропавлдың кіреберіс жолдарына 15 ақылды камера орнатылып жатыр. Енді қалаға келетін жүргізушілер рұқсат қағаздарын электронды базаға алдын ала жібере алады. Ал бақылау жүйесі мемлекеттік нөмірді бірден танып, өтуге рұқсат береді. Бұл полицейлердің де, адамдардың да уақытын үнемдеп, көлік кептелісін алдын алады. Блокбекеттерге сонымен қатар дене қызуын өлшейтін тың құрылғылар қойылады делінген 24.kz сайтында.


***


Непалда коронавирусты жұқтырғандар санының көбейуіне байланысты билік тестерді ақысыз өткізіп, науқастарды тегін емдеуді қолға алмақ. Бұл елде ауырғандар 200 мыңнан асты. Індеттен 1 мыңнан аса адам қайтыс болды. Күн сайын вирусты 3 мыңға жуық адам жұқтырып алып жатыр. Сарапшылар «Індеттің күшеюінің себебі адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтамауларынан екеніндерін айтады.


***


Бүгін футболдан Қазақстан мен Черногория құрамалары жолдастық кездесу өткізеді. Құрамалар Черногория астанасында кездеседі. Ойын елорда уақытымен сағат 23.00-де басталады. Оны , Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы енді Ұлттар лигасында екі ойын өткізеді. Алдымен 15 –сі күні сырт алаңда Албаниямен шеберлік байқасса, 18 қарашаа өз алаңында Литваны қабылдайды.


Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.







Apple PodcastsRSSCastBoxGoogle PodcastsSpotifyWe.fo


Comments 
loading
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Пандемия кезінде аудитория телеарналарға оралды

Пандемия кезінде аудитория телеарналарға оралды

Qazaq Radiolary