DiscoverЖаңалықтарСахна саңлақтарына қойылатын талаптар күшейді
Сахна саңлақтарына қойылатын талаптар күшейді

Сахна саңлақтарына қойылатын талаптар күшейді

Update: 2020-10-22
Share

Description

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлауға қатысты пікір білдірді. «Алдағы жыл – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Ол экономикалық әрі саяси реформалар, цифровизация, адам құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту, экологияны қорғау ұранымен өтуі керек. Қазір осынау маңызды тарихи датаға орай көптеген салтанатты шара өткізетін уақыт емес. Біз маңызды істерді ұзаққа созбай, қысқа мерзімде нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек», – деді Президент.


***


ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов халықаралық әуе рейстеріне қосымша енгізілетін карантиндік шектеулерге қатысты түсініктеме берді. «Осы жылдың 26 қазанынан бастап Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен келетін барлық жолаушыларда, оның ішінде Қазақстан азаматтарында мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін 72 сағаттан артық емес уақытта ПТР әдісімен COVID-19-ға арналған тест өткені туралы анықтама болуы керек. Айта кетерлігі, 5 жасқа дейінгі балалар ПТР сараптама анықтамасынан босатылады. Осыған орай шетелге барып келуді жоспарланған немесе қазіргі уақытта шетелде жүрген қазақстандықтар осы талапты ескеруі қажет», – деді Садуақас Байғабылов.


***


Елімізде 2014 жылдан бері этномәдени бірлестіктер жанында мемлекеттік тіл мен әр этностың өз ана тілін оқыту курстары ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі күнге дейін осындай оқыту курстарынан 81% этнос өкілдері оқудан өткен. Бұл туралы «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов айтты. Жалпы, 2011 жылдан бастап Мемлекеттік тіл оқыту орталықтарында жарты миллионнан астам ел азаматтары (513 624) қазақ тілі курстарын оқып шыққан. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тілін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді», – дейді ол. Вице-министр қазақ тілінің қоғамдағы қолданыс аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар осы бағдарламалар және басқа да жобалар шеңберінде өз жалғасын таба беретін айтты.


***


Сахна саңлақтарына қойылатын талаптар күшейді. Бұдан былай артистерге фонограмма қолдануға рұқсат жоқ. Ел алдында ішімдік ішіп, бейпіл әдетке салынуға тағы болмайды. Әйтпесе ірі көлемде айыппұл салуға міндеттеледі. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен отырыста ҚР мәдениет саласына қатысты кей заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қабылданды. Бұдан бөлек зорлық-зомбылықты, діни және ұлт алауыздығын насихаттайтын теріс пиғылдағы контент үшін артистер мен концерт пен өзге де шара ұйымдастырушыларын да жауапкершілікке тарту көзделіп отыр. Сонымен қатар кітапхана, баспа ісі мен музей және көркемдік кеңестердің жұмысы да өзгеретін болады. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова таныстырған жобаның тағы бір жаңалығы – әдебиет авторларының ақысын арттыру.


Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.









Comments 
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Сахна саңлақтарына қойылатын талаптар күшейді

Сахна саңлақтарына қойылатын талаптар күшейді

Под Кастер