DiscoverЖаңалықтарУкраинада коронавирус жұқтырған 1 адам анықталды
Украинада коронавирус жұқтырған 1 адам анықталды

Украинада коронавирус жұқтырған 1 адам анықталды

Update: 2020-03-03
Share

Description

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентін қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сума Чакрабарти Қазақстан мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы қатынастардың қазіргі ахуалы мен ынтымақтастығының алдағы перспективаларын, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Тараптар коронавирус індетінің теріс әсері жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуы туралы да пікір алмасты.


***


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы өзгерді. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл, заңгер Марат Башимов, «Мазмұндама» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шыңғыс Мұқан, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков, «Талбесік» қозғалысының жетекшісі Ләззат Қожахметова, «Ізгілік елшісі» еріктілер қозғалысының жетекшісі Айнұр Сәбитова кеңес мүшелері болып бекіді. Ұлттық кеңес құрамынан Эльвира Әзімова, Аружан Саин, Болат Палымбетов, Арман Шораев, Бақытжан Бұқарбай, Азаматхан Әміртаев шығарылған. Ұлттық кеңестің үшінші отырысы сәуірде өтеді деп жоспарланған.


***


Байқоңыр қаласында газ 15 есе арзандайды. Қазір тұрғындар сұйытылған газдың әр текше метріне 714 теңге төлеп отыр. Ал табиғи газ сәл арзан. Жеке тұрғындар үшін бір текше метрдің құны – 18 теңге. Үкіметаралық келісім негізінде сұйытылған газды табиғи түріне ауыстыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр, – дейді Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов. 500-ге жуық тұрғын үй, мектептер мен балабақшалар, өзге де әлеуметтік нысандар көгілдір отын желісіне қосылған. Былтыр Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісім жасалған болатын. Бүгін осы келісімді ратификациялау туралы Заң жобасын Сенаттың профилді комитеті қарап, құжатты палатаның жалпы отырысына ұсынды.


 ***


Мемлекеттік бағдарламалар мен субсидия үшін республикалық бюджеттен бөлінген миллиардтаған қаражатты депозитке салып, пайда көрген квазисектордың лауазымды тұлғалары тергеліп жатыр. Бұл жайында бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі серіктестік департаментінің бас сарапшысы Сымбат Исрафилова брифингте айтты.


***


Арыс пен Отардағы оқ-дәрілерді жою барысында 1 млрд 700 млн теңге ұрланған. Нұр-Сұлтан қалалық экономикалық тергеулер департаменті бірінші тергеу басқармасының басшысы Болат Хамитов ОКҚ-гі брифингте осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған акционерлік қоғам басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалған. «Дегемен, сотқа дейінгі тергеудің бастапқы кезеңінде тұрмыз. Сондықтан мәліметтерді жария етуге болмайды», – деді басқарма басшысы.


***


Бүгінде елімізде 93 мыңға жуық студент жатақханадан орын ала алмай жүр. Студенттік жатақханалардың жағдайы бойынша тексеру жүргізген «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев осылай мәлімдеді. Оның айтуынша, тексерілген нысандардың 66-сында қарапайым санитарлық нормалар сақталмаған.


***


Елімізде жемқор жеті ЖОО-ны анықталды. Олар: Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық университет, Түркістан облысы Жетісай қаласындағы «Сырдария» университеті, Алматы қаласындағы Туризм және спорт академиясы, Шымкент қаласындағы аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет, Алматы қаласындағы Орталық Азия университеті, «Алматы» университеті, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті. Бұл «Jas Otan» жастар қанаты жүргізген сауалнамаға қатысқан студенттердің пікірі.


***


Украинада коронавирус жұқтырған 1 адам анықталды. Осы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Виктор Ляшконың атап өтуінше, кеше қауіпті инфекцияны жұқтыруы мүмкін төрт адамның бар екені айтылған. Бүгін вирус бір адамнан расталған. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, індеттен қаза тапқандар саны 3 мыңнан асады. 90 мың адам ауруды жұқтырғаны анықталған. 73 мемлекетте вирус таралған. Осы күнге дейін ДДСҰ бұл жағдайды жаһандық пандемия ретінде жаряламайтынын, бірақ бұл болашақта мүмкін екенін мәлімдеген еді.








Comments 
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Украинада коронавирус жұқтырған 1 адам анықталды

Украинада коронавирус жұқтырған 1 адам анықталды

«Қазақ радиолары» ЖШС Жаңалықтар қызметі