DiscoverЖаңалықтарШымкентте баласын сатқан ана сотталды
Шымкентте баласын сатқан ана сотталды

Шымкентте баласын сатқан ана сотталды

Update: 2020-10-20
Share

Description

Коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындық мақсатында дәрі-дәрмек қоры құрылып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді. «Күзгі-қысқы кезеңде коронавирус инфекциясының ықтимал толқынына дайындалу үшін бірқатар шара қабылданды. Біріншіден, қоймаларда дәрілік заттардың азаймайтын екі айлық қорын қалыптастыру. COVID-19 бойынша 8,2 млрд теңгеге тапшы және сұранысқа 44 дәрі-дәрмек сатып алынады. Бұл дәрілер ай сайын шамамен 60 000 пациентті стационарда емдеуге мүмкіндік береді», – деді министр Үкімет отырысында. 2020 жылдың 15 қазанындағы жағдай бойынша 5 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынған.


***


Елімізде адамның қайтыс болғаны туралы куәлікті алу процестері жеңілдеді. Бұл туралы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желідегі парақшасында жазды. «Президент Әкімшілігінде қызмет еткен кезде – пандемия уақытында Президент мәйітханалардың жанында көптеген адамдар жиналғанына назар аударды. Біз оның тапсырмасы бойынша талқылап, істің мән-жайын анықтадық. Мекемелер арасындағы бюрократияға байланысты қайтыс болғаны туралы куәлік алудың күрделі процестері бар. Осы процесті өзгерту үшін мен оны электрондық жүйеге ауыстыру бастамасын көтердім», – деді министр. Оның хабарлауынша, барлық мемлекеттік органдар (ҚР ДСМ, ҚР ӘМ және ҚР БП ҚСжАЕК) толық интеграциялауды жедел түрде пысықтаған. Енді қайтыс болғаны туралы куәлікті алу бойынша күрделі процестің орнына eGov.kz порталдан бір анықтаманы алуға болады. Бұл сервис бірден бірнеше анықтаманы жояды. «Өкінішке қарай, пандемия кезінде көпшілігіміз осы жағдайға тап болдық. Біздің міндетіміз осындай қиын кезеңде қажеті жоқ жүруді жеңілдету болды. Мұндай процестерді автоматтандыру маңызды. Сондықтан біз қағазбастылықты барынша азайтып, барлығын онлайн режимге көшіруді жалғастырамыз», – деп жазды Бағдат Мусин.


***


Әлемнің тағы екі елінде коронавирусты жұқтыру деректерінің саны бір миллиондық межеден асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Бірі – Еуропадағы Испания болса, екіншісі – Латын Америкасындағы Аргентина. Бұған дейін миллиондық межеден тағы төрт мемлекет асқан болатын. Олар – АҚШ, Үндістан, Бразилия мен Ресей. Негізі Аргентинада наурыздың аяғында қатаң карантин енгізген болатын. Бұл індеттің тарауын бәсеңдеткен. Алайда шектеу шараларының жеңілдетілуі салдарынан ауру қайта өрши түскен. Әсіресе, соңғы айда деректер саны күрт артқан. Індеттің өршуіне байланысты қазір жансақтау бөліміндегі орындардың 65%-і бос емес.


***


Шымкентте баласын сатқан ана сотталды. Қалалық Полиция департаментінің қызметкерлеріне жас ананың кәмелетке толмаған баласын сату туралы ұсынысы бар екені туралы жедел ақпарат келіп түскен. 2020 жылдың 11 қаңтарында өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде өзінің бір жастағы баласын 1 000 000 теңге сомасындағы ақшаға бағалап, сату кезінде 1993 жылы туған азаматша ұсталған. Ол мұндай шешімге ақша тапшылығына байланысты бел буғанын жеткізді және одан баланы сатқаны үшін сатып алушыдан алған ақша қаражаттары алынған. Шымкент қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының 2020 жылдың 27 қыркүйегіндегі үкімімен аталған азаматша ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігінің 12-тармағы (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.


***


Ертеңнен бастап Air Astana Түркия, БАӘ, Украинаға ұшатын әуе рейстерін қысқартады. Осылайша, Ыстамбұлға ұшудың апталық жиілігі 16-дан 12-ге, Дубайға – 12-ден 8-ге, Киевке – 3-тен 1-ге, Франкфуртқа – 6-дан 4 рейске дейін төмендейді. Әуе компаниясы Шарм-Эль-Шейх пен Мальдив аралдарына чартерлік рейстер жасамақ. Ішкі рейстер кестесі өзгеріссіз қалады.


Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.









Comments 
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Шымкентте баласын сатқан ана сотталды

Шымкентте баласын сатқан ана сотталды

Qazaq Radiolary