DiscoverЖаңалықтарҚазақстандық автотасымалдаушылар 9 айда 10 млн 800 мың тонна жүк тасымалдады
Қазақстандық автотасымалдаушылар 9 айда 10 млн 800 мың тонна жүк тасымалдады

Қазақстандық автотасымалдаушылар 9 айда 10 млн 800 мың тонна жүк тасымалдады

Update: 2020-10-15
Share

Description

Петропавлда көмекке мұқтаж 4875 отбасы Елбасының тапсырмасынан кейін 50 мың теңгеден жәрдемақы алды. «Nur Otan» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, петропавлдықтарға қаржы «Birgemiz» қорынан аударылған. Жәрдемақы тұрмысы нашар, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілді. Ол үшін ешқайда барудың, арыз жазудың қажеті жоқ. Көмек алушылардың тізімін жергілікті әкімдік әзірледі.


*****


«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы «Ел аманаты» атты жалпыұлттық сауалнама жүргізуде. Ол туралы партия төрағасының орынбасары Төлеутай Рақымбеков мәлім етті. «Бұл жобаның мақсаты – азаматтарымызды, жалпы қоғамды толғандыратын маңызды мәселелерді анықтау. Әр сала бойынша шешілуі тиіс түйіткілді мәселелер жеткілікті. Біз солардың арасынан ең маңызды деген 15 мәселені сауалнамаға енгіздік», – деді Төлеутай Рақымбеков. Оның айтуынша, сауалнамада денсаулық, білім беру, жер, халықтың әлеуетін көтеру және тағы басқа салалар қамтылған. Сауалнамаға барлық қазақстандық қатыса алады. 24 қыркүйекте басталған жалпыұлттық сауалнама 25 қазан күні аяқталады.


*****


Қазақстандық автотасымалдаушылар биылғы 9 айда халықаралық бағыттарда 10 млн. 800 мың тонна жүк тасымалдады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 процентке көп. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, есепті кезеңде жүк экспорты – 4 млн тонна, импорт – 6,8 млн тонна болып, 905 мың тонна транзиттік жүк тасымалданды. Ел аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында Үкімет қабылдаған карантиндік шаралардан ішкі жолаушылар айналымы екі есе азайып, автомобильмен ішкі жүк тасымалы көлемі 8 пайызға төмендеді.


*****


Шығыс Қазақстан облысында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында 120-дан астам құқық бұзушылық анықталған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған жедел алдын алу шарасы өңірде 12 қазанда басталған. «Құқық бұзушылықтың 69-ы аң аулау, 34-і балық аулау ережелерін бұзуға қатысты болса, 3 адам ағашты заңсыз кескені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, «Браконьер» жедел алдын алу шарасы 11 қарашаға дейін болады.


Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.









Comments 
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Қазақстандық автотасымалдаушылар 9 айда 10 млн 800 мың тонна жүк тасымалдады

Қазақстандық автотасымалдаушылар 9 айда 10 млн 800 мың тонна жүк тасымалдады

Qazaq Radiolary