DiscoverЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Update: 2020-10-22
Share

Description

Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және т.б. мәселелер қарастырылды.


Президент көмекшісі Ерлан Карин Ұлттық Кеңестің бұған дейінгі отырысында айтылған бастамалар шешімін тапқанын айтты.


***


Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 716 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, олардың арасында 177 бала бар. Стационарларда 2 118 науқас жатыр. 598 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы пациенттердің арасында 101 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 15 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


***


Петропавл халықаралық әуежайы қызметкерлері бірнеше айдан бері еңбекақысыз отыр. Олардың алашағы 24 млн теңгеге жуықтады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы қызметкерлер онлайн түрде өткен өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қоғамдық қабылдауына қатысты. «Екі айдың ішінде әуежай банкрот деп танылу үшін арнайы процедурадан өтуі тиіс. Компания «Солтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының балансына өтеді. Яғни, мемлекет* меншігіне алады. Келесі жылдың бюджетіне әуежайды ұстауға қажетті қаражат енгізілді. Барлық шығын жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Нәтижесінде бұрынғы рейстерден бөлек, жаңа бағыттар қосылмақ. Мамандардың жұмыс орны сақталады және еңбекақылары да өспек,- деді Құмар Ақсақалов.


***


Елімізде әлеуметтік төлемді рәсімдеуді ұсынатын алаяқтар пайда болды. Stopfake.kz сайтынының хабарлауынша, олар өздерін Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардан 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем алушылардың тізіміне қосу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның паролін сұраған. Алаяқтар азаматтың электрондық-цифрлық қолтаңбасына қолжеткізген соң оның дербес мәліметтерін, мүлкі туралы және т.б. ақпаратты оңай біле алады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазіргі уақытта 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемнің төленіп жатқандығы туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.


Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.









Comments 
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Под Кастер