DiscoverЖаңалықтарҚорытынды жаңалықтар 19.02.2020
Қорытынды жаңалықтар 19.02.2020

Қорытынды жаңалықтар 19.02.2020

Update: 2020-02-19
Share

Description

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Министрлер кабинетінің басшысы кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және тікелей шетелдік инвестиция тарту туралы ақпаратты ұсынды. Сонымен қатар, Асқар Мамин жүздесуде жаңа жұмыс орындарын құру, жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар, агроөнеркәсіп кешенін дамыту шаралары туралы айтты.


***


Сондай-ақ Елбасы бүгін Ұлттық банк төрағасын қабылдады. Ерболат Досаев Тұңғыш Президентке 2020 жылдың қаңтарындағы ақша-несие саясатын іске асыру барысын баян етті. Бұдан өзге Ерболат Досаев «5 әлеуметтік бастама» аясында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын айтып берді. Жүздесуде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру жайы да сөз болды.


***


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда. Кездесу барысында Президентке мемлекеттің ақпараттық саясатының тетіктерін жетілдіру, азаматтық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жастардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, сондай-ақ, диаспоралық және діни саясат бағытында жоспарланған шаралар туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылының тиімді өткізілуіне, еріктілерге қолдау көрсетудің нақты институттарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Мемлекет басшысы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға азаматтық қоғамды тартудың, «Ашық Үкімет» қағидаттарын дамытудың маңызы зор екенін айтты. Сонымен қатар Президент қазақстандық масс-медианы қолдауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.


***


Сегіз және одан да көп балалары бар отбасыға 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы тағайындалуы мүмкін. «Кейбір заңнамалық актілерге ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған депутат Гүлшара Әбдіхалықова бүгінгі Мәжіліс отырысында осылай деді.


***


Коронавирусқа байланысты карантинді бұзған азаматтар Әкімшілік құқық бұзу кодексіне сай жауапкершілікке тартылады және айыппұл төлейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді. Оның айтуынша, жағдайды жергілікті дәрігерлер мен Ішкі істер органдарының полиция қызметкерлері күн сайын қадағалап отырады. Диас Ахметшәріптің атап өтуінше, бүгін түнгі сағат 00:00-де ҚР Бас санитарының коронавирусқа қатысты арнайы қаулысы күшіне енеді.


***


Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қытайда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 72 528-ге жеткен. Оның ішінде 1 868 адам қайтыс болды. 12 552 адам жазылып шыққан.



***


Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты. Оның атап өтуінше, оқиғаға байланысты 100-ден аса адамнан жауап алынған. «Процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық қажетті процессуалдық дәлелдерді алған соң кінәлілер жауапкершілікке тартылады», – деді Марат Қожаев.



***


Елордада Концерттік-гастрольдік қызмет бойынша мемлекеттік концерттік ұйымдардың республикалық орталығы ашылды. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының» директоры Жеңіс Сейдоллаұлының айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігі бұл орталықты өнер ұжымдарының республикалық және халықаралық гастрольдерін жоғары дәрежеде жүзеге асыру, сапалы концерттік іс-шараларды еліміздің барлық өңірде, оның ішінде шалғай жатқан аудандар және ауылдық мекендерге қолжетімді ету мақсатында құрып отыр.

Comments 
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
1.0x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Қорытынды жаңалықтар 19.02.2020

Қорытынды жаңалықтар 19.02.2020

«Қазақ радиолары» ЖШС Жаңалықтар қызметі