DiscoverЖаңалықтарҰлыбритания астанасында карантин қатаңдатылды
Ұлыбритания астанасында карантин қатаңдатылды

Ұлыбритания астанасында карантин қатаңдатылды

Update: 2020-10-16
Share

Description

Ақмола облысында жол апатынан мерт болған полиция қызметкерлерінің әрқайсының отбасына 11 миллион теңге көлемінде көмек беріледі. Қазіргі кезде екі полиция қызметкерінің өліміне әкеп соқтырған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған санкция бойынша күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Еске сала кетейік, кеше, 15 қазанда Щучье қаласында екі полицей жол апатынан қаза тапты. Lexus NX20 машинасы қызмет бабында жүрген учаскелік полицейлердің Lada-21214 көлігін үлкен жылдамдықпен келіп соққан. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мерт болған полицейлердің отбасына көңіл айтты.


***


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ауылдарға интернет тарту жұмысы жайында баяндады. «Қазіргі кезде бірінші кезектегі міндет – халықты интернетпен қамту. Бүгінде 6 459 елді мекеннің ішінде 118 қала мен 4 558 ауыл әртүрлі технологиялар бойынша интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін 5 331 елді мекенді интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Телеком операторларымен бірігіп, интернет желісін дамыту үшін елімізде екі ауқымды жоба іске асырылуда. Бірінші жоба – бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы оптикалық интернетті шалғайдағы ауылдарға тарту», – деді министр цифрландыру тақырыбы бойынша Сенатта өтіп жатқан Үкімет сағатында.


***


Өткен түні елорда әуежайына шетелден 5 ұшақ келіп қонды. Халықаралық рейстерді «Air Astana», «Turkish Airlines» және «Flydubai» әуе компаниялары орындаған. Елге келген жолаушылардың жалпы саны – 573. Басым бөлігінде ПТР-тест анықтамасы бар және нәтижелері теріс. «Сондықтан үйлеріне қайтарылды», – дейді әуежай өкілдері. Ал 132 жолаушы карантиндік стационарға жіберілген. Олардан алдағы уақытта тест сынамалары алынуы тиіс. Сондай-ақ бүгін, 4 жолаушы ПТР анықтамаларының мерзімі өтіп кетуіне байланысты елдеріне кері депортацияланды.


***


Американың Флорида штатындағы Форт-Лодердейл қаласында тұрған кеменің бортында болған бірқатар жарылыстардан кем дегенде 13 адамды күйік шалған. Бұл туралы ҚазАқпарат CNN телекомпаниясына сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға Нью-Ривер өзенінде болған. Келеңсіз жағдайдың себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.


***


Ұлыбритания астанасында коронавирусты жұқтырғандар санының өсуіне байланысты карантин қатаңдатылды. Бүгіннен бастап Лондонда шектеудің екінші деңгейі енгізілді. Жаңа тәртіпке сай бір үйде тұрмайтын адамдардың кездесуіне тыйым салынады. Ал көшеде 6 адамнан артық жиналуға болмайды. Билік қоғамдық көліктердің орнына велосипед, электросамокатты пайдалануға кеңес береді. Және қажеттілік болмаса алыс сапарға аттанудан бас тартуға шақырды. Айта кетейік, Ұлыбританияда коронавирусты жұқтырғандар саны 640 мыңнан асқан.


Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.









Comments 
In Channel
loading
Download from Google Play
Download from App Store
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Ұлыбритания астанасында карантин қатаңдатылды

Ұлыбритания астанасында карантин қатаңдатылды

Qazaq Radiolary