DiscoverСен де бір кірпіш дүниеге...
Сен де бір кірпіш дүниеге...
Claim Ownership

Сен де бір кірпіш дүниеге...

Author: Құндыз Мұханғали

Subscribed: 8Played: 44
Share

Description

Сен жақында мектеп бітіресің немесе қазір универдің алғашқы курсында оқып жатырсың. Сені осы сұрақтар толғандыруы мүмкін: "Жоғарғы оқу орнында қандай қиындықтар болады?", "Мамандықты қалай дұрыс таңдаған жөн?," "Студенттік өмірді қалайша пайдалы өткізуге болады?"
Біздің подкаст кейіпкерлермен бірге осы сұрақтарға жауап іздейтін болады.

Подкаст авторлары - Құндыз және Елена. Кері байланыс үшін біздің Instagram парақшамызға жазыл: @sendebir.qirpish
10 Episodes
Reverse
Сәлеем, достар! Экология мәселелеріне бей-жай қарамайтын және осы салада еңбек еткісі келетін жастарға тағы да бір эпизод жаздық. «Greenup.kz» және «Recycle BIRGE» жобаларының негізін қалаушылардың бірі Пакизат Сайлаубекова эконасихат, осы жолға келуі және мамандығын ауыстыруы жайлы өз тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларға, студенттерге кеңесін берді. Эпизодта қозғалған тақырыптар: · Ихтиологиядан экологияға: Пакизаттың мамандық ауыстыруы · Алматыдағы алғашқы экосенбілік. Экобелсенді деген кім? · Сүйікті істің күнделікті жұмысқа айналуы: «Recycle birge» және «Greenup.kz» кейстері · Эконасихат жүргізу және қоғаммен дұрыс коммуникация орнату · Еліміздегі экосауаттылық деңгейі қандай? · «Жаңа мамандықтар атласы»: болашақ нарыққа кімдер керек? · Идеяңды жүзеге асырып, жоба бастаудың алғышарттары Эпизодта аталды: Қазақстан-Неміс Университеті мен Досым Сәтбаевтың жеке қоры шығарған «Ертең бәрі кеш» кітабы «Жаңа мамандықтар атласы» жобасы Дисклеймер: Шығарылымдар Алматы қаласындағы Экомарафон жобасының қолдауымен жазылып жатыр. Подкаст соавторы Құндыз ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ақпарат Экомарафон жобасының, ұйымдастырушыларының ұстанымына сай келмеуі мүмкін. Бізді тыңдап, қолдайтыңыз үшін рақмет. Подкаст қосымшаларында баға беріп, өз ойыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз. Инстаграм: @sendebir.qirpish Музыка: Scott Holmes Music - Longest Year <u>https://freemusicarchive.org/music/Scott_Holmes/inspiring-background-music/longest-year</u> --- Send in a voice message: https://anchor.fm/kundyz-mukhangali/message
Сәлем! Экология тақырыбына арналған эпизодтарды жалғастырамыз😎. Бүгінгі қонағымыз туризм саласының қызметкері, әлеуметтік желіде қазақша пайдалы контент жасайтын экоблогер Базарбек Қамысбаев. Эпизодта не айтылды: Туризм неден басталады және отандық туризмді дамыту; Туризм маманы болу үшін төрт жыл оқу міндетті ме; Экофрендли өмір салты және 5R қағидасы; Қалдықты дұрыс сұрыптау: неден бастаймыз; Экоблог жүргізудің, волонтерліктің қоғамға пайдасы. Сонымен қатар: Zero waste 5R қағидасы: Refuse, Reduce, Reuse, Recycle, Rot А.Птушкиннің, Познер мен Урганттың саяхаты(Путешествия Познера и Урганта) атты видео-жобалар Б.Джонсон: «Қалдықсыз үй» кітабы(Zero waste home: the ultimate guide to simplifying your life by reducing your waste) Шығарылымдар Алматы қаласында өткізіліп жатқан Экомарафон жобасының қолдауымен жазылып жатқанын еске саламыз. Экомарафон жөнінде толығырақ ақпаратты ecovid.kz сайтынан және әлеуметтік желілерден ала аласыздар. Подкаст авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ақпарат Экомарафон жобасының, ұйымдастырушыларының ұстанымына сай келмеуі мүмкін. Тыңдап болған соң әлеуметтік желілерде өз ойыңызбен бөліссеңіз болады☺️☺️ --- Send in a voice message: https://anchor.fm/kundyz-mukhangali/message
Алматы Экомарафоны аясында орыс тілінде бірнеше эпизод жазатын боламыз. Бүгін «Тамыр» мектебінің негізін қалаушы Асель Исанова бізге Қазақстандағы ішкі туризм, тауға дұрыс шығу және дайындалу, альпинизм, волонтерлік және өзге тақырыптар жайында айтып берді. Асель Исанова - экоактивист, волонтер и основательница школы пребывания в дикой природе «Тамыр». О чем мы говорили в эпизоде: Где в Казахстане учат альпинизму; История «Тамыр» и ее миссия; Как правильно выбрать горного гида; Горный гид, экскурсовод и проводник. В чем разница; Культура пребывания в горах; Волонтерство и в чем его смысл; «Успешный успех в XXI веке». Как найти свое призвание. Хотим напомнить, что по статистике в Казахстане умирают и пропадают без вести десятки туристов в горах. Нам очень понравился слоган «Тамыр» – «Удача любит подготовку». Ребята, не ходите в горы одни и изучите базовые правила перед походом. Давайте вместе создавать осознанную и образованную страну💔 Пишите отзывы и оставляйте здесь оценки🥳 Инстаграм: @sendebir.qirpish Музыка: Scott Holmes Music - Longest Year <u>https://freemusicarchive.org/music/Scott_Holmes/inspiring-background-music/longest-year</u> --- Send in a voice message: https://anchor.fm/kundyz-mukhangali/message
Көптен күткен эпизод🥳🥳 Қоршаған орта мәселелері адамзатқа ортақ. Өйткені мұнда мен, сіз, сіздің отбасыңыз, барлығымыз бір аспан астында өмір сүреміз. Бүгіннен бастап бірнеше эпизодты Алматы қаласында өткізіліп жатқан Экомарафон жобасының қолдауымен экология тақырыптарына арнайтын боламыз. Шығарылымдарда «бұл салада кімдер қызмет етеді», «қазір елімізде қандай мәселелер алдыңғы орында» және «біз(азаматтық қоғам) бұл үшін не істей аламыз» сынды түрлі сұрақтарға жауап іздейтін боламыз. Алғашқы қонағымыз Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы, Erasmus Mundus бағдарламасының түлегі және қоршаған ортаның қорғаушысы Лаура Алмасбекқызы. Эпизодта осы тақырыптар қамтылды: Шетелдік компаниялар инженер-эколог қызметіне кімдерді алады? Экологтар қай салаларда қажет? Бүгінгі және болашақ нарыққа қажетті мамандар Мектепті бітірген соң бірден жоғарғы оқу орнына түсу міндетті ме? Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының мақсаты және жұмысы туралы «Жас эколог» бағдарламасы: түлектерді жұмысқа орналастыру Қазақстандағы алдыңғы орында тұрған экологиялық мәселелер және оны шешудегі азаматтық қоғамның рөлі Ауаны ластаушы қалдықтар: ЖЭО vs транспорт Кітаптар: Р.Фюкс «Зеленая революция: Экономический рост без ущерба для экологии»,  «Отбасы хрестоматиясының» жобасы «Ecosophy немесе киелі табиғат», M.Epstein «Making sustainability work». Инстаграм: @sendebir.qirpish Музыка: Scott Holmes Music - Longest Year <u>https://freemusicarchive.org/music/Scott_Holmes/inspiring-background-music/longest-year</u>  --- Send in a voice message: https://anchor.fm/kundyz-mukhangali/message
Жаңа кейіпкеріміз — Назарбаев Университетінің түлегі, жастарға арналған бірнеше Telegram-каналдың авторы Махаббат Боранбай. Махаббат қазіргі кезде PaperLab ғылыми-зерттеу орталығының әлеуметтанушысы және «Ұят емес» жыныстық-ағарту сайтының маркетинг және коммуникация маманы. Эпизод ұзақ болып шықты😊 Сіздерге пайдалы әрі құнды ақпарат бердік деген үміттеміз. Эпизодтағы тақырыптар: Социология нені зерттейді және Махаббат бұл салаға қалай келді; Назарбаев Университетіндегі оқу, мамандық ауыстыру, стресс және жауапкершілік; Жұмыс жасау арқылы ішкі қажеттіліктеріңді өтеу, қабілеттеріңді көрсету; «Ең басты стереотип — әр адамның өз басында»: топ компаниялар адамды қабілетіне қарай іріктейді Болашақ жұмысыңды іздеу кезінде өзіңе қандай сұрақтар қою керек? Социологиялық зерттеулердегі жергілікті ғалымдардың маңыздылығы, олардың болуы; Стипендиялық бағдарламаларға, түрлі конкурстарға тапсырарда ескеретін басты нәрсе — қоғамға үлесіңді қосу; Фэйлдардың(сәтсіздік) және көмек сұрай білудің маңызы. Эпизодта айтылған ақпарат: Конрад Адэнауер қоры, «Тайбурыл» стипендиясы, К.Маркстың «Капитал» кітабы Махаббаттың телеграм-каналдары: @youngcareer  @zapiskiseniora ⚡⚡Эпизодты тыңдасаңыздар, бізге баға керіп, өз ойларыңызбен бөліссеңіздер — бұл бізге әрі қарай жұмыс істеуге күш береді🥰 Инстаграм: @sendebir.qirpish @notes.of.m Бұл подкаст АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы Америка халқының көмегімен "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасының" аясында дайындалды. Подкаст авторлары, Құндыз және Елена, ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін. Музыка: Scott Holmes Music - Longest Year <u>https://freemusicarchive.org/music/Scott_Holmes/inspiring-background-music/longest-year</u> --- Send in a voice message: https://anchor.fm/kundyz-mukhangali/message
Кезекті эпизодта энергетика саласында қызмет атқарып жүрген Айдос Сәбитпен сұхбаттастық. Мұнда саланың қалай бөлінетіндігі, саналы таңдау мен техникалық бағыттағы университеттердің білім деңгейі, қызметке орналасу және жұмыс барысында орын алатын қиыншылықтар жайлы сөз қозғаймыз. Эпизодта қамтылған тақырыптар: Грант көбірек бөлінетін бұл салаға оқушылар саналы түрде келе ме? «Маған отбасым мұғалім бол деген» Айдостың мамандық таңдаудағы тәжірибесі. Бір топтағы студенттердің  90% өз мамандығымен жұмыс істейді. Бұл мамандықтың әсері ме әлде өмірлік қажеттілік пе? АУЭС-тегі білім жұмыс кезінде қаншалықты пайдалы болды және энергетика саласы бойынша Қазақстан ЖОО-ның деңгейі қандай? Студенттік алмасумен шетелде білім алуға берілетін мүмкіндіктер. «Энергетика саласын бітірген адам жұмыссыз қалмайды». Жұмысқа орналасу үрдісі мен кездесетін қиындықтар. ЖЭО-ның(ТЭЦ) адам денсаулығына және экология тигізетін зияны мен қаупі. Инстаграм: @sendebir.qirpish @aidossabit Бұл подкаст АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы Америка халқының көмегімен "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасының" аясында дайындалды. Подкаст авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін. Музыка: Scott Holmes Music - Longest Year <u>https://freemusicarchive.org/music/Scott_Holmes/inspiring-background-music/longest-year</u> --- Send in a voice message: https://anchor.fm/kundyz-mukhangali/message
Осы жолы біздер көпшілік жас қызығатын саланың бірі медиа жайлы сөз қозғаймыз. Қонақта жас журналист, Тұран университетінің түлегі Дастан Аққожа. Осыдан 5-6 жыл бұрын журналистикаға түскісі келетін көпшілік студенттің бір мақсаты — өзін көгілдір экраннан көру болатын. Мұнан бөлек, бұл саланы әдетте тіл өнерімен, блогерлікпен де салыстырып жатады. Эпизодта қалыптасқан стереотиптер мен түрлі пікірді ортаға салып, медианың негізгі қызметі жайлы айтатын боламыз. Тыңдап болған соң өзіңізге «Журналистикаға не үшін түскім келеді» деген сұраққа жауап іздейсіз деп үміттенеміз. Қамтылған тақырыптар: ⚡«Журналистикаға саналы түрде келгенде қоғамға және өзіме пайдалы нәрсе жасай бастадым…» ⚡Журналистердің бәрі ақын, жазушы, шығармашыл болуы керек пе? ⚡Медиадағы журналистен басқа мамандар ⚡ВВС-дегі тағылымдама ⚡Журналистика мамандығы бойынша Қазақстандағы үздік университеттер ⚡Студенттік кездегі волонтерлік, пікірсайыс, ақпараттық ұйымдардың пайдасы мен ортаның әсері ⚡Журналист болам десең, ешкімге зияның тимесін.. Эпизодта осы қорлар атап өтілді: Қазақстан жастары ақпараттық қызметі(МИСК), Фридрих Эберт атындағы қор, Еркіндік қанаты. Кітап:  М.Ильяхов, Л.Сарычева “Пиши, сокращай” Дастан атаған журналистің есімі В.Н.Листьев.  Бұл подкаст АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы Америка халқының көмегімен "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасының" аясында дайындалды. Подкаст авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін. Инстаграм: @sendebir.qirpish @dastan.zikiriya Музыка: Scott Holmes Music - Longest Year <u>https://freemusicarchive.org/music/Scott_Holmes/inspiring-background-music/longest-year</u> --- Send in a voice message: https://anchor.fm/kundyz-mukhangali/message
Бүгін үшінші эпизод⚡⚡ Қонақта маркетолог, СММ маманы, онлайн-курс продюсері, презентация дизайнері, Philip Morris компаниясының жас маманы Айкен Балғабай.  Бүгін осы тақырыптар аясында әңгімелестік: ❗СММ және маркетинг ерекшеліктері  ❗Қалай онлайн-курс продюсері атануға болады? ❗Университет бізге керек білімді бере ала ма? Оны өмірде қаншалықты қолданамыз? КБТУ мысалында ❗Mezunion қайырымдылық қоры ❗Өзіңе(фриланс) және өзгеге жұмыстанудың артықшылықтары  Бұл подкаст АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы Америка халқының көмегімен "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасының" аясында дайындалды. Подкаст авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін. Біздің әлеуметтік желідегі парақшамызға өтіп, кері байланыс жасай аласыздар. Төменде бағаңызды қойып, пікір жазсаңыздар болады;) Инстаграм: @sendebir.qirpish.duniege @ican.pptx Музыка: Scott Holmes Music - Longest Year https://freemusicarchive.org/music/Scott_Holmes/inspiring-background-music/longest-year --- Send in a voice message: https://anchor.fm/kundyz-mukhangali/message
Бізде бүгін екінші эпизод😊 Осы жолы бізге акушер-гинеколог Турекулова Әйгерім Сәкенқызы дәрігерлік жолы туралы айтып берді. Бұл қызығы мен қиындығы қатар, бірақ ең маңызды мамандықтардың бірі екені айқын. Сонымен мұнда біз: Әйгерімнің дәрігерлікке қалай келгені, университет өмірі мен оқу жүйесі жайлы Студент дәрігерлер қай кезден бастап жұмыс істейді? Қанша студент оқуын аяқтап, маман иесі атанады? Әйгерімнің ғылыммен айналыса бастауы, қоғамдағы стереотиптермен күрес Әлеуметтік желідегі жалған ақпараттың өмірімізге әсері Болашақ дәрігерлер студенттік өмірін қалай өткізеді «Қандай жағдайда да адам болып қалу...» Кітап: Р.Д.Синельников, А.Р.Рақышев «Адам анатомиясының атласы» Бұл подкаст АҚШ халықаралық даму агенттігінің қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің «Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы» аясында дайындалды. Подкаст авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін. Біздің әлеуметтік желідегі парақшамызға өтіп, кері байланыс жасай аласыздар. Төменде бағаңызды қойып, пікір жазсаңыздар болады;) Инстаграм: @sendebir.qirpish.duniege @aigerimts Музыка: Scott Holmes Music - Longest Year https://freemusicarchive.org/music/Scott_Holmes/inspiring-background-music/longest-year --- Send in a voice message: https://anchor.fm/kundyz-mukhangali/message
«Сен де - бір кірпіш дүниеге...» Біздің подкаст – мектеп бітіргелі отырған жас буынға және университетке алғаш қадам басқан жастарға арналады. Әр кейіпкер – дәл сіз сияқты бірнеше жыл бұрын терең ой мен ізденісте болған, ал қазіргі таңда бір мамандық иесі болып, еңбек нарығына аяқ басқан жас түлек. Алғашқы эпизодта «тарих» мамандығының түлегі, Key to Life және «Ыбырай» оқу орталықтарының мұғалімі, бірнеше еңбек авторы және Абай атындағы ҚазҰПУ магистранты Бағлан Мұхамбетқалиұлы. Эпизодта қамтылған тақырыптар: Тарих мамандығы түлектері қайда жұмыс істейді және жұмысқа тұру деңгейі қандай Профориентация деген не және ол не үшін керек? Мамандық таңдауда ата-анаға қарсы тұруға бола ма? ҰБТ-ға дайындықты қашан бастаймыз? ҚазҰУ-дағы білім сапасы. Тарих саласындағы үздік оқу орындар «Жетімдер үйі қалай пайда болды», «-ова мен -ева». Тарихтағы қызықты зерттеулер Студент кезде қалайша 1 миллион 800 мың теңге табуға болады? Эпизодта айтылған ақпарат: Конрад Аденауэр қоры, Е.Бекмаханов атындағы стипендия, неміс және қазақ елшілігі, «Тайбурыл», Тұңғыш Президент қоры, «Түркия бурслары», Фулбрайт бағдарламалары. Кітап: І.Есенберлин «Көшпенділер» Төменде эпизод туралы ойыңызбен бөлісіп, өз бағаңызды бере аласыз. Біз әлеуметтік желіде: Инстаграм: @sendebir.qirpish.duniege @qyr_balasy Подкаст авторлары: Құндыз Мұханғали және Елена Мынжасова Бұл подкаст АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы Америка халқының көмегімен "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасының" аясында дайындалды. Подкаст авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін. Музыка: Scott Holmes Music - Longest Year <u>https://freemusicarchive.org/music/Scott_Holmes/inspiring-background-music/longest-year</u> --- Send in a voice message: https://anchor.fm/kundyz-mukhangali/message
Comments 
loading
Download from Google Play
Download from App Store