Тіл кеспек жоқ

Қазақстанның тәуелсіз жаңалықтары

Зейнетақы қорынан кім және қалай ақша ала алады? Толық түсіндірме

2021 жылдан бастап Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ала алады. Яғни оны шешіп алып керек-жарағына жаратуға болады. Алайда оны барлық адам емес, зейнетақы есепшотындағы сома “жеткілікті шектен” асқандар ала алады. Бүгінгі шығарылымда осы тақырып аясында және “жеткілікті шек” деген не, ол қаражатты қайда жұмсауға болады деген тақырыпта сөз қозғайтын боламыз.

09-04
08:44

“Түкке жарамайды” Тоқаевтың жолдауындағы шын мен өтірік

Кеше Тоқаев халыққа кезекті жолдауын жолдады. Алдыңғы жолдауындағы сөздері тағы қайталанды - себебі оның көбі орындалмаған. Сонымен қатар, қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін өсіруді, зейнетақы қорындағы қаражатты алу мүмкіндігі туралы және жаңадан құрылуы керек агенттіктер туралы айтты. Бүгінгі шығарылымда осы тақыптар аясында және оның жолдау барысында айтқан сөздері қаншалықты рас екендігі туралы сөз қозғайтын боламыз.

09-02
09:34

Тоқаевтың жолдауы: уәделерін неге орындамайды? Және жаңа оқу жылы туралы

1 қыркүйек — маңызды күн. Біріншіден, жаңа оқу жылы басталса, екінші маңызды нәрсе — Тоқаевтың кезекті жолдауы. Президенттің не айтары белгісіз, алайда бір жыл бұрын не нәрсеге уәде бергенін еске түсіретін кез келді. Жалпы 50 уәде берген, біз ең маңыздыларын таңдап алдық. Одан баска көп оқушының қажет техникаға қолжетімсізділігі әрі білім саласының дайындығы қынжылтады. Ал шенеуніктер болса “мұқтаж отбасыларды қамтамасыз етеміз” деп құр деректер келтіруде. Дәл қазір ата-ананы балам техникасыз,интернетсіз қалай оқиды деген сұрақ әлі де мазалайды. Ал президент жыл сайынғы жолдауын айтады. Бұл жолы не айтары белгісіз, алайда бұл уақытқа дейін жолдауында айтқан уәделері орындалып-орынлалмағанын шолып өтуді жөн көрдік. Бүгінгі шығарылымда мектептерде оқу қалай өтеді, сондай-ақ уәде етілген техниканың беріліп-берілмегендігі және Тоқаевтың уәделері туралы сөз қозғайтын боламыз.

08-31
12:27

"Аллаһ жаныңа паралич берсін". Nur Otan депутаты журналистермен қалай сөйлеседі

Депутаттар таң қалдырудан жалықпайды. Nur Otan депутаты Бекболат Тілеуханның “намаз оқығанда қарғайтын адамдар тізімі” бар екен. Ол тізімде қызметтестері емес, өзіне сын айтушы қарапайым адамдар. Мысалы “пандемия кезінде халыққа көмектеспеді, оралманарға қол ұшын созбады” деп пост арнаған журналист Серік Боқанды қара тізіміне қосып, кешірім сұратты. Бүгінгі шығарылымда сол туралы, шағын және орта бизнестің Тоқаевқа үндеуі және вакцина туралы сөз қозғайтын боламыз.

08-25
10:16

Айсұлтанның өлімі мен Лукашенко жүйесінің қирауы

Кеше Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды деп хабарланды. Оған да отбасының барлық мүшесіне секілді үлкен мансап пен жоғары лауазым дайын тұрған болатын. Алайда ол отбасылық жанжалдарға тап болып, өз отбасының тұтқынына айналды. Әсіресе соңғы жылдары ерекше белсенді болып, отбасында көп дау тудырды: есірткіге тәуелді екенін айтқан уақыттан бастап, Назарбаевтың немересі емес, ұлымын деп астарлап айтқанынан өз отбасының жауына айналды. Бүгінгі шығарылымда Назарбаевтар отбасының осы бір түсініксіз тұсы мен Беларусьтегі жағдайдың оған не қатысы бар екені туралы сөз қозғайтын боламыз.

08-17
09:56

Бізге Ресейдің вакцинасын салуды міндеттеуі мүмкін бе?

Дәл қазір әлем бойынша барлығы вакцина шығару мәселесімен бас қатыруда. Қызығы, Ресей алғашқы болып оны шығарып, тіркеп үлгерді. Әлем ғалымдары былай тез вакцинаны шығару оның сапасына күдік тудырады десе, Қазақстан  Ресей вакцинасын алуға қызығушылық білдірді. Бүгінгі шығарылымда осы туралы және өзіміздің екпе өндірушілер мен Қазақстанда міндетті вакцинация болуы мүмкін бе деген сұрақтарға жауап іздейтін боламыз.

08-14
07:04

Сәтпаевтағы тәртіпсіздіктер. Цойдың жоспары мен зейнетақы қорынан ақша алуға тыйым

Кеше түнде Сәтпаев тұрғындары көшеге шықты. Олар 5 жасар қызды ұрлап, зорлады деген күдіктіні жазаламақ болды.  Күдікті қамауға алынған. Алайда жергілікті тұрғындар қылмыскерді өздеріне тапсыруды талап етіп жатыр. Одан басқа, дүниежүзілік банк болашақта Қазақстан экономикасының жағдайы қалай болатыны туралы жаңа болжам жариялады. Ресми мәліметтерге сәйкес 800 мыңнан астам қазақстандық кедейлікке тап болады. Бүгінгі шығарылымда Сәтпаевтегі жағдай, Денсаулық сақтау министрлігінің ойлап тапқан жаңа айласы, жәрдемақы ретінде зейнетақы қорынан қаражат алу ұсынысы және 2 апталық каранттиннің нәтижесі мен алдағы уақытта карантиннің қалай болатыны туралы сөз қозғайтын боламыз.

07-24
12:30

Миллион адамға тамаққа 5 мың теңгеден, тегін тесттер мен әскерге күштеп әкету

Елде көктемдік әскерге шақыру мерзімі маусым айында бітуі керек еді. Алайда пандемияның әсерінен қабылдау тамыз айына дейін созылды. Бұл арада әскер мен азаматтар арасында түсініспеушіліктер болып жатыр. Бүгінгі шығарылымда сол туралы, қызметінен босатылған шенеуніктер мен тегін ПТР тест туралы сөз қозғайтын боламыз.

07-21
09:53

Жүйелі көзбояушылық. 10 ел қатарындамыз. Заңсыз айыппұлдар, 42500 бен Тоқаевтың "қорқытулары".

Қазақстан коронавирус жұқтырғандар санымен әлем бойынша алғашқы 30 елдің қатарына енді. Әрі елде пневмония мен коронавирус статистикасы біріктірілетін болды. Бүгінгі шығарылымда осы тақырыптар аясында және маскасыз жүргендерге айыппұл мен 42 500 теңгенің тағайындалу тәртібі туралы сөз қозғайтын боламыз.

07-19
11:14

42 500 теңге кімге қалай төленеді және Umytpa.kz сайты туралы

Umytpa.kz сайтына кіріп, коронавирус/пневмониядан қайтыс болған туысыңызды/досыңызды/танысыңызды тізімге енгізіңіз. Ешкім ұмтылмасынТүсірілімнен кейін еңбек министрлігі 42500 теңге кіріс жоғалтқандарға әлеуметтік төлемдерді берудің алдын-ала механизмін жариялады. Жалпы алғанда, бәрі төтенше жағдай кезіндегідей болады.- Жұмысшылардың өтініштерін жұмыс берушілер береді. Әлеуметтік төлемдер тексерілмейді, бірақ учаскелік штаб компанияның қызметкерлерді расымен ақысыз демалысқа жіберген-жібермегендігін анықтай алады;- ИП, яғни жеке кәсіпкерлер өтінімді өздері береді. Олардың әлеуметтік төлемдері тексерілмейді, бірақ аудандық штабта тексеру болуы мүмкін; - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін ЕСП төлеудің қажеті жоқ; - Төлемді бұрын алған адамдарға өтінішті қайта берудің қажеті жоқ.Өтінімдер 17 шілдеде қабылданып бастап, ал төлемдер 20 шілдеде тағайындала бастайды. Өтінішті 42500.enbek.kz порталында, eGov және Telegram-боттарында жіберуге болады. Сондай-ақ, өтініштерді Kaspi Bank және Halyk Bank арқылы беруге де болады.

07-14
11:19

"Меннен басқасының бәрі кінәлі". Тоқаев басқа не деді?

Кеше үкіметтің кеңейтілген отырысы болды. Тоқаев өзінен басқаның барлығын қатаң сынға алды. Бүгінгі шығарылымда отырыста көтерілген негізгі мәселелер туралы, СК-фармация және пневмонияның күрт өршуі туралы сөз қозғайтын боламыз.

07-11
10:32

Димаштың саналы ойы туралы, “жұлдыздар” паранойясы және аза тұту күні

Әлеуметтік желілерде өзінің керітартпа ойын айтып, халыққа не болса соны дұрыс деп үгіттейтіндер көбейді. Сондай адамдардың жауапсыздығы кесірінен ел ішінде коронавирусқа сенбейтіндер көбейді. Бүгінгі шығарылымда “жұлдыздардың” аудиториясы алдындағы жауапсыздығы туралы, және Димаш Құдайбергеновтің алдағы карьерасы туралы сөз қозғайтын боламыз. Одан басқа Тоқаевтың кешегі елге жолдауына да қысқаша шолу жасайтын боламыз.

07-09
08:32

Адамдар қырылып жатқанда, Назарбаевтың отшашуы мен Шымкенттегі пикет

Кеше Астана күні және Назарбаевың туған күні атап өтілді. Сонымен қатар, азаматтық белсенділер бұл күнді “Covid-19-дан қаза болғандарды еске алу күн” деп жариялады. Бүгінгі шығарылымда сол туралы және туған күндегі сөз бостандығын шектеу туралы сөз қозғайтын боламыз.

07-07
07:16

42 500 теңге төленбейтін жаңа “карантин” не үшін керек?

Тоқаев 5 шілдеден бастап 14 күндік карантин болатынын айтты. Еске салайық, бұл апта басында жаңа денсаулық министрі Алексей Цойдың коронавирусқа қарсы ұсынған екінші сценарийі. үгінгі шығарылымда 2 апталық карантин туралы,негізгі ережелер, неге бұл жолы 42500 теңге төленбейтіні мен онлайн өтетін Астана туған күні туралы сөз қозғайтын боламыз.

07-03
10:39

Жаңа карантин бастала ма? Шілде-тамызда не болады?

Кеше кеңесте Тоқаев алда карантиннің қатаң режимі қайта орнайды деді. Алайда оның қанша уақытқа созылатыны, халыққа қаржылай көмек бола ма деген сұрақтар жауапсыз қалды. Бүгінгі шығарылымда карантин туралы және Тоқаевтың айтқан негізгі мәселелері мен Цойдың ұсынысы туралы сөз қозғаймыз.Баршаңызға сәлем, сіздермен Тіл кеспек жоқ – Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас және оның жүргізушісі мен, журналист Әсем Жапишева.  Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 40 мыңға жақындады, ал кеше кеңесте Тоқаев алда карантиннің қатаң режимі қайта орнайды деді. Алайда оның қанша уақытқа созылатыны, халыққа қаржылай көмек бола ма деген сұрақтар жауапсыз қалды. Бүгінгі шығарылымда карантин туралы және Тоқаевтың айтқан негізгі мәселелері мен жаңа денсаулық министрі Алексей Цойдың ұсынысы туралы сөз қозғаймыз.Бірақ, бастамас бұрын сізден осы каналға жазылып, видеоға лайк басып, бөлісіп, міндетті түрде пікір қалдыруыңызды сұраймын.

06-30
05:38

Беларусьте наразылық басталды, Путин СССР туралы сөйлеуде. Неге Қазақстан назарынан бұл тыс қалмау керек.

Әдетте мен басқа елдерде болып жатқан жаңалықтарға онша көңіл бөлмеуге тырысам, бірақ кей кездері ол жаңалықтардың біздің елге тікелей немесе жанама қатысы бар. Мысалы, дәл Қазақстан сияқты 30 жылдан бері ұйықтап жатқан Беларусь елінде 9 тамызда болатын президент сайлауының алдында наразылық акциялары мен митингілер өтуде. Екінші жағынан жақында ғана Путин арнайы сұхбат беріп, бұрыңғы Кеңес одағының құрамындағы мемлекеттер Ресейдің біраз жерін жымқырды деген болатын. Украина Ресей ықпалынан шығуға әрекет жасағанынан кейін, Қырымнан айырылды. Қазір Беларусьтегі жағдайдан кейін, Ресейдің қалай әрекет ететіні біз үшін де белгі болмақ. Одан басқа, Тоқаевтың ЕАЭС отырысында Ресейге ашық көрсеткен наразылығы тағы бар.Дегенмен, кеше ғана Мәскеуде өткен Жеңіс күніне арналған шеруде Тоқаев Путиннің дәл қасында отырды. Сонымен Ресейдің қол астынан шығу мүмкін бе және оның бағасы қандай?

06-25
11:57

Назарбаевтар билеп, Ильяшев шықты. Басты жаңалықтар

Дариға Сенат төрағасынан шығарылғанынан кейін, қайда жоғалып кетті деп уайымдам жүрсек, яхтадан табылды. Уайым-қайғы, карантин, коронавирус жоқ, билеп жүр. Дариғаға день победы болғанымен, ел үшін жеңіс күні әлі алыстау сияқты. Карантин бар, коронавирус бар, қазақстандықтардың өзін өзі емдеуге көшкені тағы бар. Осылардың барлығы және Әлнұр Ильяшевтің кеше түрмеден шығарылуы бүгінгі шығарылымда. 

06-23
08:30

Алматы облысындағы "ұлтаралық қақтығыс" неге мемлекеттің кінәсі

Бір аптадан бері әлеуметтік желілерде ұйғыр ауданында болып жатқан қақтығыстар туралы қорқынышты видеолар тарауда.Бейнелерде әскерилер Алматы облысындағы Ұйғыр ауданын қоршауға алып жатыр. Әдеттегідей билік ол туралы тіс жарып, ешқандай ақпаратты тараптағандықтан, елде өсек тарап, неше түрлі әңгімелер айтылды. Бүгін ақыры ресми ақпарат пайда болып, онда Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында он адам қатысқан қақтығыс шығып, бес адам пышақталды деген ақпарат айтылды. Облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Азаттыққа берген ақпаратында кикілжіңнің қазақ және этникалық ұйғыр жастары арасында болғанын растады. Алайда аудан ақсақалдары мәселені ұлтаралық қақтығыс емес, бұзақылық деп қабылдауды сұраған.Ресми түрде қақтығыс себебі – жол үстіндегі көлік жүргізушілердің түсінбеушілігі, бірақ Qazaq Times журналистері оқиғаның себебі басқада деп отыр. Одан басқа, бүгін Алматы облысы әкімшілігі Ұйғыр ауданы деген атау да өзгеруі мүмкін деген хабар шығарды.Сонымен Алматы облысында не болып жатыр? 

06-18
11:05

Аштық қорқынышты ма, әлде коронавирус па? Не істеуіміз керек?

Осыдан бірнеше күн бұрын анам қоңырау шалды. Даусы дірілдеп, біртүрлі, аянышты естілді. Біздің бір алыс нағашыларымыз коронавирустан көз жұмғанын айтты. Бұл менің жанұямдағы осы індеттен екінші өлім. Пандемия басталғалы бері, анам коронавирусқа онша сенбейтін, менің қақсап айтқанымды онша тыңдамайтын, ал енді сенгендей болды. Сіздің көзіңізге бұл ауру онша көрінбеуі мүмкін, сіз де оған онша сенбей, коронавирус туралы жаңалықтардан жалыққан боларсыз. Бірақ ойланып көріңізші, егер әлемдегі барлық үкіметтер, барлық елдер карантинге жабылып, экономикаларын сонша ауыр жағдайға қойып жатса, онда оның шынында да себебі бар шығар? Коронавирус біткен жоқ және бітпейді де. Біздің елде соңғы күндері аурулардың саны күн санап қорқынышты қарқынмен өсуде. Денсаулық министрі Біртанов коронавирус жұқтырып, премьер-министр Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев карантинде. Тек өткен тәуліктің өзінде ғана 800 астам ауру анықталып, бір апта ішінде 21 Қазақстан азаматы көз жұмды - бұл рекорд. Ал ең қиыны, өткен аптада Біртанов айтқандай біз бай ел емеспіз, Еуропа елдері сияқты карантинді ұзақ ұстай алмаймыз. Біздің қанша уақытымыз бар? Және Қазақстанның жағдайы туралы сарапшылар не деп жатыр? Осы туралы әңгімелесетін боламыз.

06-15
08:07

Қазақстан Ефремовтің ісінен не үйрене алады? Және Төлесова мен Сағынтаев туралы.

Алматы мен Астанада кәсіпорындарды қайтадан жаба бастады, полицейдің бас киімін қағып құлатты деп айып тағылған Әсия Төлесова тергеу барысы жүргенше он тәулікке жабылды, халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдына түнеген көп балалы аналарды полиция алып кетті, екі әріптесін қағып өлтірген мас полицей авариядан бірнеше күн бұрын жұмыстан шыққаны белгілі болды, бес жылға сотталған Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босап шықты, ал Сағынтаев, Тұрғымбаев, Біртановтар бөлінген ақшаны игере алмаған. Бұл дәл қазір болып жатқан Қазақстан жаңалықтары және осылар туралы бүгін сөйлесетін боламыз.

06-11
08:49

Recommend Channels