Әдебиет әлемі

Хабарда Қазақстандағы қаламгерлердің болмыс бітімі мен кескін келбеті, сондай- ақ, шығармаларының ойлы тұстары дәріптеледі. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймай солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез құлқына, тұрмыс- тіршілігіне ықпал етеді.<br /> Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Айнұр Шамшеитова<br /> Радиоарна: Қазақ радиосы.<br /> Эфирге шығу уақыты: әр сəрсенбі, сағат 15:00.

Бүгін – жазушы Роза Мұқанованың туған күні

Осыған орай «Әдебиет әлемі» хабарының кезекті санын жазушының шығармашылығы мен өмірдерегіне арналды. Толық ақпарат «Әдебиет әлемі» хабарының аудионұсқасында. Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейтова.

10-14
15:00

Өмірім қазағымның көз алдында

«Әдебиет әлемі» хабарының осы санында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлытау ауданының құрметті азаматы Жүрсін Ерман ақынның өмірдерегі мен шығармашылығы жайлы сөз еттік. Жүрсін Ерманның аты аталса, алдымен «айтыс» еске түседі. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы биден» келе жатқан сөз өнеріне Кеңес дәуірінде тұсау салынып жатқан тұста Жүрсін ақынның келуімен айтыс өнері кең тыныстап, […]

02-12
18:39

Жангелді Немеребаевтың шығармашылы

«Əдебиет əлемі» хабарының кезекті саны Сүйінбай атындағы Алматы обылыстық филармониясының музыкалық редакторы, ақын Жангелді Немеребаевтың шығарманылығы мен өмірдерегіне арналды. Алматы, Талдықорған, Үшарал қалаларында жеке шығармашылық кештері өткен. Жырлары Республикалық басылымдарда жарық көрген. Әндері Қазақ радиосының «Алтын қорына» қабылданған. Еңбек жолын Алакөл ауданы Екпінді ауылында Мәлгәждар Әубәкіров атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған. Үшарал […]

02-10
15:06

Ақын Дәулеткерей Кәпұлының өмірі мен шығармашылығы

Дәулеткерей Кәпұлы қаймағы бұзылмаған көшпелі қазақтың салт-санасын бойына сіңіріп өскен. Ұяда алған тәлім-тәрбиесін ғұмыр жолына өмірлік серік еткен қаламгер. Алты алашқа айтыс өнері арқылы танылып, әдебиет әлемінде өз орнын қалыптастыра білген, халықаралық әдеби додалардың жеңімпазы.

02-05
18:07

Ақын Ықылас Ожайұлының шығармашылығы мен өмірдерегіне арналады

Ұлт болашағына күйінген қаламгер болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Шәкірттеріне "адам бол, өнер үйрен" деп талап қоятын ұлағатты ұстаз Ықылас Ожайұлының қаламгерлік жолдағы адалдығы көпке үлгі. Сөзді тудыру, алдыңдағы параққа іштегі тұнған ойды дәлме-дәл түсіру көптің қолынан келе бермейді.

01-29
19:28

Recommend Channels