Өмірім қазағымның көз алдында
Description
«Әдебиет әлемі» хабарының осы санында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлытау ауданының құрметті азаматы Жүрсін Ерман ақынның өмірдерегі мен шығармашылығы жайлы сөз еттік.
Жүрсін Ерманның аты аталса, алдымен «айтыс» еске түседі. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы биден» келе жатқан сөз өнеріне Кеңес дәуірінде тұсау салынып жатқан тұста Жүрсін ақынның келуімен айтыс өнері кең тыныстап, бағы ашылды.
Республиканың түкпір-түкпірінен азулы ақындарды шақырып, айтыс додасына қосып, небір айтыстарды ұйымдастырған. Оған дейін Қазақстанда үлкен ауқымдағы айтыстар болмаған. Манат Көкенов, Әселхан Қалыбекова, Қонысбай Әбілов сынды ақындарға Қазақстанның халық ақыны деген мемлекеттік деңгейдегі атақты алып берген бірден бір қайраткер ақын.
Жалпы, ақынның есімін естігенде елең етпейтін жан жоқ шығар. Әсіресе, «өлең» десе, өре түрегеліп, «айтыс» десе, арқаланбай қалмайтын қазақ баласы Жүрсін ақынын жүрегімен қабылдайтыны хақ.
Жүрек түкпіріне тілектің аяулысын құндақтаған радио ұжымы Жүрсін Ерман ақынға бар жықсылықты тілеп,
өмірі ҚЫЗҒАЛДАҚ,
көңілі ДАРХАН болып,
еліне АРДАҚТЫ,
отбасында БАҚЫТТЫ,
халық өнерінің қамын ойлап, халқының алдында ЖҮРСІН деген тілегімізді айтамыз.
Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының Төрағасы Жүрсін Ерман ақынның өмірдерегі жайлы хабардың толық нұсқасын аудионұсқадан тыңдай аласыздар.