Бақыт Данабек хоббиін кәсіби жұмысқа айналдырғаны туралы хикая
Description
Подкасттымыздың бірінші эпизоды жарық көрді 🥳
Жабдықты алуға, онымен танысып тестілеуге біраз уақыт кетті.
Сонымен бірге қазақ тілді спикерді табуға да ерекше тырыстық.
Өйткені ана тілімізде пайдалы да өзекті контент жасауды өте маңызды деп көреміз.
Әсіресе тауға балайнысты әлі болмаған бірақ қызықты тақырыптарды талқылау керектігін байқаймыз.
Бүгінгі эпизодтың қонағы Бақыт Данабеков. Ол Алматы қаласының тұрғыны, Тұйық-су альплагердің және Қазақстандық Тау клубының нұсқаушысы. Сонымен қатар Алматы қаласының Құтқару Қызметінде құтқарушы болып істейді.
Бақыт хоббиін тауда кәсіби жұмысқа айналдырғаны туралы баяндады.
Тауда төтенше жағдайда ортақ диспечерге 109 нөмері арқылы хабарласу керек екенін мен сияқты білмесеңдер, осы эпизодты тыңдау артық болмас.
p.s. Подкастты жазу барысында жаңбырдың тамшыларының шуы жазылып қалды. Ауа райының кедергісіне қарамастан уақыт тез өтіп әңгіме қызық болды. Сізге де ұнайды деп сенеміз.
Байланыста болған Меруерт Құттыбайқызы )
Бақыттың ИГ парақшасы https://www.instagram.com/bakhyt_danabekov/
Алматы қаласы Құтқару қызметінің ресми парақшасы https://www.instagram.com/109_almaty/
Пікірлеріңіз үшін подкасттың парақшасына жазылыңыздар https://www.instagram.com/ala.tau.podcast/
Time codes for episode:
00:01:10 тауға қалай құмар болды
00:02:00 студенттік өмір, альпинизмен қалай шұғылданды
00:03:03 неге 4 жыл тауға бармады
00:04:55 құтқарушы болғаны туралы
00:06:30 downshifter болып қалай өзін ең бақытты адам боп сезді
00:07:24 құтқарушы күнделікті қызметінде не істейді?
00:08:19 тауға баратын адам саны неге өзгерді?
00:10:06 кәсіби мерекені қалай тойлады
00:11:53 кеңестер: тауға бару алдында қандай қауіпсіздік шараларын жасау керек?
00:14:10 қандай ақпарат жинап, кімге хабар қалдыру маңызды
00:15:00 ортақ диспечерге 109 нөмері арқылы неге хабарласу тиіс?
00:15:30 тау гиді қандай болу керек?
00:19:59 тауда гармония мен тыныштықты сақтау
00:22:10 тауда қоқыс туралы
00:23:19 неге нұсқаушы болды
00:25:05 туризм, альпинизм мен құтқарудың байланысы
00:26:00 тауда адамдар неге амандасады?
00:27:25 альпинистер қандай адамдар?
00:28:12 Алматы қаласының альпинизм мектебі неге жоғары бағаланады
00:31:00 әкесі туралы
00:32:25 жанұясы туралы
00:33:17 үлгі тұтатын адамдар
00:35:00 үлкен қызының туған күніне дайындық, тәрбие беру туралы
00:37:10 Эверестке барғым келе ме?