DiscoverХалық үніЗейнетке шығу, несие, жалғыз басты аналар
Зейнетке шығу, несие, жалғыз басты аналар

Зейнетке шығу, несие, жалғыз басты аналар

Update: 2020-01-23
Share

Description

02:21 – Жеке кәсіпкерлер сақтандыруға қанша табысынан пайыз төлеу керек?


03:40 – Жолдасым бірінші топтағы мүгедек. 12 жылдан бері көзі көрмейді. Аяғы ауырып, жүре алмайды. Өзім де екінші топтағы мүгедекпін. Жолдасыма күтуші керек деп сұрағанбыз. Ондай берілмейді екен. Қандай кеңес айтар едіңіз?


06:08 – Жасым 53-те, зейнетке шығайын деп жүрмін. Үлкен екі бала ғана ілігіп тұр. Аралары бір-бір жастан. 1998 жылға дейін ғана есептеледі екен. Үш бала ілікпейді. Олар кішкентай. Төлем ақы қалай алынады?


08:00 Кредиттік мекемеде несиеміз бар. Үш жыл болды, банкрот болдық. Негізгі қарызды төлеуге арыз жаздық , бес баламыз бар. Бір баламыз бірінші топтағы мүгедек. Ұлттық банкке жүгіне аламын ба?


10:00 – «Картамда» кредит болған. Теледидар алғам. Сол бұғатталып қалды. Бұғатталды деген қағаз келгенде, бұғаттаудан алып тастаңыздар, ай сайын бөліп төлеуге график құрып беріңіздер деп жауап хат жазған болатынбыз. Ашып береміз деген. Төрт ай болды, әлі ашпады. Хабарлассақ телефондарын алмайды. Не істесек болады?


11:14 – Эфирге хабарласқан кісі мүгедек кісілерге күтуші керек деп айтқан еді. Ол қандай кісілер болуы керек?


12:12 – Өткен жылдың (2019) қазан айында бір жастағы балама диабет диагнозын қойған. Оны қашан мүгедектік топқа шығара аламыз? Олардың айтуы бойынша төрт айдан кейін. Сатысы бірінші топтағы деп диагноз қойды.


11:45 жасым 57-де. Зейнет жасыма жақындағанда мектепке жұмысқа орналасқан едім. Бес ай бойы жұмыс істедім. Енді мені мазмұнсыз тікелей жұмыстан шығарып жіберді. Бұл заңды ма?


17:20 – Онкология ауруымен ауырып жатқаныма үш ай болды. Алматы қаласына ешқандай жолдама бермей жатыр. Тараз қаласында «емдей алмаймыз» дейді. Қазір жүре алмай қалдым. Басқару қызметтеріне де, онкология бөліміне де хабарластым. Көмектеспей жатыр. Не істесем болады?


20:46 – 2008 жылы Халық банктен 120 мың теңге несие алып едім. Денсаулығыма байланысты 2 ай төленбей қалған еді. Бірақ қалған айдыкін төлегенмін. 2009 жылы жапқан едім. Енді қазіргі таңда Халық банктен несие алайын десем, сіз қара тізімнің ішіндесіз дейді. Сол дұрыс па?


24:04- Үй алайын деп едім. Үй иесі қайтыс болған екен. Ұл-қызы бар. Қызы сатамын деп отыр. Ал ұлы 15 жастан асқан, жоғалып кеткен. Қызынан мен алсам, атыма қалай аударсам болады. Ол қыз Ресей азаматшасы.


26:00 – Біз екі-үш жыл бұрын несие алғанбыз. Содан жолдасымыз екеумізде жұмыс істемей, несиені төлей алмағанбыз. Елбасымыздың қаулысы шығып еді ғой, содан үкімет 300 мыңнан аса ақшаны жауып берді. Қалғаны 48 мың еді. Оны төледік. Бірақ, төленді деп тізімнен алып тастайды ма десек, олар 80 мың қарызсыздар деп жатыр. Бұл қалай? Тізімнен алып тастаулары үшін қандай құжаттар тапсыру керек?


27:58 – Он жыл болды. Қайтыс болған адамның атынан қалай аударуға болады? Мұрагер қағазы жоқ болып тұр. Мен әйелімін.


29:10 – Көзден бірінші топтағы мүгедекпін. Шипажайға жолдамалар берілмей қалды. Жыл сайын болатын. Қазір «қасыңа күтуші керек» дейді.


30:05 – Көп балалы ана ретінде төрт балама жәрдемақы алдық. Бірінші айда қатты қуанып едік. Бұл тек бір ай ғана ма? Әлде әр ай сайын аламыз ба?


30:40 – Мен былтыр мерзімімнен бұрын, 28-ші аптадасында босанып едім. Декрет арқылы ақыны ала алмадым. Баратын орындарға барып едім, сіз ерте босадыңыз, беру құқығы жоқ деді. Осы мәселені шеше аламын ба?


32:09 – Жалғыз басты анамын. «Жилстройға» ақша салып отырмын. Үй ала аламынба? Қанша салуым керек?


33:00 – Менің күйеуім 2003 жылы «каспи банктен» 430 мың тг. несие алып еді. Басында 41 мыңнан үш ай төлем болды. Содан көзіне жара алған. Төлемі тоқтап қалды. Қарызы 790 мыңға өскен. Біз сотқа бармасын деп айына 5 мыңнан төлеп жатырмыз. Қазір берешек қарызы 336 мың. Күйеуім бірінші топтағы мүгедек. Осы қарызға кешірім беріледі ме?


33:52 – Мен үшінші топтағы мүгедекпін. Пенсия қанша болады? Жасым 52-де.


34:12 – Банктен несие алынған. Он жылдай төленбеген. Ол қарыз колекторға өтіп кеткен. Жуырда сол кісілермен келісім жасалып, қазір қарыз төленіп жатыр. Бұйырса 2-3 айда бітеді. Енді қарыз біткесін оны өтегені туралы берешек жоқ екен. Сол колекторлық агент береді ме? Берсе тегін бе әлде қанша төлей керек?


35:34 – Жалғыз басты ана ретінде бала бір жасқа толғаннан кейін де әлеуметтік ақыға құқылымынба?


36:45 – Атаулы әлеуметтік жәрдемақыға құжаттарымды ауданға апарып едім. Бірақ бес балама бөлгенде 160 теңгеге асып кетіпті. Сол дұрыспа? Үш балам бар. Жолдасым үшінші топтағы мүгедек. Екі балам ер жеткен.


32:25 – Сіңілімнің қызы тұрмысқа шықпаған. Бірақ бала әкесінің атында. Ол кісінің статусы қандай? Жалғыз басты анаға жатады ма? Алимент алмайды, құжаттар тапсырған, бірақ жұмыссыз болғандықтан құжаттарын алып қалған. Бір жылда қаражат жиналады деген.

Comments 
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Зейнетке шығу, несие, жалғыз басты аналар

Зейнетке шығу, несие, жалғыз басты аналар

Qazaq Radiolary