DiscoverХалық үніӘлеуметтік көмек алу, КСК, ардагерлердің үй мәселесі, мұрагерлік
Әлеуметтік көмек алу, КСК, ардагерлердің үй мәселесі, мұрагерлік

Әлеуметтік көмек алу, КСК, ардагерлердің үй мәселесі, мұрагерлік

Update: 2020-01-30
Share

Description

04:40 – 2020 жылдан бастап КСК болмайды дейді. Ол қандай жаңалық? Енді үйлерді қандай орган басқарады? Қаржы мәселесін кім шешеді?


8:40 – Ақтау қаласының әлеуметтік көмек алуға қалалық әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып едім. Төрт балалы отбасымыз. Бірақ «сізге тиісті емес» деп қабылдамады. Себебі өте қарапайым әрі түсініксіз деп айтты.


10:00 – Ақпан айында жолдасым зейнетке шығуы керек еді. Ол кісі 2011 жылы инсульт алған. Екінші топтағы мүгедек. Зейнетақыға жәрдем ақы қосылады ма?


12:05 – Менің несием коллекторлық агенттікке өтіп кетті. Бірақ бәрін төлеп бітіргем, kaspi kz-тен қарасам берешегі әлі тұр. Не істеуім керек?


13:10 – Менің балам Тараз қаласында әскери бөлімде жұмыс істейді. Қазіргі таңда баламның атында апасының үйі тұр. Ол үйде ешкім тұрмайды. Келісімшарт бес жылдан кейін бітіп, баламның атынан алынады. Әскери бөлімде жасағандықтан оған үй беріледіме?


15:20 – 5-6 жыл бұрын шағын дүкен бутигін сатып алғанбыз. 1 млн. теңгеге. Бір жылдан кейін денсаулығыма байланысты дүкен жабылып қалған. Бірақ оны сатып жібергенмін. Салығы маған келіп тұрған соң, 100 мың теңге өзім төледім. Бірақ мен ешқандай пайда көрген жоқпын. Бұл дұрыспа?


18:47 – Көп балалы аналарға жәрдем ақы беріліп жатыр ғой. Төрт балалы аналарға ғана. Үш балалы аналар неге тыс қалып жатыр?


20:25 – Жолдасым Ауған соғыс ардагері. Осы күнге дейін кезекте тұрмыз. Кезегіміз қазір 125-ші болып тұрмыз. Біз ауылда тұрамыз. Жолдасымда үй жоқ. Менің атымда енемнің үйі болды. Компьютерде әлі біздің атымызда. Үйді алғанда кедергі болмайды ма?


21:28 – Мүгедектіктің екінші тобындамын. 2017 жылы бір азамат қарыз болып, сот арқылы өтетіп алғанмын. Бірақ ақша әлі бермеді. Сот атқарушылары мені жібермеген жерлері жоқ. Прокаратураға барып қайырым болмады. Ол кісі Астанаға көшіп кетіпті. Мекен-жайы ауысқан. Соны барып біліп берсін деп айтты. Оған баратын менің жағдайым жоқ. Не істесем болады?


25:58 – 60 жастан асқан жеңгем бар. Оның үйі бар еді. Осыдан 24 жыл бұрын баласы қайтыс болып, ол үй бос қалған. Қазіргі таңда немересі мұраға таласып жатыр. Көп қаражат сқрайды. Сол дұрыспа?


28:51 – Мен жол апатына түсіп, аяғым сынып, жүре алмай қалдым. Сол себепті жұмыстан шықтым. 4 балам бар. Енді маған үй керек. Алайық десек банктегілер жолдасыңыздың берешегі көп деп бермеді. Мүгедектік алайын десе де, оны да бермей жатыр. Қалай шешуге болады?


32:48 – 2005 жылы әкеміз мұра қылып балаларына бөліп кеткен. Анам қайтыс болғаннан кейін інім анамның үлесін де өзіне алып алды. Бізге айтпай. Сотқа да шағымдандым. Мен мұрасыз қалып отырмын. Бірақ құжат бойынша менде де мұрагерлікте бармын. Бірақ ала алмаймын. Сот та менің пайдама шешпеді. Не істесем болады?


36:10 – 83-тегі қариямын. Екі рет инсульт алғанмын. Екінші топтағы мүгедекпін. Қызыммен тұрамын. Қимылым жоқ. Қызым қарайды. Күтуші ретінде қызыма жәрдемақы төленеме?


38:12 – Әр баланың несібесі бар. Әр отбасыға 18 жасқа толғанға дейін шамалы болса да жәрдемақы төлеу туралы мәселе қарастырылса екен. Неге десеңіздер, себебі балабақша мен мектепке керекті құралдар біраз ақша тұрады. Жоғары билік қарастырса. Банкте тұрған үйді басқа банкке ауыстыруға болады ма?

Comments 
00:00
00:00
x

0.5x

0.8x

1.0x

1.25x

1.5x

2.0x

3.0x

Sleep Timer

Off

End of Episode

5 Minutes

10 Minutes

15 Minutes

30 Minutes

45 Minutes

60 Minutes

120 Minutes

Әлеуметтік көмек алу, КСК, ардагерлердің үй мәселесі, мұрагерлік

Әлеуметтік көмек алу, КСК, ардагерлердің үй мәселесі, мұрагерлік

Qazaq Radiolary