Гүлфайрус Ысмайылова – суретші, әнші, шебер және актриса
Description
Ұзақ ғұмырында Гүлфайрус өзін өнердің сан қырында сынап көрді, десе де түс, текстура, алуантүрлі материалдармен жұмыс оның жанын елітіп, жүрек қалауы еді. Ұзақ жылдар бойы Гүлфайрус Исмаилова опера және балет театрының сахналық кеңістігін әспеттеп, «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Аида» балет қойылымдарына декорациялар жасады. Ал әйгілі «Қыз Жібек» фильмінде көзге ерек түсетін костюмдерді өзі ойластырып, ерекше талғаммен жасауы оны баршаға танымал етті. Ал Гүлфайрустың кескіндемесі жандылығымен әрі қанықтығымен ерекшеленеді. Суретшінің көптеген картинасы жеке коллекциялар мен қазақстандық мұражайларда сақтаулы, ал ең ірі коллекциясы Қастеев атындағы өнер мұражайында тұр.
Qazaq Roses подкасты туралы толығырақ Батырхан Шөкенов атындағы қордың сайтынан, сондай-ақ Instagram, YouTube, Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымыздан таба аласыз.
Bulbul подкасттар студиясының әлеуметтік желідегі парақшалары: Instagram, телеграм-арна.
Qazaq Roses подкасты ЕА Group Holding компаниясының қолдауыман жарық көрді.