Татамидегі өмір: Азияны бағындырған тұңғыш қазақ қызы - Гүлжан Исанова
Description
"Татамидегі өмір" жобасы (аудионұсқа. Видеонұсқа Youtube) қазақстандық дзюдошылардың татамидегі өмірі жайлы баяндалады.
Жоба мақсаты - отандық дзюдошылардың жарқын жеңістері мен татами сыртындағы өмірі арқылы дзюдоны насихаттау.
Авторы - Әйгерім Тоқсанбек
Instagram - https://www.instagram.com/esilerkesy/
Facebook - https://www.facebook.com/esilerkesy
YouTube - https://www.youtube.com/channel/UCf1q9nJBwNRUwzwy8V92mxA
Жобаның алғашқы кейіпкері - Дзюдодан әйелдер арасында тұңғыш Азия чемпионы атанған Гүлжан Исанова.
Гүлжан Исанова - 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Дзюдомен 18 жасынан бастап айналысады. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері, әлем кубогі мен әлемдік Гран При кезеңінің бірнеше рет жеңімпазы, Олимпиада ойындарының қатысушысы.
Бұл подкастта дзюдодан ұлттық құрама мүшесі Елдос Жұмақанов, Гүлжан Исанованың жаттықтырушысы Шепетюк Михаил Николаевич сөз сөйлейді.