07 - Solo Scrum және әдеттерді Аджайлға сай бейімдеу
Description
Agile қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар (IT) саласындағы жобаларды басқарудағы ойлау жүйесі (Agile Mindset). 7 эпизодта Аджайл және оның түрлерін жеке өмірді жоспарлауда, әдеттерді сүйемелдеуге қажетті құрал ретінде қолдануға болатыны жайлы талқыладық.
Solo Scrum - Скрам методологиясын жеке адам ретінде қолдану әдісі.
Эпизодта келтірілген ақпарат атаулары:
Trello қосымшасы
Канбан жүйесі
Agile, Waterfall
Брюс Фейлердің Аджайлды отбасында қолдануы
“Үштік ережесі”
Демалысты, көңіл көтеруді, жалқаулықты жоспарлау
Sprint Planning
Sprint Review
Sprint Retrospective
30 күндік жақсару спринтін қолдану
Жұма күнгі рефлексияны талдау жасауға қолдану
Аджайлдың негізгі идеялары:
Адамдар және олардың бір бірімен әрекеттесуі үрдістер мен құралдардан маңызды
Істеп тұрған өнім керемет құрастырылған құжаттамадан маңызды
Тапсырыс берушімен серіктестік келісімшартты мақұлдаудан маңызды
Өзгерістерге дайындық бастапқы жоспармен жүруден маңызды
Бізді барлық подкаст платформаларынан тыңдай аласыз (14 платформада бармыз)
Тыңдаңыздар, бөлісіңіздер, баға беріп, пікір қалдырыңыздар!=)
Instagram: https://www.instagram.com/adetpodcast/ (Taplink арқылы ұнаған платформаны таңдаңыз)
Telegram: https://t.me/adetpodcast